400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әсемдікке ұмтылайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану сабағынан ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Жданов орта мектебі

Мерзімі: ----------------------

№ 8

Тақырып: Әсемдікке ұмтылайық

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Жақсы көру , кішіпейілдік, аянбай қызмет ету.

Мұғалім: Ермуханова Т.А.

Класс: 6

Оқушылар саны: 10


Сабақтың мақсаты:

Жанашырлық білдіру керектігін сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың қайсарлық пен батылдық туралы ұғымдарын кеңейту;

  • Оқушылардың бойына ерік,жігер,аянбай қызмет етуге үйрету;

  • Қайсарлыққа, батылдыққа, шыншылдыққа жақсы азамат болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлімет)

Кеспе қағаздар, видео, постер, стикер.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәтi.

« Нұрға бөлеу»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талдау:


Ұйымдастыру

(іс -қимылмен көрсету)

  • Балалар бізде бүгін ерекше сабақ

  • Себебі бізге қонақтар келіп отыр

  • Сіздер қандай оқушысыздар

  • Бүгінгі көңіл күйіміз қандай ?

  • Сабаққа дайындығымыз қалай?


Топқа бөліну

Ағаш жапырақтарына жазылған сандар арқылы тақ сандар бір топ, жұп сандар бір топ болып бөлінеді. Әр бала өзі алған санның сырын айтады. Мысалы 7- қасиетті сан, жеті ата, жеті жоқ, 4- төртеу түгел болса төбедегі келеді, төрт түлік мал т.с.с.

(1,2,3,4,5,7,8,13,100,1000)


  1. Дәйексөз.


«Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызығады»

Ғ. Мұстафин

(Ұлдар 1 рет, Қыздар 1 рет, ұлдар мен қыздар барлығы бірге қайталайды.)








  1. Әңгімелеу

Мұғалім сыйы. Балалар мен сендерге сый алып келдім. «Өмір сабақтары» бейне көрініс.

    1. Адамды сұлу ететін не нәрсе?

    2. Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?

    3. Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?

    4. Табиғаттың сұлулығы неде?

    5. Адамға сұлулық қаншалықты қажет?

Айналасындағы көпшілікті баурап алатын, жүрек жылуын, шапағат нұрын төге білетін адамның ішкі және сыртқы сұлулығы нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікке байланысты болады. Жас адамды көбінесе сыртқы сұлулық қызықтырады.

Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті ғана емес жан сұлулығына байланысты.


  1. Шығармашылық жұмыс.

1топ («ӘСЕМДІК» сөзін сипаттау, түсіндіру. Постермен жұмыс)

2топ (сахналау «Жан сұлулығы»)

Жағдаяттарды талдау


  1. Топпен ән айту.

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев

Тыңда досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден өтті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба,

Өміріңе немқұрайлы қарама..


Тағдыр желі қарсы алдыннан соқса да,

Сын сағатта сақтау үшін өз басын.

Сатып кетсе сеніп жүрген жолдасың,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Айдын көлге айналса да көз жасың

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама..


  1. «Менің түйгенім» айдарымен жүрекшелерге өз ойларын жазып, тақтаға ілу.


  1. Үй тапсырмасы.

«Сұлулық сыры» тақырыбына ой-толғау жазып келу.


  1. Тыныштық сәті.

Балалар кәнеки бүгінгі сабақта не өттік есімізге

алайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі