Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әсемдік әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ тақырыбына байланысты деректерді қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағын жаратылыстану пәнімен кіріктірілген

сабақ жоспары


Мектеп: Е Исмаилов атындағы Мәдениет ауылының

жалпы орта білім беретін мектебі КММ-і

Мұғалiм: С А Балташева

Сынып: 2 Оқушылар саны: 6

Тақырып:Әсемдік әлемінде. Жер және ғарыш

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Риясыз сүйіспеншілік, мейірім, бауырмалдық,достық,татулық.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жер және ғарыш туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, олардың бойында риясыз сүйіспеншіліктің, мейірім мен бауырмалдық, достық пен татулық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Күн жүйесіннің құрылымын түсіндіре отырып, білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Бірнеше тапсырмаларды қамти отырып,оқушылардың зейінін дамыту.

3.Тәрбиелік: Сыртқы және ішкі интеграцияларды қолдану арқылы, мейрімділік,риясыз сүйіспеншілік, бауырмалдық, ақкөңілділік қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, көздері) бейне таспа


https://youtu.

be/6ONyTHfl7GE

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция.

1.Шаттық шеңбері.

«Тілектер шоғы»жаттығуы.

Күн сөзін байланыстырып,бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Сұрақтар:

1.Қандай сезімде болдыңдар?

2.Қандай теңеу сөздерді қолдандыңдар?

Қорытынды:

Бір-бірімізге үнемі жақсы тілектер тілейік,күннің нұрындай шуағымызды шашып, сүйіспеншілікте өмір сүрейік.

2.«Нұрға бөлену» тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныс-тарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1.Жаттығу барысында не сездіңдер?

2. Қандай күйде болдыңдар?

3. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?

Қорытынды:Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, күнннің нұрынан нәр алып,бір-бірімізге сүйіспеншілік ниетте болайық.

3.Шығармашылық жұмыс.

Топпен жұмыс.

Топ басшысын, спикерін, хатшысын, уақыт есептеушісін тағайындау.

Күнге байланысты айтқан қанатты сөздерді талдату.

1.«Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті»

2.«Бойымызға болашақтың арман-мұраттарын дарытыңыз,оның өзі шын мәніндегі күн шұғыласы тәрізді»

3 . «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады»

Сұрақтар:

1.Қанатты сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Неліктен мұғалімнің құдіретін күнге теңеп тұр?

3.Сенің мінезінде күнге теңейтіндей қасиеттер бар ма?

3. Күншуақты адам дегенді қалай түсінесіңдер?Сендер осындай адамдарды білесіңдер ме?

Қорытынды:Ендеше балалар, күннің нұрындай шуағымызды шашып,сүйіспеншілікке толы өмір сүрейік.

4.Топпен ән айту.

1. Күн әдемі, көк әлемі, 
Бұл суреті жас баланың. 
Ақ қағазға салған өзі, 
Жазылған бар сөзі. 
Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін, 
Аспаннан бұлт төнбесін, 
Қасымда болсын мамам, 
Болайын мен де аман. 
2. Айрылмас дос, айнымас дос, 
Бейбіт өмір керек елге. 
Отыз беске біз келсек те, 
Тұрар жүрек сөз есте. 
3. Анда солдат, мында солдат, 
Халық оқтан шошынады. 
Сұм соғысты, кан төгісті, 
Болдырмаймыз сәби үшін.

Сұрақтар:Әннен не түсіндік?

Қорытынды:Аспанымызда күн сәулесі сөнбесін, әрқашан бір-бірімізге мейрімді болалайық.

Ішкі интеграция.

1.Құндылықтар терегін көрсете отырып,осы ағаш әдемі болып өсуі үшін, оған тамыры, су,діңі,бұтағы, жеміс қажет екенін ұғындыру.

Тамыры-ақиқат.Кездескен қиыншылықтардың ақиқатын танысақ,қиыншылықты жеңеміз.

Су-сүйіспеншілік.Барлық істерімізді сүйіспеншілікпен жасасақ, ол ісіміздің жемісін көреміз.

Діңі-дұрыс әрекет.Әрбір ісімізге есеп беретін болсақ, біз тура жолдан таймаймыз.

Бұтағы-ішкі тыныштық.Дұрыс әрекет жасай отырып, ішті тыныштыққа жетеміз.

Жемісі-қиянат жасамау.Адамдарға оймен,сөзбен,іспен қиянат жасамасақ,бақытты өмір сүреміз.

Сұрақтар:

1.Қандай құндылықтармен таныстық?

2.Күнге ұқсау үшін бізқандай әрекет жасауымыз керек?

Қорытынды:

Сүйіспеншілікпен өмір сүрсек, мінезіміз күннің нұрындай жайдары әрі шуақты болады.

2.Сүйіспеншіліктің 3 түріне тоқталып өту.

1.Өзімшіл сүйіспеншілік-ол мына бөлмедегі жарық беретін шам тәрізді. Ісі түскенде ғана сүйіспеншілік танытып,ісі біткеннен кейін өз жолымен кететін адамдардың сүйіспеншілігі.

2.Өзара сүйіспеншілік –оны біз ай мен күнге теңеуімізге болады. Мысалы: 2 адамның арасындағы сүйіспеншілік.

3.Риясыз сүйіспеншілікті күнге теңеуге болады. Қайтарымын сұрамайтын шексіз сүйіспеншілік.Ол ешкімді алаламайды, бүкіл әлемге, жер бетінің барлық түкпіріне, барлық адамдарғаақ, қара нәсілді, бай, кедей демей, жақсы, жаман деп бөлмей күн нұрын бәріне бірдей таратады, шуағын шашады.

Сүйіспеншіліктен туындайтын әрекеттер:

- Ұстаз бен шәкірт арасындағы сүйіспеншілік- білімділік.

-Отанға деген сүйіспеншілік - отансүйгіштік.

-Ата-аналармен бала арасындағы сүйіспеншілік-мейірімділік.

-Туыстар арасындағы сүйіспеншілік-татулық.

-Ер мен әйел кісінің сүйіспеншілігі-отбасы.

Сұрақтар:

1.Қандай сүйіспеншіліктің түрлерімен таныстық?

2.Сенің бойыңда осылардың қайсысы басым?

3.Күнге ұқсау үшін не істеуіміз керек?

Қорытынды:Әрбір ісімізді сүйіспеншілікпен жасасақ, онда біз де күн сияқты нұрымызды барлық әлемге таратып, жарқырап жүреміз.

Үй тапсырмасы:Күн туралы аңыз-әңгімелер оқу.

Сабақтың қорытынды сәті:

Баяу әуен қосылады.

Ыңғайланып отырыңыздар,қолды тіземізге қойып,өзіңізді еркін сезініңіз.Сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді бойымызға сіңірейік.

Олар:сүйіспеншілік құндылығы, мейірімділік, бауырмалдық, достық, ақкөңілділік,татулық қасиеттері.Осы құндылықтар мен қасиеттер бойымызда болса,біз ешқашан жамандық жасамаймыз.






























Мұғалім:С А Балташева






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2021
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11