Ашық сабақ "Аспан денелерінің құпиялары" 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Аспан денелерінің құпиялары" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


ІІ бөлім. Аспан денелерінің құпиялары.

1-сабақ. Аспан денелері

Мектеп: «№ 5 мектеп-гимназия»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бейсенова Гульназ Солтангазыновна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т1.Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескеріп айтады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Топтық жұмыс барысында белсенділік танытады. Білетін білімін тақырыппен байланыстырады. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Барлық жұмыста көшбасшылық танытады. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып көтерілген мәселеге өз көзқарастарын білдіреді. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша өз ойларын жеткізе алады. Аспан денелері тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады, салыстырады, түсіндіреді. Қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын біледі, фонетикалық талдау жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Аспан денесі, жұлдыз, құпия, галактика, шексіз, шашырап төгілген, жұлдызды аспан, қозғалыс, бақылау.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жұлдызды аспан, шашырап төгілген, түнгі аспан, жұлдыздар шоғыры, аспан әлемі.





  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай аспан денелерін білесің? Жұлдыз неден тұрады? Галактика қандай? Түнде аспаннан қанша жұлдызды көреміз?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Не себепті күн үлкен болып көрінеді? Не себепті жұлдыздар түнде көрінеді?

ишара: алыс –жақын, аспан денелерінің қозғалысы

Алдыңғы оқу:

Аспан денелері туралы біледі, суреттейді, мысал келтіреді. Тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап бере алады. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді анықтай алады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

Құндылыққа баулу:

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының төртінші құндылығында «Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды» деп көрсетілген.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Басы

2 мин.

Сәлемдесу, ұйымдастыру, топқа бөлу

  • Санау арқылы топқа бөлу (1,2,3)

жағымды ахуал орнату. Ширату жаттығуы «От шашу»




3 мин.


Бағалау критерийі:

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды.

1.Тапсырма. Тақырыпты ашу: «Болжау» әдісі. Ұжымдық жұмыс.

Суреттер және сұрақтар беріледі, балалардың берген жауаптары арқылы тірек сөздер тақтаға жазылады, тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды.

Дескриптор:

- суретке мұқият қарайды

- сұрақтарға жауап береді

- тірек сөздерді анықтайды;

- тірек сөздердің көмегімен тақырыпты болжайды.

Кері байланыс:

Не түсінікті болды? Не қиын болды? Не түсініксіз болды?


Мұғалімнің бағалауы: Жақсы жауап. Нақтылық жетпейді. Негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз, т.б.

Түнгі аспан, күндізгі аспан суреттері

Ортасы


12 мин.

Бағалау критерийі:

Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды, суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді.

ІІ.Тапсырма. Топтық жұмыс

«Уақыт тізбегі» әдісі.

Мәтіннің мазмұны мен идеясын ұғу үшін тез көз жүгіртіп оқып шығады. Мәтіннен тірек сөздерді тауып, «Уақыт тізбегіне» түсіріп, мәтінді айтып береді.

Дескриптор:

- мәтінді оқиды, топпен талқылайды;

-түсініксіз сөздерді анықтайды;

-тірек сөздерді тауып, суреттермен сәйкестендіреді;

- мәтін мазмұнын түсіндіреді.






Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір ұсыныс»


Топ бағалайды

Оқулық «Бәйшешек» ІІ бөлім

49-бет, мәтін

Суреттер, «Уақыт тізбегі» парақшасы


10 мин.

Бағалау критерийі:

Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырады.

ІІІ. Тапсырма. Жұптық және топтық жұмыс. «Ойлан тап» әдісі.

Кестеде берілген сөйлемдерді мұқият оқыңыз. Сұрау есімдіктерін қолдана отырып, әр сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

Дескриптор:

- әр сөйлемді мұқият оқу арқылы сұрау есімдіктерін еске түсіреді;

- сұрау есімдіктерінің бірін қатыстыра отырып, әр сөйлемді сұраулы сөйлем етіп жазады.

- жұбы тексереді;

-топта талқылап, ең жақсы сұраулы сөйлемдерді айтып береді.

Кері байланыс:

«Серпілген сауал» әдісі.


Жұптық, топтық бағалау:

Қасындағы жұбының жұмысын тексеріп, баға береді.


Топтық бағалау

Хабарлы сөйлемдер берілген кестелер


7 мин.

Бағалау критерийі:

Жаңа сөздерді тақырыпқа қатысты қолданып, көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

ІҮ.Тапсырма. Топтық жұмыс.

«Венн диаграммасы» әдісі.

Сұраққа жауап беріп, диаграмма құрыңдар. Түнгі аспан қандай? Күндізгі аспан қандай?

Дескриптор:

- сұрақтарға өз көзқарасы бойынша жауап жазады;

- тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін мағынасына қарай ажыратады.

Кері байланыс:

Диаграмманы толтыруда не қиын болды? Не оңай болды?


Топтық бағалау.


Венн диаграммасы, түнгі аспан және күндізгі аспан суреттері

Соңы


8 мин.

Бағалау критерийі:

1. Тақырыпқа сай ауызша мәтін құрайды.

2. Мәтінді әңгімелеуде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескереді.

Ү. Тапсырма. Жұптық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

«Аспан денелері» тақырыбына ауызша сурет салып, аспан денелері туралы ауызша мәтін құрап, жұбыңызға әңгімелеңіз. Әңгімелеу кезінде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескеріп айтыңыз.

Дескриптор:

- қиялдағы суреттің және сөздердің көмегімен ауызша мәтін құрайды;

- мәтінді жұбына әңгімелейді;

- әңгімеде қазақтың төл дыбыстарын дыбысталуы бойынша айтады.

Кері байланыс:

«Еркін микрофон»



Жұптық бағалау.




Рефлексия:


3 мин.

«Бес саусақ» тәсілі

Алақан суреті салынған қағазға сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап жазады:

Бас бармақ –басты мәселе. Бүгін сабақ не туралы болды?

Балалы үйрек –бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін не білдім? Не түсініксіз болды?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




Алақан суреті салынған үлестірме қағаздар


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2018
829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі