15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ А.Сейтақ "Қазақстан таулары"
Күні:
Сыныбы: 4
Пәні: Әдебиеттік оқу
Мұғалімі: Бисембиева Асылай Асқарқызы
Сабақтың
тақырыбы: А.
Сейтақ.«Қазақстан таулары.»
Сабақтың
мақсаты:
А. Сейтақтың өмірбаяны мен танысу.
«Қазақстан таулары» өлеңімен танысып
және Қазақстанның таулары туралы
мәліметтер алу. Іздену, талдау, білімдерін
кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып,
оқу, жазу,өз ойын еркін жеткізуге ,
шығармашылық ойлау қабілеттерін
дамыту.
Осы
алған білімдерін өмірде қолдана білуге
және оқушының табиғатың әсемдігін
бағалауға үйрету.
Күтілетін
нәтиже:
А..
Сейтақтың өмірбаяны және «Қазақстан
таулары» өлеңімен танысады. Қазақстан
жеріндегі таулар атауларын, олардың
орналасқан аймақтарын біледі.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Ақпарат
көздері: Оқулық,
электронды оқулық, видео материалдар.
Сабақтың
көрнекілігі:
Қазақстан картасы, презентация, АКТ ,
постер, слайд, суреттер, кітаптар, білім
ағашы.
Жұмыстың түрі: Топпен жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ішкі,сыртқы шеңбер» әдісі , «Топтық» стратегиясы», «Сұрақтар телпегі» әдісі , «Түртіп алу» стратегиясы, «Ширату жаттығулары», « ойлан топта талқылау» әдісі, «Альфавит реті» әдісі, кері байланыс «тау» ,түсіндіру, пікір алмасу.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, Жаратылыстану, Қазақ тілі
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезең
Үш тілде амандасу, сабаққа әзірліктерін тексеру, көңіл-күйлерін қадағалау.
О, алақай, туған жер!
Жақсы ау орман-бауларың!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларың
Сенің асқар тауларың!
Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады.
II. Үй тапсырмасын сұрау. «Ішкі,сыртқы шеңбер» әдісі
(Оқушылар дөңгеленіп тұрады бір, екіге саналып, бірлер орнында, екілер қарама –қарсы тұрып, өткен мәтін бойынша сұрақ-жауап алысып, шеңберді айналып жүреді, осылай өткен мәтінге шолу жасайды.
Топқа бөлу: Шеңбер құрып тұрғанда қолдарына суреттер үлестіріледі.
1-топ Көкшетау 2-топ Қаратау бөлінеді.
Көшбасшыларға сөз беру. Ұжымды белсендіру үшін.
III. Жаңа сабақ
«Сұрақтар телпегі» әдісі , Ой қозғау:
-Тау дегеніміз не?
-Қазақстанның қандай тауларын білесіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
He сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман,
Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым - ұланғайыр кең далам, - деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен бастағалы отырмын. Себебі бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да біздің еліміз – жерімізге көрік беріп тұрған таулар жайында болмақ. Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». (оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады)
Таулар табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірі. Таулар атмосферадағы ылғалды өздеріне тартып, ғаламшарымыздағы су айналымын реттеп тұрады. Тау дегеніміз – етегі, шыңы, басы, жоны, беткейі, өзен аңғарлары бар, жердің тастардан тұратын ауқымды бөлігі. Жер бетінің жазықтан 200метрден астам биіктікте көтеріліп жатқан бөлігін тау дейміз. Тау биіктігі әртүрлі болады. Олардың басын үнемі қар немесе мұз басып жатады.
Авто р туралы мәлімет беру. (интерактивті тақтадан көрсетіледі)
1.Оқулықпен жұмыс
Әр оқушыға бір шумақтан мәнерлеп оқыттыру.
Әр топқа өлеңнің екі шумағынан бөлініп беріліп, топтада оқылып талданады. Содан соң
«Қаратау» тобы - Алатау, Алтай, Қарқаралы, Қаратау, таулары картадан көрсетіле отырып өлең шумақтары мазмұны ашылады.
«Көкшетау» тобы – Ұлытау, Көкшетау, Баянауыл таулары картадан көрсетіле отырып өлең шумақтары мазмұны ашылады
«Түртіп алу» стратегиясы (Оқушылар өздеріне керекті мәліметті жазып алады). Мәлімет бере отырып тауларды картадан көрсету. Алатау- Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жауып тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан.
Алтай – Шығыс Қазақстанда орналасқан. Ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені – Ертіс, Күршім, Бұқтырма, Үбі т.б. өзендер құяды.
Сергіту сәті. Олай болса оқушылар Н.Тілендиевтың әні «Алатау» әні айтамыз (Интерактивті тақтадан әнің сөзі шығады, оқушылар бірге қосылып айтады)
2. Ой қозғау: Н. Тілендиевтің « Алатау» өлеңін айтады, оқушылардан ән не жайында екенін сұрау.
3.Сөздікпен жұмыс
Таудың бәрі тағдырлы – кез-келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар деген сөз.
«Ширату жаттығулары» әдісі: Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі (постер құрады)
« Көкшетау» тобы – Тау туралы жазады
« Қаратау» тобы- Таудың пайдалы жағы,таудың зиянды жақтарын жазады
Уақыт беріледі әр 15 секундта тапсырма келесі топқа ауыстырылып отырады.Топтар бір-бірінің жазғанынан өзге сөздер жазуы керек.
Қызық дерек айдары:
* 11 – желтоқсан халықаралық таулар күні боп белгіленген.
Пайғамбарларымыз да тауды жанына жақын тұтқан.Адам ата жұмақтан түсірілгенде Хауа анамыз екеуі Меккедегі Арафат тауында жолыққан.
* Топан судан кейін Нұх пайғамбардың кемесі де тауға барып тоқтаған, тіршілік сол таудан қайта жаңғырып, жанданғаны сөзсіз.
* Қасиетті құран аяттары да алғаш рет Нұр тауының Хира үңгіріне түскен.
* Қазіргі уақытта ғалымдар таулардың жер бетіндегі орнықтылық пен тепе-теңдікті ұстап тұрғанын анықтады.
* Хадисте айтылғандай «Тауларды қазық қылып қақпадық па?»
* «Жерді теңселтпесін деп мығым таулар орналастырдық» деген аяттар осыны меңзеуде.
* Оқжетпес, Алтай, Маңырауық таулары жайлы аңыз айту.
Дала данасы Асан Қайғы бабамыз Баян тауын көргенде "Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады" деген екен. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қантөгіс ұрыстарда Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Малайсары, Жасыбай, Байқозы, Шатша батырлардың бастауымен шайқастар өтті.
IV.Шығармашылық тапсырма
1-топ. Тау сөзі бар сөздер мен, тау сөзі кездеспейтін сөздерді жазу.
2-топ Тау сөзі бар мақал-мәтел құрау.
Әр дұрыс орындаған топты мадақтау, жақсы сөздер айтып, әр топ бір –бірін бағалайды.
Ой толғаныс: Жеке жұмыс (орындаған оқушылар, жұптарымен алмастырып инт.тақтадан дұрыс белгісімен тексереді.
Ү.Сабақты бекіту сұрақтары: «Альфавит реті» әдісі:
Оқушылар тақтағы шығып дөңгеленіп тұрады, альфавит бойынша бүгінгі өткен тақырып бойынша не білді, соны әріп бойынша айтады.
Кері байланыс: (тақтада таудың суреті тұрады, ол үшке бөлінген, басы,ортасы,соңы, соған қолдарындағы стиккерді жапсырады)
ҮІ. Бағалау : Сыныптың тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады. Әр топ өздер, бағалайды.
ҮІІ.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңдегі өзіңе ұнаған бір таудың тарихын жазып келу.Әр оқушыға карта беріледі, соған «қазақстанның тауларын» белгілеп келі.
Шығар тауларың биік болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген