400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ А.Сопыбеков.Сапар мен парта(мысал)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге көмек ретінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән

Әдебиеттік оқу

Мұғалім

КалижановаАйнагульРамазановна

Сынып

2 «а» сынып

Тақырыбы

Сапар мен парта. АдырбекСопыбеков

Мақсаты

1. Мысал авторымен таныстырып,тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу, негізгі идеясын түсіну.

2. Мектеп мүлкіне оң көзқараспен қарауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Мысалдың негізгі ойын аша білді. Мысалдың тәрбиелік мақсатын түсіне алды.

Ресурстар

Оқулық, тапсырмалар ,карточкалар, монитор, интерактивтік тақта, суреттер, флешка

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу. Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым-қатынас, жағымды кері байланыс орнату.

-Балалар бір –біріңе қарап жымиыңдар.,жайланып отырып көздеріңді жұмыңдар.Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

•Мен бақытты баламын

•Бойымда жылуым мол

•Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.Енді іштеріңнен бірі-біріңе жақсылық тілеңдер. Енді жайлап көзімізді ашамыз.

•Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?








Балалар музыка ырғағымен мұғалімнің айтқан жаттығуларын қайталайды.

Үй жұмысын тексеру

Кубизм стратегиясы бойынша үй жұмысын тексеру

-«Жеті шал»әңгімесінің авторы кім?

-Апта күндерін ата.



Үй жұмысын орындайды.

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл.

- Жиһаз неден жасалады деп ойлайсыңдар?

- Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Сонымен бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы деп болжайсыңдар?

Сабақта ол туралы қандай мәлімет білгілерін келеді?

-Сонымен парта физикалық дене, және ол жасанды дене.


http://www.bilimland.

kz/kk#lesson=14758

Мағынаны тану







Жаңа сабаққа кіріспе:

Сұрақ-жауап әдісі:



Жаңа сабақ

(негізгі бөлім)

Жиһаздар суреттері бойынша топқа бөлінеді.

Оқушыларды 4 топқа топтастыру.

Мағынаны тану:

- Суретте кім бейнеленген?

Оқушылар автор қысқаша өмірбаянымен таныстырады.

Бүгін тағы жаңа ақын,жазушы АдырбекСопыбеков ағамызбен танысамыз.

- Міне, балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз АдырбекСопыбековтың «Сапар мен парта» мысалы. АдырбекСопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген.Оның балаларға арналған «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», тағы басқа кітаптары шыққан.

Адырбек ағаның «Сапар мен парта» деген алғашқы өлеңі осыдан 57 жыл бұрын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарияланды. Бұл республикалық баспасөзде тұңғыш жарияланған өлеңі болатын-ды. Содан бастап осы газеттің белсенді авторларының бірі және штаттан тыс тілшісі болды. Балаларға арналған өлеңдері 60-тан аса топтама жинақтарға енсе, соңғы 50 жылдан бері біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына жыл сайын үзбейеңгізіледі.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау

1-топқа сұрақ:

  1. Өлеңнің мысалға жататынын қалай -аңғаруға болады?Мысал дегеніміз не?

2-топқа сұрақ:
1. Парта Сапарға неліктен ренжіді.

Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Мұндай сөйлесуді - монолог дейміз.
Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма?

3- топқа сұрақ:
1. Сапардың өз кінәсін мойындаған жерін тауып оқы.
4-топқа сұрақ:

1. Сапардың орнында болсаң не істер едің?

2. Сенің өміріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?


Парта,шкаф,устел,орындық суреттері арқылы топқа бөлінеді






Оқушылар ақын, жазушы туралы түсінік алады. Портретімен танысады.









Оқулықтағы мысалды өздері жеке оқып шығады.






Сұрақтар бойынша жауап береді

Сергіту сәті

Сапар мен парта бейнефильмін тамашалау

Оқушылар интерактивтік тақтадан көреді

Ой-толғаныс (бекіту)






«Ой қозғау»

Түсінгендерін «Сұхбаттасатын жұп» арқылы бағалайды. Жұбыңызбен 3 үйренген нәрсе:

- Не оңай болды?

- Не қиын болды?

- Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз.


Мұны білген жөн:

Гигиеналық талаптар

Мектептегі оқу жабдықтарының ара- қашықтығы келесідей болуы керек:

а) парталар қатарының арасы-60см

ә) екі парта арасы-50см

б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы -70 см

в) мұғалім үстелімен тақта арасы -1 м

г) бірінші парта мен тақта арасы-2,4-2,7 м

Ереже : Тіл ұстарту кезеңі

• Мектеп мүлкін күтіп ұста

• Партаны сызба

• Партаны бүлдірме

• Орындықты ырғыма

• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап

• Кабинет есігін қатты жаппа

• Партаны күтіп ұста

РАФТ әдісі

1 - топ. Сапарға мінездеме

2 - топ. Партаның үстіне жазбау үшін не істеу керек?

3 - топ. Сапар партаға хат жазады.

4 топ Партаны адам кейпіне келтіріп сурет салу


Жұпта жұмыс жасайды






Қосымша мәлімет алады
















Топта жұмыс жасайды




Уйге тапсырма

Монологты жаттап келу.

Оқушылар үй жұмысын күнделікке жазып алады.

Бағалау

Бас бармақ арқылы бағалау.

Сабақ бойы

Кері-байланыс

Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс жасау

Бағдаршамның қызыл көзіне сабақты түсінсе, жасыл көзіне сұрағы болса, сары көзіне түсінбесе





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі