400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Астана" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Астана туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Астана.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «Астана» өлеңін түсініп оқыту арқылы елордамыз Астана туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, тарихи мәліметтерді саралай білуге, ақпараттық ойлау қабілеті мен компьютерлік сауаттылығын дамытып, ғылыми ізденуге жол ашу.

Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, басқаның ойын тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдістері: Эвристикалық-ізденушілік, тренинг, талдау, жинақтау, проблемалық, Синквейн, АКТ ,СТО технологиясы.

Көрнекілігі:Интер. тақта, қаланың әсем суреттері, оқулық.,үлестірмелік материалдар, ҚР-ның картасы.

Оқыту формасы: жеке, ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,тарих.


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ой қозғау: «сөзжұмбақ» шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.

1.Мемлекеттік тіл.

2. Биік бәйтерек басына қонған құс?

3. Астанадағы биік ғимарат?

4.Оңтүстіктегі астанамыз?

5. 7-мамыр қандай күн?

6.Алматы қай таудың бөктерінде орналасқан?

Қандай сөз шықты? Астана.

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Астана туралы білімімізді толықтыру.


  1. Жаңа сабақ.

Танып-білу кезеңі:Оқулықпен жұмыс.

Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңімен танысу. Мұғалімнің оқуы. Оқушыларға кезекпен оқыту.


Түсіну кезеңі: Сұрақтарға жауап алу.

-Ақын Астана қаласын қалай суреттеген?

-Астана ҚР-ның қай жерінде орналасқан?

-Алғашында қалай аталған?

-Олай болса, бүгін біз сүйікті қаламыз Астанаға сырттай саяхат жасаймыз.Бейнекөріністі тамашалау.


Қолдану: Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа мәтіндер тарату.

1-ші топ: Географиялық орны және халқы.

Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде,Сарыарқаның төрінде,Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

Астанада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Тұрғылықты халқы-қазақтар.Қала тұрғындарының саны-808 мың адам.


2-ші топ: Астана қаласының рәмізі.

Астана қаласының рәмізінің жобасын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған.

Рәміздің іші мен сырты сақинадан құралған шеңбер түрінде.Қос шеңбер-өміршең даму мен мәңгіліктің белгісі.

Негізгі элемент –Бәйтерек пен Шаңырақтың біріккен түрі. Бәйтерек-тамырын кеңге жайған тіршілік бейнесі.

Шаңырақ-әлем кеңістігінің бір нүктеге тоғысуы. Бәйтеректе құсқанаты оюы бейнеленген.Аспан түстес көгілдір түс тәуелсіздігімізді,оюдың шетіндегі жасыл түс жайқалған жастық шақты сипаттайды.

3-ші топ: Қаланың қалыптасу кезеңдері.

Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.1961 жылға дейін Ақмола қаласы деп аталған;

1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы;

1992 жылы тарихи атауы-Ақмола қайтарылды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз қазақ мемлекетінің астанасына айналды.Ал Елбасының 1998 жылғы 6- мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды.

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.


Жинақтау кезеңі:

1-ші топқа тапсырма: Картамен жұмыс.

Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)

Қазақстанның астанасын көрсет. Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?

Біздің облысымыз қалай аталады? Картадан көрсет.

2-ші топқа тапсырма:

Қаланың қалыптасу кезеңдерін кестеге түсір.

3-ші топқа тапсырма:

СИНКВЕЙН.

Астана

Сәнді, сәулетті.

Өседі, құлпырады,жайнайды.

Астана-отанымыздың жүрегі.

Арман қала.

Рефлексия: Ойларын ортаға салады.

Бүгінгі сабақта не білдік?

Қандай әсер алдыңдар?

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Астана қаласының болашағы туралы ойыңды білдір.



СҚО. Қызылжар ауданы

Озерное орта мектебі

Таныбаева Ардақ Қайыркелдіқызы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі