жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ата – анаң – алтын тұғырың 11-сынып
Авторы: Нургалиева Гулмира Владимировна
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылы И.Құрманов атындағы орта мектебі әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
6-сынып, Өзін – өзі тану пәні
Сабақтың тақырыбы: Ата – анаң – алтын тұғырың.
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Ізгілік, жомарттық, кішіпейілділік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата – анаң алтын тұғыры екендігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларды ата – анаға ізгілік көрсете білуді түсіндіру. - Оқушыларды жомарттық таныта алуын дамыту. - Оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу.
2.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (баяу әуен) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда қолымыз тек жақсы істер істейді. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда, олар жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің тіліңізге тарады, шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, жақсы сөз,әсем әуенді ғана естиді.Нұрды уақытша түсініспей жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толыәлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. 3.Үй тапсырмасын тексеру. №19 – сабақ. 91-беттегі. Б.Соқпақаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасынан үзінді оқу.
1. Басқа балалардың әке туралы сөздері Қожаны қандай ойға баурады? 2. Бала Қожа анасын неге аяйтын еді? 3. Қожаның әкесі қандай адам болған? 4. Жылы сөздің адамдарға әсері қандай ? 5. Айналамыздан жылы сөздерді жиі естіп жүрміз бе? 6. Өзің жылы сөзді қаншалықты жиі айтасын?
|
Ресурстар: оқулық, дәптер
Сабақ барысын талқылау:
Ескерту Сиқырлы әуен «Хрустальная грусть» |
|
|
Сүйіспеншілік адам жанына қуаныш, ерік пен еркіндік сыйлайды... М.Лютер 1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? 2 рет қыздар,2 рет ұлдар, 1 рет бәрі қайталап оқиды. Дәйек сөзді дәптерге жазу |
. |
Ғаламат
1.Салли інісі Жорж үшін неге уайымдады? 2.Салли дәріханада кіммен кездесті? 3.Саллидің күлімдеуіне қандай ғаламат әсер етті? 4. Ғаламаттың күші неде? 5.Күнделікті өмірде жомарттық жасау барлық адамның қолынан келе ме? 6. Өмірде кішіпейіл адамдарды көре аласың ба? 7. Өзіңнің бойыңда ғаламат күш бар ма? |
Әңгіме |
«Ата – анаң тірегің» тақырыбы бойынша ата-анаға хат жазғызу |
|
«Ана туралы жыр» Сөзі: Ғ.Қайырбеков Әні: Ш.Қалдаяқов (караоке қолдану) Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. Сен берген құстардың, Қанатын самғаған. Балалық құштарым, Өзіңе арнаған Қайырмасы: Әлдилеп аялап, Өсірген жемісің. Самал жел, сая бақ, Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де Мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей, Көзіңнен танимын 2.Өтеуге борышым, Анашым, жан сырым Іздедім сен үшін, Әлемнің асылын. Әлемнің байлығын, Сыйлар ем кеш мені. Сыйлар ем ай, күнін Қолыма түспеді. Қайырмасы: 3.Ете гөр қанағат Әзірге берерім Балалық махаббат Балалық жүрегім Бол риза, анашым Қолдағы осы бар Өзіңе арнаған Әнімді қосып ал Қайырмасы: |
|
«Отбасы – жылы ұямыз, тірегі – ата анамыз » тақырыбында эссе жазу. |
|
|
«Хрустальная композиция» бейнежазба |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген