жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Астана – тарихи мекен " 6 - сынып
Тексерілді:
|
16.11.21 ж. |
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Терликбаева Салтанат Зейнеловна |
|||||||||||
|
6 ә-сыныбы |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||
|
Қазақ тілі 4-бөлім Астана – мәдениет пен өнер ордасы |
3-сабақ. Сабақ тақырыбы: Астана – тарихи мекен
|
|||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.4.2.1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. 6.4.3.1 неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу; |
|||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады:«Астана – тарихи мекен» мәтінінің мазмұны бойынша жалпы сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойды анықтай алады. |
|||||||||||
|
Оқушының көпшілігі орындай алады: мәтін мазмұны бойынша нақты сұрақтарға жауап беріп, негізгі тірек сөздерді іріктей алады. |
||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, Астана туралы жинақы мәтін құрастыра алады. |
||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады, ақпаратты іріктеп, жинақы мәтін құрастырады. |
|||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ақмола қаласы, көне қала, Қызылорда қаласы, Орынбор қаласы, Алматы қаласы, тарихи мекен, т.б. |
||||||||||||
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қасиетті мекен, жаңа Астана, Ұлы Жібек жолы, мәдениет, өнер. |
||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: «Қасиетті өлке», «киелі мекен» деген ұғымдарды қалай түсінесің? |
||||||||||||
|
Не себепті ... деп ойлайсыз? Неліктен «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» деп ойлайсың? |
||||||||||||
|
Ишара: бас изеу (мақұлдау). |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
«Қазақстан тарихы», «География» пәндері. |
|||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» тұғыры тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы арқылы білім алушыларды ұлттық құндылықтарға құрметке, өзара ынтымақтастыққа, қазақстандық патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. |
|||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Білім алушылардың Қазақстанның бұрынғы астаналары – Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары туралы мағлұматы бар. |
|||||||||||
|
АКТ-мен байланыс |
Астана қаласы туралы фототаныстырылым, ғаламтор материалдары. |
|||||||||||
|
ЖОСПАР |
||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
||||||||||
|
Басы 4 минут 5 минут Сабақ ортасы 3 минут 2 минут 8 минут |
2-топ. «Бұл қай қалалар? Не себепті бұл қалалар бейнеленген?» сұрақтарына жауап береді. 3-топ. Суреттерді өзара байланыстыру, ойларын жинақтау.
Астана – тарихи мекен Қазақтың әрбір ауыл-қаласының өзіндік тарихы бар. Ал астаналар тарихы өз алдына бөлек әңгіме. Бұрынғы заманда көрші елді мойындататын таңбасы, елдігінің айғағы – ол мемлекетті бір ортаға біріктіре алар киелі мекен – астанасының болуымен ерекшеленді. Қазіргі таңда да ел астанасы маңызды орында. Қазақстан астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматы болды. Қазақ қазақ болып өз егемендігіне жеткелі бері баршамыздың көз қуанышымыз болып, Есіл өзенінің бойынан тұңғыш астанамыз Астана қаласы ірге көтерді. 1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы Декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бірақ та 1925 жылы Қазақстан астанасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Қызылорда қаласына көшірілген. Алматы қаласы 1929 жылы астана қызметін атқара бастады. Осы кезден бері ауқымды құрылыстар жүргізіле бастайды. Қазіргі күнге дейін де Алматы қаласы Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен елдің мәдени орталығы болып табылады. Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар қою және оларға жауап алу:
Қалыптастырушы бағалау «Шапалақ» әдісі.
|
Қима қағаздар
Фототаныс-тырылым
http://e-history.kz/kz/publications/view/998
Аудиомәтін
Әрінова Б.А., Раева Г.М., Каримова Г.С., Жұмекенова Л.К. 6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (жоба). Алматы: Атамұра, 2018. (232 бет.)
64-бет
|
||||||||||
|
4 минут
|
Тілдік бағдар тақырыбын өздіктерінен оқып, жеке, жұпта талқылап, негізгі мәліметтерді дәптерге жазады. Термин сөздер Ғылым, техника, өндіріс, өнер және т.б. саладағы белгілі бір ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер термин сөздер деп аталады. Мысалы: фонетика, меридиан, қосымша құн, нота, энергия т.б. Ғылым тілінің халықаралық сипат алуына байланысты терминдер тілімізде кең тарады. Оларды игеру қазақ тілінде мынадай тәсілдер арқылы қалыптасқан: 1.Мағыналық аударма жасап, тілден балама табу арқылы. Мысалы: тұрақ (стоянка), жарнама (реклама), ғаламшар (планета). 2.Терминдерге қазақ тілінде балама болмаған жағдайда халықаралық терминдерді пайдаланамыз. Мысалы: биология, химия, гектар, климат т.б.
Мысалдар келтіреді. Ой түйіп, ережені өз сөздерімен қысқаша жеткізеді.
ҚБ. смайликтер арқылы.
|
6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (жоба). 66 -бет
|
||||||||||
|
Сабақ соңы
5 минут
6 минут |
Қазақ тілі, география, биология, математика пәндері бойынша өзің білетін терминдерді жаз.
ҚБ. «Шапалақ» әдісі
| |||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген