400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі."

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәні бойынша өткізілген ашық сабақ жас мамандарға азды көпті көмегі тиіп қалар деген ойдамын. Бұл сабақта оқушылардың шығармашалақпен жұмыс жасауын баса назарды ұстау көзделді. Ақпараттық техникалық құралдарды мүмкіндігінше пайдалана отырып, мақсатқа жету көзделді. Сабақ барысында оқушылар тақырыпты толық аша отырып, өз білімдерін ортаға салады. Сабақта әртүрлі тапсырмалар ұйымдастыру арқылы оқушының еркін ойлау қабілетін дамыта түсу қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі.

Сабақтың мақсаты: Астың адам өміріндегі маңыздылығы, адам ағзасындағы астың қорытылып сіңуіндегі мүшелердің атқарар қызметі туралы түсінік беру. 2. Оқушының дүниетанымын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, ой-өрісін дамыту. 3. Салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, видеопроектр, слайдтар

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, СТО стратегиясы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Ой қозғау

-Адам ол кім?

-Адам жануарлардан несімен ерекшеленеді?

-Адам тірегі не?

-Адам ағзасында неше сүйек бар?

-Адамға бұлшық еттерін шынықтыру не үшін керек?

3. Үй тапсырмасын тексеру

- Үйге қандай тапсырма берілген еді?

-Өкпе. Тыныс алу гигиенасы.

-3-4 оқушыдан тізбектей сұрау

Үй тапсырмасын бекіту сүрақтары

  • Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан?

  • Тыныс алудың гигиенасын айтып көр.

  • Адам минутына қанша рет демалады?

  • Тыныс алу мен тыныс шығарудың маңызы қандай?

  • Мәне, сендердің үй тапсырмасына тиянақты дайындалғандарың байқалды. Сонымен «Адам ағзасы және оны күту» тарауынан білімізді толықтыра түспекпіз.

  • Жаңа сабақ

  • Енді назарларыңды мына ребусқа аударып, шешіп көрейік.



Шешуі Ас қорыту жолы


Ендеше Ас қорыту жолы және қорытылып сіңуі деп аталады?

-Мультфильм Ғажайыпстанға саяхат «Ас қорыту» үзінді көру

- Енді осы сұраққа жауап беріп көрейікші.

- Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғандықтан ғылыми зерттеу орталығын құрайық.Бұл орталық мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді.

1. Мақсатын айқындау

2. Бақылау әдісі

3. Теория

4. Зерттеу әдісі

5.Қорытынды

- Ал енді бүгінгі зерттеу жұмысының мақсатын айқандап алайық.

- Ас қорыту мүшелерімен танысу

- Дұрыс тамақтану жолымен танысу

Бақылау әдісі

  • Жалпы күнделікті өмірде тамақтану адам үшін қаншалықты маңызды?

  • Ас қорыту жолы қайдан басталады?

  • Ауыз қуысындағы асты шайнап ненің көмегімен ұсақтайды?
    Өз араларыңда лимонды кім жақсы көреді?

  • Лимон жегенде қандай әсерде болдың?

  • Ауызымыздан сілекей бөлінді. Бұл біздің ағзамызда ас қабылдау процессі басталғанын білдіреді.

Теория бөлімі

Енді осы күнделікті өмірде бақылаған, көрген, байқаған әрекеттерімізді теория бөлімінде толықтырып көрейік.


Оқулықпен жұмыс

Мәтінді дауыстап, тізбектей оқу

Жұппен жұмыс

  • Ас қорыту мүшелерін тап , ретімен айт

  • Видео көрсету

  • Ендеше алған біліміміздің нақтылығын тексеру үшін «Білімпаз атаны» тыңдап көрейік.

  • Зерттеу бөлімі

  • Оқып түйген білімді іс жүзінде қоланайық.

  • Слайд

  • Мүшелерді орналастыру

  • Ас- адамның арқауы деп қазақ халқы тегін айтпаса керек.

  • Дұрыс тамақтану жолдары туралы мектеп медбикесі айтып берсін.

Тамақтану перамидасы

Грек философы Сократ  (б.з.д. 470 – 399ж.ж.)  айтқан: «Біз қоректену үшін өмір сүрмейміз, біз өмір сұру үшін қоректенеміз».


Дұрыс тамақтанатын адамдар көп ауырмайды, психологиялық жағдайы жақсарады, көңіл-күйі  көтеріңкі  болады, ең бастысы жұмысқа қабілеттілігі,

оқуға деген қызығушылығы артады .

   Сонымен, дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың  басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана  ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық  пайдаланадыҚәзіргі таңда адам бір тәулікте  шамамен 800 грамм қорек  және 1,5-2  литр су пайдаланады. Пайдаланатын жалпы  тағамдар құрамында 15%  нәруыздар, 30% майлар,  55% көмірсулар болғаны тиімді.  



Топпен жұмыс

І топ Тамақтану ережесін құру

ІІ топ Ас мәзірін жасау

ІІІ топ Тіс күту ережесін құру


Ендеше балалар ғылыми зерттеу орталағаның алдына қойылған негізгі мақсатына жете алдық па? Олай болса орталық сендерге


Оқы да, қажетін ал атты атты ережелерін ұсынын отыр.

  1. Күнделікті пайдалы тағамдарды ішуге тырыс.

  2. Тұшпара ішкің келсе, бір ай бойы іш.

  3. Сенің ас мәзіріңде тәтті тоқаштар мен конфеттер көп болсын.

  4. Тәттіні аз қолдан.

  5. Қуырылған, тұзды, кептірілген тағамдарды көп жеме.

  6. Асты бір мезгілде ішуге дағдылан.

  7. Таңертеңгі асты ішуді ұмытпа.

  8. Кешкі асты ұйықтардан 2 сағат бұрын ішкен дұрыс.

  9. Ұйықтар алдында тойып тамақ іш

  10. Ұннан жасалған тағамдар мен тәттілерді аз қолдан .


Ережелерді оқи отырып, әр дұрыс жауапқа 1 балл қойып, өз жауаптарыңды қорытындылаңдар. Негізгі жауапты тағы бір рет оқыңдар.

-Ендеше Зерттеу орталығының 2-ші мақсатына жете алдық па?

Қорытынды Осымен біздің орталықтағы жұмыс соңына жетті.

  • Адам ағзасының мүшелерін ата?

Тамақтану үшін қандай ережелерді басшылықты ұстаған жөн.  

Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы  қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады.

«Денсаулық - зор байлы»,  «Дені саудың – зор байлық» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар. Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. “Қазақстан 2030” бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы “Азаматтардың денсаулығын сақтау  туралы” арнайы заң қабылданған.

  • Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

  • Сабақ қорытындылай келе «Пайдалы және зиянды тағамдар » ойынын ойнайық

  • Алма, гамбургер, сыр, шоколад, балық, чипсы, жұмыртқа,сағыз, шырын, коко – кола

  • Үй тапсырмасы Мәтінді оқып келу, ас мәзірін дайындау .

  • Бағалау.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі