400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ас қорыту" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алманың ағза бойынша саяхат жасауы. Өзі қызыл, тәтті алма, Шықты бір күн сапарға. Ең алдымен тап болды, «Ауыз» деген апанға. Онда азғана бөгелді, Дейсіңдер ғой не көрді? Ауыздың ішін аралап, Одан әрі жөнелді. Өзгеріп кетті түрі енді, Бөгет емес бұл енді. Жылжып еді ары қарай, Жұтқыншақ–тауға тірелді. Қарай қойшы батылын, Одан да өтті ақыры. Кірді өңеш–үңгірге Қатпар–қатпар сатылы. Сапарды ары жалғауға Орта жолда қалмауға, Тырысқан алма тап болды «Асқазан» атты орманға. Асқазанды аралап, Көрді жайлап қарап–ақ. Кездесті ішек лабиринт иір–иір ғажап–ақ. Қарасаңдар суретке Бәрін де анық көресің. «Саяхатшы–алма» сапарын Қайсысы айтып бересің?
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Алманың ағза бойынша саяхат жасауы.

Мектеп: С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі


Күні: 17.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: Қалықова Г.Е.

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақтың оқу мақсаттары

3.2.3.2 адамның ас қорыту жүйесінің маңызын сипаттау

Дағдыларды дамыту


Мақсаттарды тұжырымдау

Берілген тақырыпқа болжамдар құру

Көзделген нәтиже

Барлық оқушылар:

  • Ас қорыту үдерісі туралы айтады

  • Организмнің өсуіне қажетті қоректік заттарды атайды

Оқушылардың көпшілігі:

  • Салауатты тамақтанудың қажеттілігін түсіндіреді

  • Мұғалім әңгімесінен, оқулықтағы материалдардан, басқа ақпарат көздерінен және жеке тәжірибеден ақпарат іздейді

Кейбір оқушылар:

  • Азық-түлік өнімдері мен денсаулық арасындағы өзара байланысты анықтайды

Тілдік мақсат






Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

дұрыс тамақтану, тамақтану пирамидасы

Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тағамдардың қайсысын неғұрлым пайдалы деп есептейсің? Кейбір өнімдердің зияндығын қалай дәлелдеуге болатынын білесің бе?

Қандай ақпарат көздері өнімнің қаншалықты пайдалы немесе зиян екенін білуге көмектеседі? Өнімнің қаптамасы тағы не туралы «айтады»? Тамақ сенің көңіл күйіңді қалай бұзуы мүмкін?

Жазуға арналған сөйлемдер:

Кесте толтыру

Алдыңғы білім

Адамның ас қорыту жүйесінің тіршілік әрекеті үшін энергия алудағы маңыздылығы, тамақтың организмге қажеттілігі туралы, дұрыс тамақтану шарттары.

Жоспарланған уақыт

Жоспарлы іс-әрекет

Ресурстар

  1. І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

1 мин



ІІ.Тақырыпқа кіріспе

2 мин











ІІІ. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою

5 мин

(Ұ) Мұғалім сабақта жұмыс үшін қолайлы ахуал орнатады.

- Мен сендердің осындай сау және әдемі болып тұрғандарыңа өте қуаныштымын.

Алманың ағза бойынша саяхат жасауы.

Өзі қызыл, тәтті алма,

Шықты бір күн сапарға.

Ең алдымен тап болды,

«Ауыз» деген апанға.

Онда азғана бөгелді,

Дейсіңдер ғой не көрді?

Ауыздың ішін аралап,

Одан әрі жөнелді.

Өзгеріп кетті түрі енді,

Бөгет емес бұл енді.

Жылжып еді ары қарай,

Жұтқыншақ–тауға тірелді.

Қарай қойшы батылын,

Одан да өтті ақыры.

Кірді өңеш–үңгірге

Қатпар–қатпар сатылы.

Сапарды ары жалғауға

Орта жолда қалмауға,

Тырысқан алма тап болды

«Асқазан» атты орманға.

Асқазанды аралап,

Көрді жайлап қарап–ақ.

Кездесті ішек лабиринт иір–иір ғажап–ақ.

Қарасаңдар суретке

Бәрін де анық көресің.

«Саяхатшы–алма» сапарын

Қайсысы айтып бересің?

Сабақ тақырыбын анықтау.

(Ұ) Оқушылар сабақтың соңында дейін қол жеткізілуі тиіс мақсатты анықтайды. (Оған рефлексия кезеңінде оралады).











Слайд көрсету


Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс


29 мин





















(Ұ) Оқушылармен сұхбат. Ас қорыту макеті бойынша жұмыс.

-Саяхат қай жерден басталады?

- Ас ненің көмегімен шайналады?

- Жұтқан кезде тамақ қайда түседі?

- Ол асты әрі қарай қайда өткізеді?

- Астың қорытлуы қай жерде жүреді?

Асқорыту- бұл асты қорыту, оны ағзаның сіңіруі және адамға қажет энергияға айналуы.


(Ұ) Ойланып, жауап бер.

Адам ағзасында энергия неге жұмсалады?

«Дұрыс тамақтану» видеосын көрсету


(Т) Бір күнге арналған таңғы, түскі, кешкі ас мәзірінің тізімін жасау. Адам ағзасына пайдалы тағам түрлерінің суретін салу.


Кері байланыс: Бағдаршам


Сергіту сәті: «Би қимылы». Оқушыларды сергіту үшін би қимылы беріледі. Экранда берілген жаттығуды қайталап отырады.


(Ө) Дәптермен жұмыс.

Адамның асқорыту мүшелерін жазыңдар


(Т) Мұғалім дұрыс толыққанды тамақтанудың ережесін құруды ұсынады.

-Оқушы тамағының құрамы алуан түрлі болу тиіс;

- Жейтін тамағы жылы болу керек;

- Көгөністер мен жемістерді жеу керек;

- Күніне 3-4 рет тамақтанған дұрыс;

- Ұйықтар алдында тамақтануға болмайды;

-Тәттіні көп жеген ағзаға зиян;

- Қытырлақ нан, қытырлақ картоп және қатты газдалған тәтті сусындар жас ағзаға зиян келтіреді;













А-3 форматты қағаз, фломастерлер


VІ. Қорытындылау


4 мин



Кестені толтыру

тамақ

Жармадан жасалған

Ұннан жасалған

көгөністер

жидектер

Сүт және сүт өнімдері

Ет, балық, жұмыртқа

Таңғы ас







Түскі ас







Кешкі ас







 


















VІI. Үй тапсырмасы

1 мин


Күні бойы жеген тамақтарыңды жазып отыр. Қандай тамақ көп екенін талда: пайдалы немесе зиянды тамақ па?



VIII. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.

3 мин

(Ө) Рефлексия.

Мен бүгін ... білдім,

Мені қызықтырған ...

Білгім келеді ...

Өз ойларын стикерге жазып, «Тілек ағашына» жапсырады.




Тілек ағашы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1005
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі