400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ "Әсем гүлдер" "Балдырған" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық білім беру саласы Сурет оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Төлегенова.Б.Қ.


Күні: 17.04.2013 сәрсенбі


Білім беру саласы: Шығармашылық,қатынас,әлеуметтік

орта,денсаулық,таным.


Бөлім: Сурет салу


Тақырыбы: «Әсем гүлдер»


Мақсаты: Балаларды дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен сурет салу

амалдарын орындау дағдыларын қалыптастыру.Өзге сурет

салу тәсілдерінен басқа балаларға құммен сурет салу

техникасын үйрету.Балаларды көктемнің алғашқы

гүлдерімен және де басқа да гүл атауларымен

таныстыру.Ойлауқабілеттерін,тілдерін,қиялын,саусақ

қимылдарын дамыту.Табиғатты қорғауға,гүлдерді күтіп-

баптауға,әдемілікке,сұлулыққа деген сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,көрсету,құм

терапиясы,бейнефильм,ойын,түсіндіру,әңгімелеу.


Сөздік жұмыс:


Билингвистикалық компоненттер: Гүл-цветы, бәйшешек-

подснежник,қызғалдақ-тюльпан,қалампыр-гвоздика,лалагүл-

лилия,інжугүл-ландыш,түймедағы-ромашка.


Қолданылатын құралдар: түрлі-түсті құм, сурет арналған қорапша,

гүл суреттері, слайд.







Іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Гүлдей болып жайқаламын

Күн нұрына бояламын

Жапырағым желбіреп

Таңмен бірге оянамын

Көрік беріп далаға

Жүремін әркез қуана.


Бүгін бізде ашық ұйымдастырылған сурет оқу іс-әрекеті болады.Алдымен жыл мезгілін еске түсіріп алайық.

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар,қазір қай айы?

Бүгін аптаның қай күні?











-Қазір жылдың көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде үш ай бар: Наурыз,сәуір,мамыр.

Бүгін аптаның сәтті күні-сәрсенбі.

Ізденіс-ұйымдастырушы

-Балалар,мына суреттегі әр сөздің алғашқы дыбыстарын бір-біріне қосып оқысаңдар,бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын таба аласыңдар.

-Нұрдаулет айта қойшы,мынау ненің суреті? Ол қандай дыбыстан басталады?

-Дұрыс,ал,Диас сен айтшы, мынау ненің суреті?

-Аянат мынау ненің суреті?

-Жарайсыңдар балалар,сонда бізде қандай сөз шықты?

-Дұрыс,ендеше, сурет оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы – «Әсем гүлдер» деп аталады.

Суретпен жұмыс.

Гүл-өсімдік,ол қандай табиғатқа жатады?

Гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдері және бөлме гүлдері.Бүгін біз дала гүлдерімен танысамыз.

Гүлдер қайда өседі?

Гүлдер әдемі боп өсу үшін не қажет?

-Дұрыс балалар,суретке қарайықшы,гүлдер тамыры арқылы қоректенеді.бұл тамыр гүлдерді құмға бекітіп ұстап тұрады және су жібереді.

-Гүлдің бөліктерін кім атап береді?

-Гүлдер- жердің сәні.Әр гүлдің өзінің ерекшелігі,яғни түр-түсі,хош иісі болады.гүлдер адамға қуаныш сыйлайды.


-Сәлеметсің бе,әрине біздің балалар сенімен дос болады,сенің қолыңдағы қандай гүл?















Слайд арқылы гүлдердің түрлерімен танысып алайық.

(слайд)

1.Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі-Бәйшешек.Оның биіктігі-15 см.ерте көктемде наурыз айының бас кезінде көктеп,бүршік жарады.

Бәйшешек-подснежник-snowdrop

2.Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез-келген адамды толғандырмай қоймайды.Інжугүл Қазақстанда тек Орал өңірінде ғана өседі.Мамыр-шілде айларында гүлдейді.Дәрі жасау үшін қолданылады.

Інжугүл-ландыш-lily of the valley

3.Қызғалдақтың негізгі Отаны-Қазақстан.гүлдеу мерзімдері-наурыз-мамыр айлары.Биіктігі-10см

Қызғалдақ-тюльпан-tulip


4.Раушан гүлі-хош иісті,ең әдемі гүлдердің бірі.Ол гүлдердің патшасы,ол нәзіктіктің символы.Раушан гүлдерін қыздар мен аналарға сыйлайды.

Раушан-роза-rouz


5.Қалампыр гүлі-ақ,қызғылт,күлгін түсті болады.ол ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл.сондықтан оны көбінесе ер азаматтарға сыйлайды.

Қалампыр-гвоздика-cornation

6.Лалагүл-орманды,таулы жерледе өседі.Биіктігі 60-100см.Хош иісті.Маусым-шілде айларынды гүлдейді.одан бояу алынады,дәрі жасалады.Гүлінен ара бал жинайды.

Лалагүл-лилия-lily

7.Түймедағы-Алтай,жетісу Іле алатауларының ашық жерлеінде өседі.Биіктігі 1035 см.Гүлі ақ,гүлтозаңы сары түсті мамыр-шілде айларында гүлдейді.Дәрілік өсімдік,ауырған жерді тыныштырады,клизма жасауға қолданылады.Оның гүлінен сары түсті бояу алынады.

Түймедағы-ромашка-daisy.

Гүлдер-цветы-flower



Тыныштық сәті:

Балалар,көздеріңді жұмыңдар.Біздің ауламызда неше түрлі гүлдер өсіп тұр.Олардың жұпар иісі мұрынды жарады,ал түстері болса,көздің жауын алады.Оң қолымызды алға созып,сәл төмен иіліп,өзімізге ұнаған гүлді үзіп алайық.Гүлдер өте нәзік,абайлап жұлайық.Мұрнымызға әкеп иіскейікші.Иісі қандай керемет!Енді,көздеріңді ашсаңдар да болады.

-Кім айтады.кім қандай үзіп алды?

-Саған қандай иіс келді?


Ал,Назерке сенің екінші арманың қандай?Балалар сенің армандарыңның барлығын орындауға дайын,солай емес пе,балалар?


-Қане,балалар гүлдер жайлы тақпақтар білеміз бе?Тез айтып берейік.




























Гүл туралы кім қандай мақал-мәтел айтады?












Д/ойын: «Ұйқасын тап»

1.Ауладан көрдім гүлді тағы

Аталады (түймедағы)

2.Әкеп берді інішек

Анасына (бәйшешек)

3.Қызыл түсті,әдемі-ақ,

Теріп алдым (қызғалдақ)

-Жарайсыңдар,балалар,

ұйқасын дұрыс таба білдіңдер.

Сергіту жаттығуы:

Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап демалам

Қолдарымды қозғалтып,

Гүлдей болып жайқалам.

Шөліркемей гүл тұрсын

Жерім жайнап құлпырсын.

Нұрын сыйлап біздерге,

Көкте мәңгі гүл тұрсын.


Ал, енді Назерке тағы не білгің келеді,арманыңды айта бер.


Қане,балалар,әр үстелде берілген тапсырмаларды орындап көрсетейік,қане,Назерке, сен де балалармен бірге орындап көр.











-Жарайсыңдар балалар,тапсырма өте жақсы орындалды,орындарыңа келе қойыңдар.



Назерке, саған балалар «Райхан гүл» атты ертегіні сахналап береді.

Ертегі «Райхан гүл»

Автор: Мадияр

Патша: Мирас

Патшайым: Аянат

Ханшайым: Р.Жансая

Ханзада: Санжар.

Қызметші: Нұрасыл.




Назерке сенің арманың орындалады,

балалар, біз көптеген гүлдің түрлерімен таныстық, енді осы гүлдерді біз қазір, сурет салу өнерінің дәстүрден тыс әдістерінің бірі-әйнек бетінде құммен гүл суретін саламыз.Алдымен теледидардан құмда сурет салу бейнеролигін көріп алайық.

  1. Гүлді ауада салу

  2. Құмда салу.

Қиналған балаларға көмек көрсету.мадақтап отыру.



-Бұл глобус суреті.Ол Г дыбысынан басталып тұр.

-Бұл-үтіктің суреті.Ол Ү дыбысынан басталады.

-Бұл лақтың суреті.Ол Л дыбысынан басталып тұр.

-«Гүл» сөзі шықты.





-Гүл тірі табиғатқа жатады.

-Гүлдер орманда,аулада,бақта өседі.

-Күннің көзі,су,жарық қажет.


Тамыры,сабағы,жапырағы,гүлі.





Назерке: Сәлеметсіңдер ме,достар,мен ертегі әлемінен келдім,менің атым- Назерке.менімен дос боласыңдар ма?


-Бұл –сиқырлы гүл.Бұны маған әжем берді.Егер мен оған сиқырлы сөзім мен арманымды айтсам ол бәрін дереу орындайды.Мен оны қазір байқап көргім келіп тұр.


Ұш,аспанға,күлтеше

Оңтүстікке батысқа

Солтүстікке шығысқа,

Арманымды орында.

Мен гүлдің түрлерімен танысқым келеді.


















.















































































Балалар қандай гүлді елестеткендерін айтты.



Қазір байқап көремін


Ұш,аспанға,күлтеше

Оңтүстікке батысқа

Солтүстікке шығысқа,

Арманымды орында

Мен осы гүлдер туралы тақпақтар,мақал-мәтелдер тыңдағым келеді.

Жансая К:

Көз тартып маңына жинайды

Қызғалдақ қуаныш сыйлайды

Табиғат өсірген бізге арнап

Даладан тереміз қызғалдақ.

Диас:

Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын

Мәз боламыз,күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

Аянат:

Жайлауда жел тербесе,

Иісіне дала аңқыр.

Бақшадан мен кеше

Көрдім түрлі қалампыр.

Ежелден халық бұл гүлді

Жалқауларға қимайды.

Қорғайтын елді үлгілі,

Батырларға сыйлайды.



Нұрасыл:

Көктемнің алғаш гүлінің

Інжугүл атты гүлі бар.

Адамдықтың,достықтың

Куәсі әрі жыры бар.

Жапырағы жайылған,

Секілді қос алақан

Қоңырауға ұқсаған

Келбетіне қарасаң.


Санжар:

1.Гүл қайда болса,көбелек сонда.

2.Гүлсіз жапырақ тұл

Көксіз топырақ тұл.

Нұрдаулет:

1.Дала көркі-гүл

Ана көркі-ұл

2.Үкісіз қыз болмас,

Тікенсіз гүл болмас.

Р.Жансая:

1.Қыз-халықтың гүлі,

Өлең-сауықтың гүлі

2.Гүл-өмір қызығы.

Мадияр:

1.Гүл өссе жердің көркі

Қыз өссе елдің көркі.

2.Гүл сабағымен қадірлі.

Ас табағымен қадірлі.

Жансая:

-Рахмет,балалар,сендер өте ақылды екенсіңдер.


Өлеңді айтып,қимылмен көрсетті







Мен келесі арманымды айтайын.

Самға аспанға,күлтеше

Оңтүстікке батысқа

Солтүстікке шығысқа,

Арманымды орында

Мен балалардың мына тапсырмаларды қалай орындайтынын көргім келеді.



1.Электронды тапсырма.(ноутбук)

«Әр құмыра түсіне сәйкес гүлді орналастыр»

2.«Түрлі-түсті салфеткаларды умаждау арқылы гүлді қағаз бетіне жапсырамыз»

3.«мозайка бетіне гүлді құрастырып,резина арқылы тарту»




Назерке:

Рахмет балалар,мен сендерден көп нәрсе үйрендім.

Балалар,менің тағы бір тілегім бар,соны орындауға келесесіңдер ме?

Балалар: Әрине ол қандай тілек?

Ұш,аспанға,күлтеше

Оңтүстікке батысқа

Солтүстікке шығысқа,

Арманымды орында

Мен осы гүлдердің суретін сендермен бірге әйнек бетінде құммен салғым келеді.



Балалар,теледидардан құмда сурет салу видеосын көрді.

Рефлексивті түзету

-Жарайсыңдар,балалар,енді гүлдер жайлы алған білімдерімізден қорытынды шығарайық.


Балалар,Жансаяның ең соңғы күлтешесі қалыпты,Жансая оған қандай арман айтасың?


-Жарайсыңдар,балалар,

сендерге оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

Біз бүгін гүл суретін қандай әдіспен салдық?

Осымен оқі іс-әрекетіміз аяқталды,сендер өте жақсы қатыстыңдар,барлығыңа рахмет!



-Балалар,мен сендердің топтарыңда қалғым келеді,сендермен бірге көп нәрсені үйренгім келеді.Мен мына гүл күлтешесін гүлдерді әрдайым күтіп-баптайық деген арманымның орындалуы үшін ұшырамын.

Ұш,аспанға,күлтеше

Оңтүстікке батысқа

Солтүстікке шығысқа,

Арманымды орында

Балалар,маған гүлдерді күтетіне уәде берсін!

Балалар бірге:

Біз гүлдерді жұлмаймыз

Күтіп оны баптаймыз.

Мерекеде тек оны

Анамызға сыйлаймыз.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Әйнек бетінде гүлді салу әдісін біледі.

Түсінеді: Гүлдердің түрлерімен танысып,үш тілде айта алады.

Қолданады: Дамытушы ортылықтарға бөлініп,жұмыс жасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
10489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі