Сабақтың
тақырыбы: Ас үйге саяхат
Нұралы
Лаззат Қонақбайқызы,
Қызылорда
облысы, Шиелі кенті,
№ 3
Облыстық балалар оңалту
орталығының
психологы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Балаларға ас үй туралы түсінік беру.
Асхана
құралдары, оның ерекшеліктерін түсіндіру.
Түзете-дамытушылық:
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілік:Әдептілікке,
мәдениеттілікке тәрбиелеу, адамгершілік
қарым-қатынасқа баулу.
Көрнекілігі:
суреттер,ыдыстар, ермексаз, доп,слайм
Ұйымдастыру
кезеңі:
Қуан
шаттан,
Қуан
шаттан,
Қуанатын
күн бүгін.
Қайырлы
таң,
Қайырлы
күн,
Күліп
шықты күн бүгін.
Сабақ
барысы
Балалар
біз қайда тұрамыз? Қандай үйде тұрамыз?
Қай бөлмеде қай зат тұрады? Ас ішетін
бөлме қалай аталады? Ас ішкенде
қолданылатын заттарды қалай атайды?
-Үйде
жатын бөлме, қонақ бөлме болады.Ас ішетін
бөлме асхана деп аталады. Ас ішкенде
қолданылатын заттарды ыдыс деп атайды.
Суреттен
қандай ыдыстарды көріп тұрсыңдар?
Қандай ыдыстар бар екен?
Асхана
құралдары алуан түрлі болады. Оларды
шыныдан, құмнан, ағаштан, темірден
жасайды. Үлкен және кішкентай кастрөлдер,
үлкен және кішкентай табалар, қазандар,
кеселер, тәрелкелер, ожаулар.
Асхана
құралдарына газбен және тоқпен жанатын
үлкен плиталар,тоңазытқыштар
жатады.Плиталарда ас пісіреді, тоңазытқышта
тамақтарды сақтайды. Қазанда тәтті біз
жақсы көретін тағамдарды пісіреді.
«Артық
затты тап» ойыны
Ойынның
шарты: Балаларға
ыдыстардың ойыншықтары көрсетіледі
және артық ойыншық қойылады.Бала артық
затты табуы тиіс.
Ойынның
мақсаты:
балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін
арттыру.
Сергіту
сәті
Шаршасаңдар
балалар,
Қолдарыңды
созыңдар.
Саусақтармен
ойнаңдар,
Қолдарыңды
сермеңдер.
Денелерiң
шынықсын,
Саналарың
тынықсын.
• Тақырыпқа
сай сюжетті суреттермен жұмыс.
«Ас
үйде» ойыны
Ойынның
шарты: түрлі-түсті
жұмсақ слаймдардан пирог жасау.
Ойынның
мақсаты:
балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту
және сенсорлық танымын арттыру.
«Кім
көп тағам атайды»
ойыны
Ойын
шарты: Балаларға
педагог доп лақтыру арқылы балалар
тағам түрлерін атайды.
Ойынның
мақсаты: балалардың
сезу мушесін және ойлау қабілетін
дамыту,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қуыршақтың
ыдыстарымен дидактикалық ойын.
Ойын
шарты:
Дастарханда
тұратын ыдыстарды атау және олар не
үшін керек айту.Дастарханда қандай
ыдыстар орналасқан?
Ойын
мақсаты:
балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін
арттыру, зейінін тұрақтандыру.
Ермексазбен
жұмыс. «Нан» жасау
Ойынның
мақсаты:
балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін
ұсақ моторикасын арттыру
Тақырыпқа
сай сурет бояу.
Тапсырманың
мақсаты:балалардың
ұсақ қол маторикасын дамыту.Қиялын
дамыту.
Қорытындылау:
балаларды мақтап, мадақтау