15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Аспан әлеміне саяхат. Қарапайым математика 0 "ә"даярлық топ
Бөлімі:
Қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыру.
Тақырыбы: «Аспан әлеміне саяхат»
Сабақтың
мақсаты: Үшбұрыш,
шаршы, текше, дөңгелек ұғымдарын
тереңдету. Айналаны қоршаған ортада
оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың
көңілін аудару.
Міндеттері:
•
Зейін, есте сақтау,ойлау,елестету
қабілеттерін дамыту.
•
Өздерінің пікірлерін жеткізуді, тіл
байлықтарын жетілдіру, ауызша есептеу,
есептер құрастыру, өздігінен орындау
қабілеттерін қалыптастыру.
•
Математика пәніне қызығушылықтарын
арттыру.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер:ойын,
сөздік және көрнекіліктер,М.Монтессори,
БӨШҚД технологиясы.
Керекті
құралдар:ұзын
жіп.орындықтар,Төбеге күн,сандар жазылған
бұлттар, пішіндер жапсырылған ай,аз,көп
таңбалары бар жұлдыздар бейнелер
ілінеді. Көрнекіліктер:
Тақтада пирамида,Астанадағы хан шатыры
және биік сәулетті үйлер суреттері.
Сабақ
барысы:
Психологиялық
ахуал орнату.
-балалар,біз бүгін Аспан әлеміне саяхатқа барамыз.Саяхатқа немен баратынымызды қазір білеміз.
Алдарыңда
жапырақтар тұр осы жапырақта сандар
жазылған - ретімен қойсақ немен баратынымыз
белгілі болады. Ғарыш кемесінің суреті
шықты.Онда балалар, бәріміз сапқа тұрып,
ғарыш кемесіне отырайық.Ол үшін алдымен
мына жіп үстінен жүріп өтіп, ғарыш
кемесіне көтерілеміз.Ал енді мына
орындықтарға жайғасамыз.Қауіпсіздік
белдігін тағамыз.Зымыран оталмай
тұр.Тапсырманы орындасақ ұша алады
екенбіз.
Көп тұрмайық кідіріп,
Кел
санайық бірігіп.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Абайлайық
қарайық
Кері қарай
санайық
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 ұштық.
Ғарыш
кемесінің терезесінен жан-жағымызды
тамашалауға болады.Нелерді көріп тұрмыз?
Күнді- күн өте ыстық бізге оған жақындауға
болмайды күйіп қаламыз. Күн бейнесі
қандай пішінге келеді? Әрине дөңгелекке
келеді.Ал енді дөңгелек заттарды
атаңдаршы.
Терезеден
көріп тұрмыз жерде дөңгелекке ұқсайды
екен. Бұл дене. Тағы нелерді
көрдік?Ғаламшарларды.Олар да дөңгелекке
ұқсайды.Ойын ойнасақ ол ғаламшар тіпті
жарқырай түседі.
Ойын «Көрші санды
ата»
Балалар,
рахмет-қараңдаршы ғаламшарлар жарқырап
кетті.
Тағы бұлттар қалықтап жүр
екен. Бұлттарда есептер жазыылыпты.Шығара
аламыз ба?
Ойын: «Кім тез есептейді?»
Түн болды балалар, аспан әлемі өте үлкен болғандықтан бірталай уақыт кетеді.Түнде аспаннан нелерді көреміз? Жұлдыздарды және айды. Ал жұлдыз көп пе, ай көп пе кім айтады? Жұлдыз көп, ай біреу. Қандай белгілерді пайдаланамыз?
Ия
« < >» аз,көп таңбаларын қолданамыз.
Жұлдыздың неше бұрышы бар екен? Бес
бұрышы бар.Дұрыс,алыстан бес бұрышқа
ұқсайды.Айдың пішіні қандай?Ай толғанда
дөңгелекке,азайғанда жарты нанға немесе
бананға ұқсас екен.Осы жерде ай тураы
ертегі айтып кетейін. Ертеде бір тігінші
айға көйлек тіккісі келеді:Ай жіңішкеріп
тұр екен,өлшемін алып,әдемі көйлек
тігеді. Тігінші көйлекті тігем дегенше
бірталай күн өтіпті.Айға келіп көйлекті
кигізейін десе айға сыймайды, ай тола
бастапты.Тағы да өлшемін алып үйіне
келіп .тігіп болғанша тағы күндер
өтеді.Тігінші көйлекті тігіп болып,көйлекті
айға кигізбек болса ай тағы толып кетіпті
тіпті доп-домалақ.Тігінші өкініп айдың
өлшемін алып тағы көйлек тігуге
кіріседі.Күндер өтеді,енді айға келсе,ай
ап-арық.Тігінші ашуланыпты.Ай сонда
тігіншіге: сен өкінбе, мен бір айда неше
рет өзгерем, сол үшін сен үлгермей
жатырсың. Бұл табиғат құбылысы -деп
жұбатыпты
Сергіту
сәті.
Ал
енді мына сиқырлы дорбада пішіндер бар
екен. Осы пішіндерді кезекпен алып,түсін
және қандай пішін екенін айтуымыз керек.
Жұлдыздардың
тапсырмасы бар екен.Мына суреттерге
қарап есеп құрастыр және шығар дейді.
1
тапсырма.Ағашта 6 торғай отыр тағы да 2
торғай ұшып келе жатыр.Кім есеп
құрастырады?
2 тапсырма. 4 көжек доп
ойнап жүр.2 көжек сәбіз жеуге кетті.Неше
көжек қалды?
Үшбұрыш,
дөңгелек,шаршы, тікбұрыш.Ал енді үшбұрышқа
нелер ұқсайды екен? Үйдің төбесі ,Астанада
хан шатыры, Египет елінде пирамидалар.
Ал төрт- бұрыштарға ше? Жай үйлердің
қабырғалары. Тікбұрышқа ше? Астанада
салынған көп қабатты үйлер тікбұрышқа
ұқсайды екен.
Өте
жақсы.Балалар биыл Қазақстанның
тәуелсіщдік алғанына 26жыл болды. Еліміз
көркейіп жайнай түсуде. 1 желтоқсан
президент күні.Айтулы мереке.
Миға
шабуыл.Қоянның
неше құлағы бар? Бес тырнаның мойны
нешеу? Шыршада қанша алма өсіп
тұр?
Қорытынды: -балалар,біз аспан
әлемін аралап болдық, жерге қону үшін
кері санаймыз. Үш,екі,бір,ноль қондық..Енді
жіпке тұрып,ғарыш кемесінен түссек те
болады.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі керек:1-10-ға дейін
тура,кері санауды.Геометриялық пішіндердің
түстерін атауды және кеңістікті
бағдарлауды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген