400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Астық алқабында мектепке даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні,айы жылы:

Тәрбиеші: Нурланова.А.Н

Білім беру саласы: «Әлеумет»,«Шығармашылық»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру,жапсыру

Тақырыбы: «Астық алқабында»

Мақсаты: Балаларға күзгі егіс алқабы жайлы түсінік беру,балаларды табиғи қалдықтармен аппликация жасаудың дәстүрлі емес түрімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Суреттен бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету,күз байлықтары жайлы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ел байлығы - астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру.Сөздік қорларын,ұсақ моторикаларын дамыту.

Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін құрметтеуге,нанға ұқыптылықпен қарауға,

отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Егін алқабының,нан өнімдерінің суреттері,картон,түрлі-түсті қағаз,желім,боялған асқабақ тұқымдары

Қостілділік компонент: Бидай-пщеница,масақ-колосок,астық-зерно, егін-урожай.


Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс –әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!


Балалар жарты шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жұмбақ жасыру:

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?


- Дұрыс,күз мезгіліндегі табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Дұрыс,жемістер мен көкөністер, дәнді- дақылдар күзде піседі екен,ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу оқу-қызметімізде

«Егіс алқабымен» танысайықшы.

Сурет бойынша жұмыс

Тақтаға назар аударайық.

Тақтадан «Астық алқабының» суреттерін тамашалайды.


Мына суретте не көріп тұрсыңдар, балалар?

- Мына суретте комбайнмен астық жинап жатыр.

Адамдар күз мезгілінде піскен егінді комбайнмен комбайыншылар орады.

Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып, бидай алынып машинаға жүгеді.Дайын бидайды көліктермен қырманға апарып тазалап, диірменнен өткізіп,ұн жасалады.Ұнды наубайханаға апарып,ұннан қамыр иленіп, нан пісіріледі.

- Міне дастарханға нан осындай еңбекпен келеді.


- Сондықтан балалар нанды қастерлеп,оған құрмет көрсетуіміз керек.

-Олай болса денемізді шынықтырып нан туралы өлең жолдарын айтайық.


Сергіту сәті

(Мнемокесте арқылы)

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар


Ғажайып сәт

(Тышқанның қонаққа келуі)


Жапсыру (кептірілеген асқабақ тұқымдарынан)

«Бидай масағы»

(Педагог үлгі бойынша көрсетеді)

Жасалу жолдары:

Кептірілген асқабақ тұқымдарын ПВА-желімі арқылы бидай сабағына жапсырамыз.Дәндерді жұптастырып,қарама-қарсы қоя арқылы жапсыру.


Тышқанға жасаған бидай масақтарын жинап береміз.

Балалардың жауаптары.

-Күз мезгілі

-Жапырақтар сарғаяды

-Жаңбыр жиі жауады

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

-Жеміс-көкеністер піседі,қырманға астық түседі













Балалар суреттерді мұқият қарайды




Сөздердің мағынасын түсінеді.

Балалар қайталайды:

Бидай-пщеница,

астық-зерно, егін-урожай.






Үлкендердің еңбегін бағалау қажеттігін біледі.








Балалар қимылмен көрсетеді.









Рефлексиялық түзетушілік

-Міне балалар біздің дала – астыққа бай дала екен.

Балалар тақпақтарын айтады.


- Бүгінгі оқу қызметіміз қандай?

- Қандай суреттер көрдік?

Балалардың көңіл - күйін сұрап, оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау


Айсезім мен Жұлдыз

айтады.



-Күзгі егін алқабы жайлы

-Дастарханға нанның келу жолдарын



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Нанның дастарқанға келу жолдарын,табиғи материалдардан «бидай масағын» жасауды;

Қандай түсініктерді игерді: Бидайдың нанға айналатын кезеңдерін,егін алқабы жайлы түсініктерді игерді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Көрнекі құралдарды пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру;













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
1017
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі