жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Аспан әлемі 5 сынып
Пән: Қазақ тілі мен әдебиет
|
Мектеп: №3 Мәртөк ОМ |
||||
Күні: 18.02.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Кунградбаева Ж.Б. |
||||
Сынып: 5 Б |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Аспан әлемі |
||||
Оқу мақсаты |
5.Т1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау 5.О6 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру 5.Ж3 Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу,төл дыбыстардың үндестік заңын ескеріп айту |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы орындай алады: қазақша қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Көпшілігі орындай алады: мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді. Кейбіреулері орындай алады: берілген мәтіннен бейнелеу, сипаттау құралдарын таба алады, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алысады. |
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Жаңа сөздер |
Аспан әлемі, жұлдыз, құпия, қозғалыс, бақылау, аспан денесі, шексіз, көлденең жатқан, шашырап төгілген, ақшыл жолақ, ай, жұлдыз, ғаламшар |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу. Психологиялық дайындық. (Оқушылар шеңбер құрып, мұғаліммен бірге айтады) Күндей жадырып, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырып, Судай таза, мөлдір көңілмен Бүгінгі сабағымызды, бастаймыз Топқа бөлу. (Шеңберде тұрғанда оқушаларға түрлі түсті фигуралар таратылып беріледі). 1-топ. Жұлдыз 2-топ. Ай 3-топ. Ғаламшар
|
Түрлі түсті фигуралар |
|||
Сабақтың ортасы
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Ғарыш әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді. Оқушылар жаңа сабақтың мақсатын өз бетінше анықтайды, мұғалім толықтырады. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан жаңа тақырыпқа байланысты сөздерді оқиды, оқушылар қайталайды, аудармасын айтады. Аспан әлемі - мир небес, жұлдыз-звезда, құпия-секрет, қозғалыс-движение, бақылау-контроль, аспан денесі-небесное тело, шексіз-бесконечный, көлденең жатқан-горизонтальный, шашырап төгілген-рассеянный будка, ақшыл жолақ-световая полоса, ай-луна, ғаламшар-планета Сонымен, дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз. 1-тапсырма. Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, ондағы тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздердің көмегімен төменде берілген жұлдыздың ортасына мәтінге ат қойыңыз. Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманда ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Ғаламшарлар - өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Жердің серігі - Ай. Дегенмен олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық аспан денелерінің бір-бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Дескриптор Білім алушы
мәтінге сөз тіркесімен атау беріп, оны жұлдыздың ортасына жазады. Кері байланыс. Тапсырма жеңіл болды ма, қиын болды ма, қолдарындағы смайликпен көрсетіңдер. 2-тапсырма. 3 топқа бірдей мәтін беріледі, ол мәтінді түсініп оқиды. «Қар кесегі» әдісі арқылы мәтіндегі ақпараттар тексеріледі. (Әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады, келген сұрақтарға жауап береді). Мәтін. Меркурий: Күнге ең жақын ғаламшар. Маринер 10 және Мессенжер ғарыш аппараттары бұл ғаламшар туралы өте ауқымды деректер жіберген. Беткі бөлігі толығымен кратер ойықтарымен қапталғандығы жағынан айды еске салады. Шолпан: Ғасырлар бойы астрономдардың назарын тартқан ғаламшар. Таңертеңгісін және кешке көкте жарқырайтын бұл жұлдыз көптеген адамдардың шабыт көзі болған. Көмірқышқыл газынан тұратын өте тығыз атмосфераға ие. Бетінен 10000 метрге дейін жететін таулары мен өте терең ойлықтары, жазықтары анықталған. Марс: Қызыл ғаламшар марстан Маринер 4 және 7 аппараттары өте анық суреттер жіберген. Ғаламшарда 25 км биіктіктегі жанартаулар, өте терең құздар және құрғап кеткен өзен орындары бар, тіршілігі жоқ тас пен тозаңдар мекені. Юпитер: Ғаламшарлардың патшасы деп те білінетін Юпитер күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ең үлкені. Күн секілді толығымен су тегі және гелийден құралған. Сатурн: Бұл ғаламшардың айналасындағы сақиналары астрономдардың қызығушылығын тартқан. Кең жазықтарында өте үлкен көлемде өзендер болғандығы, алайда бұл сұйықтықтың су емес сұйық метан болғандығы анықталған. Кері байланыс. Тапсырма жеңіл болды ма, қиын болды ма, қолдарындағы смайликпен көрсетіңдер. Сергіту сәті. Түнгі аспанның суретін салу |
Интерактивті тақта, слайдтар, «Ғарыш әлемі» деректі фильмі, А4 парағы, маркерлер |
|||
Сабақтың соңы |
3-тапсырма. 2-тапсырмадағы мәтіннен сын есімдерді тауып, төл дыбыстардың астын сыз. Дескриптор: Сын есімдер: ең жақын, өте ауқымды, жарқырайтын, өте тығыз, өте терең, қызыл, өте анық, кең, өте үлкен, сұйық. Төл дыбыстар: ң, ө, қ, ғ, ү, ұ. Кері байланыс. Тапсырма жеңіл болды ма, қиын болды ма, қолдарындағы смайликпен көрсетіңдер. Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды немесе сұрақтарын бар ма, алде түсінбедіңдер ме? Алдарыңда жатқан айдың әр түрлі пішіндерімен баға беріңдер. туған ай жарты ай толған ай
түсінбедім сұрақтарым бар түсінікті Үй тапсырмасы. Бағалау. |
Айдың суреттері |
|||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету. |
Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. |
Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген