15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Астанаға саяхат"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:Таным.
Бөлім:
Тақырыбы:Астанаға саяхат.
Мақсаты:Балаларды өздігінен жұмыс істеуге, талдау жасауға, шығарған есептерін саналы түрде түсіне білуге, логикалық есептер шығартуға, ауызша есептер құрастыруға дағдыландыру. Даут мен Астана арасындағы пойыз станциялары туралы түсініктерін толықтыру. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекі құралдар:Паровоздың, нөмір жазылған вагондардың суреттері, тапсырма шарты жазылған билеттер, 1-ден 10-ға дейінгі нүктерлермен белгіленген түрлі-түсті балықтар,.
Сөздік жұмыс:
Билингвальдық компонент:
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы
|
Таңғы шеңбер. Тәрбиеші: Кел, балалар, ортаға, үлкен шеңбер құрайық. |
Қайырлы таң алтын күн Қайырлы таң көк аспан! Қайырлы таң жер ана! Қайырлы таң балабақша! Қайырлы таң достарым! |
Ұйымдастырушы- Іздену
|
Тәрбиеші: Балалар, сендер саяхатқа барғыларын келе ме? Біз бігін бас каламыз Астанаға пойызбен саяхат жасаймыз. Тобыл станциясына жету үшін кассадан билет аламыз, «Вагондар» деп аталатын тапсырманы орындаймыз. Балалар билетте көрсетілген қосындының немесе айырманың мәніне сәйкес келетін вагондарға отырады. 10-9=? 8-6=? 5-2=? 3+1=? 10-5=? 4+2=?10-3=? 4+4=? 2+7=? 4+6=? Мысалы 9-8=1 1-ші вагонға отырады Жолсерік жолаушылардың тапсырмаларын тексеріп шығады. Тәрбиеші: Құрметті жолаушылар пойызына отырғызу басталады. Ноутбук арқылы пойыздың дыбысы беріледі.Балалар Тобыл станциясына келеді. Жолсерік:Аманқарағай станциясына жету үшін «Домино» ойнаймыз. Яғни Тобыл өзеніндегі балықтарды 1-ден 10-ға дейінгі белгіленген дөңгелектеріне сәйкес ретімен қойып шығамыз. тәрбиеші тексереді. Пойыздың дыбысы беріледі, балалар пойызға отырады, Аманқарағай станциясына келді. Жолсерік: Келесі станция Қазанбасқа жету үшін «Шашылған моншақтар» деп аталатын тапсырманы орындаймыз. Жануарлардың шашылып қалған моншақтарын жинауға көмектесеміз. Жиналған моншақтарды жануарларға (жұмсақ ойыншықтар) сыйлайды. Пойыздың дыбысы беріледі, балалар Қазанбас станциясына келеді. Жолсерік: Келесі станция Есілге жету үшін үшін «Қанша? Неше?» деп аталатын тапсырманы орындаймыз. Суреттер бойынша қосу және азайту амалдарына есептер құрастырамыз.
2.Айгүл 4 сурет, ал Марат 3сурет салды. Балалар барлығы қанша сурет салды.? 3.Алуада 5қаз жайылып жүр еді. 1қаз бөлек кетті. Алуада қанша қаз қалды? 4.Қайраттаң 7кітабы бар еді. Ол 2 кітабын Асқарға берді. .Қайратта неше кітап қалды? 5.Ағашта 10алма өсіп тұр еді 5-уі жерге түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды? 6.Үйрек 6 балапанымен жүзіп жүр еді, оған 2балапан қосылды. Барлығы неше балапан болды? Пойыздың дыбысы беріледі, балалар Есіл станциясына келеді. Сергіту сәті «Орның қайда?». Тәрбиеші: «Жақсы» станциясын жету үшін көңіл көтеріп, дем аламыз. Қазыр музыка қосылған кезде билейсіңдер, ал музыка тоқтаған кезде вагондарынңын рет нөмірлері бойынша тұра қалуларың керек. (3-4 рет қайталанады). Пойыздың дыбысы беріледі, балалар «Жақсы»станциясына келеді. Жолсерік:Атбасар Станциясына жету үшін «Қатесін тап» деп аталатын тапсырманы орындаймыз. 8>4; 5=7; 3>9; 6<2; 7>0; 1=9; Пойыздың дыбысы беріледі, балалар Атбасар станциясынакеледі. Жолсерік:Астанаға жету үшін «Ойна да, ойла» деп аталатын тапсырманы орындаймыз. Тәрбиеші:Тапсырманы дұрыс орындасандар Астанада адаспау үшін Астананың (көшелерінің) картасы тауып аласыңдар. 1.Аулада 5 үйрек, қорада 3үйрек. 1 үйрек тығылды 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? Жауабы Қалғаны алты үйрек.: 2.Бір алманы 4-ке бөлдім. Бір бөлігін жеп те көрдім. Қалған үлкен 3бөлігін Қасымдағы 3 доыма бердім. Қалтамда не қалды? Жауабы: Қалтамда нөл алма қалды. 3.Бір бірімен жарысқан 2аю, 1арыстан 4Қоян, 3 түлкі Бәрі нешеу, ойлан сен? 4.2түйе, 2жылқы, 2сиыр, 2ешкі.2. қой. Таба алмасаң бұл күлкі. Жауабы: Барлығы он. Балалар геометриялы пішіндердің артына жасырылғанлогикалық есептерді шешіп, Астанаға келді. Астананың көрікті орындарының суреттерін қарайды, тәрбиеші сұрактарына жауап береді. |
Иә, барғымыз келеді.
Балалар есебің шығарып қай вагон қай вагонға отыратының анықтайды.
Балалар вагон нөмірлеріне сәйкес паровозға тіркеледі
Балалар тапсырманы орындайды
Осы сандар мен таңбалардың керектілерін өз орындарына қояды.
6 бүртік болды.
7 сурет салды.
4 қаз қалды.
5 кітап қалды.
Ағашта 5 алма қалды.
8 балапапн болды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Жауабы Қалғаны алты үйрек.:
Жауабы: Қалтамда нөл алма қалды.
Жауабы: Барлығы он.
|
Рефлексті-түзету |
Балалар біз саяхатқа қайда бардық немен бардық? Балалар Астанаға барғанша біз не істедік? Астанада не көрдік? Саяхат үнады ма неге? |
Біз саяхатқа Астанаға поезбен бардық. Біз тапсырмаларды орындадық. Саяхат бізге өте үнады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қарапайым математикалық ұғымдарды.
Игеру:Тапсырмаларды толық орындау.
Айта орындай білу: Бастаған істерін аяқтау және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген