|
Күні: 28.03.18
Сабақтың
түрі
Топтық
|
Қатысушы
оқушылар:
6 -7
жас.
Топтық: Ерболатов Д, Зұлқарнай
А,Құбайдолла А,Назарбек И
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
«Астана – арман
қала»
|
|
Сабақтың
мақсаттары
|
а)Түзете
дамыту: Қолдың ұсақ бұлшықеттерін
дамыту үшін әртүрлі табиғи материалдарды пайдалану арқылы
аппликациямен жұмыс жасауға дағдыландыру, мольбертті пайдалану
арқылы саусақпен сурет салуға үйрету. Балалардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында ойын
ойнату.
|
|
б)Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, елді
жерді құрметтей білуге, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
|
|
Міндеттер
|
Психологиялық дайындық,сергіту
сәті, тапсырмаларды орындату, жеке, жұптық, топтық
жұмыстар.
|
|
Күтілетін
нәтиже
|
Оқушылардың ұсақ
моторикасы дамиды;
Ойынға деген
қызығушылығы артады;
Шығармашылық
қабілеттері шыңдалады;
|
|
Сабақта
қолданатын әдістер мен
тәсілдер
|
Жылулық шеңбері,
сергіту сәті, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, СТО әдістері,
үнтаспа,, слайд
|
|
Маман аралық
байланыс
|
педагог – психолог,
дефектолог мұғалімі, әлеуметтік педагог, логопед
мұғалімі.
|
|
Сабақ
барысы
|
|
Сабақтың
басы
3
минут
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Ресурстар
|
|
Психологиялық
дайындық.
Қане,
қане тұрайық
Үлкен
шеңбер құрайық
Құрсақ
енді шеңберді,
Алақанды
ұрайық,
Оң
жақтағы балаға,
Сол
жақтағы балаға
Шапалақта –
шапалақ. Жылулық шеңберін құраған
оқушылар бір – бірімен амандасады.
Балалар сабақтың қызықты
тапсырмаларын орындамас бұрын сабақ басындағы көңіл күйімізді
смайликтер арқылы
анықтайық.

Балалар рахмет. Сәттілік
тілеймін.
|
Жылулық
шеңбері
|
|
Сабақтың
ортасы
3
минут
10
минут
3
минут
10
минут
|
Жаңа
сабақты түсіндіру. 1. Астана қаласы туралы қысқаша мәлімет
беру. Біздің елордамыз – Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің
жағалауында бой көтерген жас қала.
Астана – еліміздің бас қаласы. Қаламыз күн санап көркейіп келеді.
Онда көптеген биік, әсем ғимараттар, ойын-сауық кешендері
бар. Бұл –
«Астана - Бәйтерек» кешені. Оның биіктігі-97
метр.Ғимараттың ұшар басынан Астана қаласының көрінісін
тамашалауға болады. Ақ орда – ҚР Президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз
жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіссөздер
жүргізеді.
2. Тапсырма №1 «
Бәйтеректі жасаймыз»
аппликация.
3.Ойын: « Бұл қай
ертегі?»
Мақсаты: Балаларды
қазақ халқының ертегілерін оқуға, еске түсіруге, үнтаспа арқылы
тыңдап, ертегін анықтау.
4.Тапсырма №2
«Мольбертпен жұмыс». - Балалар қазір жылдың қай
мезгілі? Көктем. Ендеше балалар көктем гүлдерінің суретін біздер
трафареттер арқылы мольберт тақтайшасына саусақпен суретін
саламыз.

|
|
|
3
минут
|
Сергіту
сәті
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
|
Бой жазу
жаттығуы
|
|
Сабақтың
соңы
-
минут
|
Сабақты
қортындылау.
-
Балалар бүгінгі
сабақ қалай өтті?
-
Сабақ барысында
қандай тапсырмалар
орындадық?
-
Биыл Астана қаласына
неше жыл болады?
|
Смайликтер
|
|
Рефлексия
Б үгінгі сабақта
болған көңіл – күйді анықтау үшін үшбұрыш пішінін таңдау арқылы
анықтаймыз, сол пішіндерімізді тақтада тұрған суретке
жапсырамыз.

|