Сабақтың тақырыбы:
“Ата-ананы қадірлеу – парызың»
Мақсаты:
Оқушыларға
“отбасындағы
сүйіспеншілік” ұғымы туралы түсінік
беру; оқушылардың ойлау дағдысын
қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге
үйрету, шығармашылық әрекетін дамыту;
сыйластыққа, мейірімділікке,
татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс –
тәсілдері:
Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау,
тірек-сызба, топтастыру стратегиясы, танымдық
ойындар.
Көрнекіліктер:
интербелсенді тақта,
слайдтар, қанатты сөздер,
мақал-мәтелдер:
1.Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.
2.Бала тәрбиесі –
бесіктен.
3.
Ата-ананың парызын,
Өтеу - сенің қарызың.
4.
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін
білмес.
Ғ.Мұстафин
Психологиялық ахуал
орнату
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата-ананы құрметтеп,
Бас
иеміз біз.
Балалар орындарына
жайғасады.
Топтастыру
Тақырыпты ашу:
Слайд -
1
«Шашылған сөздер»
ойын
1-топ «Ақиқатты айтып, жақсылыққа жетелеп,
қарашаңырақты аманаттаушы отбасының мүшесі кім?»
(әке)
2-топ «Тоғыз ай құрсағында, үш жыл бауырында,
өмір бойы жүрегінде көтеретін отбасының мүшесі кім?»
(ана)
3-топ «Жеті жұрттың қамын ойлап, жеті атасын
білуге міндетті отбасы мүшесі кім?» (бала)
-Әке, ана, бала- бұл үш сөз қандай мағынаны
білдіреді.
Слайд-2 «Ата-ананы қадірлеу –
парыз»
Қазіргі кезде қазулы қара жолмен тең ақыл-
кеңесін беріп отыратын әке мен ананы тыңдамайтын, әке мен ана
пікірін қате деп есептейтін жасөспірімдеріміз көбейіп бара жатыр.
Бүгін мен халқымыздың «Тәрбие кешіктіріліп берілсе,
кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмасы, қалпына келмейтін ізгілікті
іс» деген дана сөзін бүгінгі тәрбие сағатымызға арқау етіп
алып отырмын. «Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ,
бала-жағасындағы құрақ» демекші, осы бір қарапайым мақалдың
астарында терең ой жатыр.
«Ой ашар»
Топтарға тапсырма
беріледі:
1 топ
– Алма
ағашы ата-анаңа қандай құрмет
көрсетесің?
2 топ – Менің анам, менің әкем
(теңеу сөздер) ермексазбен жұмыс
3 топ – Суреттер жапсыру
(қалай еркелетеді)
«Ата-анаға құрмет»
бейнекөрініске назар аударайық.
«Отбасы тірегі»
бағаны Сонымен балалар бүгінгі тәрбие
сағатымызды қорытындылау үшін барлығыңызды менің жаныма
шақырамын. Отбасының құндылықтарын сақтап қалатын тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні болатын қасиеттерді атап «Отбасы
тірегі» бағанын құрайық.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген.
Ендеше балалар, адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне
сенімділігі – ата-анасын ардақ тұтып, өздеріңнің перзенттік
парыздарыңды бір сәтке де естен
шығармаңыздар.
Рефлексия