Материалдар / Ашық сабақ: "Асханалық ыдыс- аяқтардың түрлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Асханалық ыдыс- аяқтардың түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Асханалық ыдыс түрлерімен (металл, шыны, хрусталл, фарфор, фаянс) танысып, қолданылу аясын оқып қарастырады.
Авторы:
16 Қаңтар 2024
276
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

Сервис және жаңа технологиялар колледжі МКҚК


Бекітемін:

Директордың ОІЖО

___________С.С.Нурмукашева



«Қаралды» ___________Ж.М.Жумалиева

оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі

Директор орынбасары



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Асханалық ыдыс- аяқтардың түрлері»



КМ 12 Тамақтанатын залды қызмет көрсетуге дайындау

Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілігі: «Даяшы»

Курс: ІІI

Топ: 345

Оқытушы:

арнайы пән оқытушысы

Науан Ш.А.





2023ж

Сабақ тақырыбы: Асханалық ыдыс- аяқтардың түрлері .

Модуль/ пән атауы: КМ12 Тамақтанатын залды қызмет көрсетуге дайындау

Дайындаған педагог: Науан Ш.А.

2022жылғы 17 мамыр

1.Жалпы мәліметтер

3курс, № 345 топ

Сабақ типі: Аралас, Жаңа сабақ баяндау

2.Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Асханалық ыдыс түрлерімен (металл, шыны, хрусталл, фарфор, фаянс) танысып, қолданылу аясын оқып қарастырады.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың жігерін, ойлау қабілеттерін, ынтасын, қиялы сияқты танымды сабақты меңгеру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Асханалық ыдыс аяқтардың түрлерін, қолданылуын меңгере отырып, бір-бірінен айырмашылықтарын ажырату арқылы жауапкершілік қасиеттерін сіңіреді, мамандыққа және пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеу

2.1.Оқу сабақтары барысында білім алушылр игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: асханалық ыдыс-аяқтардың түрлерін, жасалуын оқып меңгереді.

3.Сабақты жабдықтау

3.1.Оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: сабақ жоспары, презентация, оқулық К.Күзембаев, А.Таева, Г. Күзембаева «Қоғамдық тамақтандыруда қызмет көрсетуді ұйымдастыру» Астана 2018

3.2.Техникалық құралдар, материалдар: компьютер, интербелсенді тақта, слайд, видео

Өткен тақырыпты қайталау:

Сөзжұмбақ шешу.

1. Банкет фуршет бұл қандай банкет?

2. Қандай рюмканың сыйымдылығы 100 см 3

3. Шағын тумблерде не беріледі?

4. Мейрамханалардағы дастархан астына төселетін төсеме қалай аталады?

5. Банкет шайға тағамдарды ұсынуға жауапты қызметкерді атаңыз.

6. Салат ұсынатын кезде қолданылатын құралды атаңыз.

7. Терең асхана табақтары қандай тағамды жіберу үшін қолданылады?

8. Қызмет көрсету барысында 3 қонаққа 1 даяшыдан келетін қызмет түрін атаңыз.

9. Залда сервант стейшн қолданылады

10. Кофе-брейк мәзірі әдетте құралады

11. Банкет шай үстеліне не безендіріледі?






Shape1

4.Сабақтың барысы:


1. Фарфор, фаянс, хрусталь, металл ыдыстар сипаттамасы.

2. Асханалық ыдыстар, көмекші құралдар.

Фарфор ыдыс-аяқтар – жеңіл, берік болып келеді. Жылуды жақсы сақтайды. Фарфор ыдыстың шетіне тигенде әдемі, анық дыбыс шығады.


Фаянс ыдыс-аяқтар – механикалық беріктігі мен термиялық тұрақтылығы фарфор ыдыспен салыстырғанда төмен болып келеді.

Керамикалық ыдыс-аяқтар саздан жасалынады. Оларды майолик ыдыстары деп те атайды. Майолик бұйымдарын ішінен де, сыртынан да глазурьлеп, лактайды.

Ағаш ыдыс-аяқтар – ағаштың аса қатты түрлерінен дайындалады. Ішін де, сыртын да лактайды.

Металл ыдыс-аяқтар сынбайтын қасиетке ие. Кокотницада соустағы саңырауқұлақ, соустағы крабтар, жульен, шала пісірілген жұмыртқа жіберіледі. Кокильницада теңіз өнімдері, салқын және ыстық басытқылар, қуырылған жұмыртқа, пісірілген бүйрек жіберіледі. Менажницада фондю (сүзбеден, бидай нанынан, ақ шараптан дайындалған тағам) жіберіледі. Икорницада балық уылдырығы жіберіледі. Порционды табада құймақ, бұқтырылған екінші ыстық тағамдар жіберіледі. Баранчикте соустағы екінші ыстық тағам жіберіледі: домалақ баранчикте – ет тағамдары (бефстроганов, рагу, палау); доғал баранчикте – үй және жабайы құс, балық тағамдары жіберіледі. Салатник 4-, 6-порционды болып келеді, онда натуралды көкөністер, әртүрлі тұздықтар, салат және маринад жіберіледі. Соусник 1-, 4- порционды болып келеді, онда соус және қаймақ жіберіледі. Таганчикте бифштекс жіберіледі. Пошотницада «яйцо в мешочке» жіберіледі. Сливочникте ыстық сусындарға берілетін кілегей жіберіледі. Сүтқұйғышта сүт жіберіледі. Ледницада мұз жіберіледі. Туркада шығысша кофе жіберіледі.

Хрусталь ыдыс-аяқтар – салтанатты тойларда қолданылатын ыдыс-аяқтар. Ақ шыныға күміс немесе қорғасынды қосып дайындайды. Ең алғашқы хрусталь Англияда, кейін Францияда пайда болды. Сапасы жоғары болып келетін хрусталь Румыния және Австрияда дайындалады. Шыны ыдыс-аяқтар – хрустальмен салыстырғанда арзан болып келетін ыдыс-аяқтар. Белоруссияның шыны ыдыс-аяқтары өте жақсы бағаланады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында металл ыдыс тағамдарды даярлауға және өндірістен залға жеткізуге арналған,сонымен қатар жеке тағамдарды үстелге ұсынып қоюға арналады. Ол тез қызады және тез суыйды. Бұл тағамдарды тұтынушыларға қажетті температурада ұсынуға мүмкіндік береді.

Мельхиор ыдысты мыс (80%) пен никельдің (20%) антикоррозиялық құймасынан, нейзильберді мыс (61,5%), никель (16,5%) және мырыш (22%) құймасынан дайындайды.

Гальванизация жолымен ыдыстарды жұқа қабатпен (0,3-0,5 мм) күміспен жабу оларды көркемдік өңдеуге мүмкіндік береді. Бұндай ыдыстарды қолданғанда оның деформациясын болдырмау үшін қатты соққылардан абай болу керек.


Жаңа сабақты бекіту:


Тапсырма 1 Фарфор ыдысының артықшылығы мен кемшілігін айту.





Фарфор ыдысының +

Фарфор ыдысының -













Тапсырма 2 Төмендегі қазақша сөздердің орысша, ағылшынша мағынасын айту.


Казахский язык

Русский язык

Английский язык

Ыдыс

Посуда

Tableware

Нәзік

Нежный

Gentle

Дыбыс

Звук

Sound

Асханалық ыдыстар

Столовая посуда

Dinnerware

Көже

Суп

Soup

Қымыз

Кумыс

Koumiss

Кілегей

Сливки

Cream

Ақжелкен

Хрен

Horseradish

Жұмыртқа

Яйцо

Egg

Тұздық

Соус

Sauce


Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында хрусталь және шыны ыдыс-аяқтардың сипаттамасы


https://www.youtube.com/watch?v=Ql4WHzzXA-c Сілтеме бойынша видео ролик тамашалау.


Сабақ барысындағы нені біліп меңгергендері туралы толтыру


Не білемін?

Нені білгім келеді?

Нені білдім?






РЕФЛЕКСИЯ

6. Оқушыларды бағалау

7. Үй тапсырмасы: Асханалық ыдыс түрлерін, тағайындалуын жаттау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!