400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Астана - Қазақстан Республикасының астанасы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту. Бұл мақала мұғалімдерге класс жетекшілерге көмегі болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні: 15.04.2014ж

Пән: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.

Тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының астанасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін, алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру;

Дамытушылық: Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту;

Тәрбиелік: Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, плакаттар, суреттер.

Сабақтың құрлымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: § 48. Солтүстік Қазақстанның қалалары, ауылдық елді мекендері. ( 254 - 257 беттер)

Үй тапсырмасын сұрау

1 - кестемен жұмыс:

Қала

Маманданған саласы

Қосалқы саласы

Қызмет көрсетуі

Көкшетау

Ауыл шаруашылығы, машина жасау.

Ағаш өнеркәсібі, химия өнеркәсібі т.б

Екібастұз көміріне негізделген жылу электрстансылары Павлодарда, Қарағандыда салынған. Олар халықты электр энергиясымен қамтамасыз етеді.



Солтүстік Қазақстанның басқа қалаларына кесте толтыру.

2 - суретпен жұмыс: Суретке қарап сипаттама беру.

3 - картамен жұмыс: Солтүстік Қазақстанның қалаларының және ауылдық елді мекенінің көліктік жағдайын картадан көрсету.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақстан астаналарының тарихы өте бай.

қала

мемлекеті

мезгілі

Суяб

Батыс түрік қағанаты

603-659

Баласағұн

Қарахан мемлекеті

942-1213

Қойлық

Қарлұқ қағанаты

756-940

Янгикент

Оғыз мемлекеті

756-955

Сығанақ

Қыпшақ хандығы

955-1219


Ақорда мемлекеті

1227-1428


Әбілқайыр мемлекеті,
кейін
Қазақ хандығы

1446 ж. бастап ХVІІ ғ. дейін

Түркістан

Қазақ хандығының саяси және рухани астанасы


Алаш-қала

Алаш-Орда

1917-1920 жж.

Орынбор


1920-1925 жж.

Қызылорда


1926-1929 жж.

Алматы

ҚазКСР,
кейін
Қазақстан Респубикасы

1929-1997 жж.

Астана

Қазақстан Республикасы

1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап



Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.


1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы АлматыданАқмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілдеҚазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.













Астана қаласының көрікті жерлері

1. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер.

2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан. 

Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Зал ортасында әлемдік діндердің өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» - Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің алақанының таңбасы орналасқан.

 2. «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады. 

3. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.

 

4. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған.

Арнайы қондырғылар ішкі температураны бір қалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындары жұмыс істейді.

 

5. Думан ойын-сауық орталығы.  2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. 

Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.  

 

6. «Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

 

7. Декоративтік мүсіндер. Астана қаласының басшылығы суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің арасында үлкен байқау ұйымдастырды. Шарт бойынша байқауға қала көркін ашатын жобаларды ұсыну керек еді. Байқау аяқталған соң, үздік деп танылған жобалар Астана көшелерінде орын алды. Қоладан тұрғызылған мүсіндер әр қилы болғанымен, оларды барлығы қаланың сәнін кіргізіп, көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.

Қаланың назар аударарлық орындары

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

Венн диаграммасы

Алматы

Астана

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі:

Астана қаласы - тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысы.



ҮІІ. Оқушыларды бағалау кезеңі: Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: §49. Астана - Қазақстан Республикасының астанасы.

( 258 - 262 беттер) Оқушыларға: Астананы көркейту мақсатында қандай үлес қосасыңдар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі