400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ "Ата-ананы құрметтеу туралы.Қабуснаме" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сыныптардың ашық сабақтары үшін керек сабақ.Онда Қабуснаме кітабы туралы түсінік және оны жазған Қайкаус туралы айтылады.Кітаптың негізгі ойы ата-ананы құрметтеутуралы,Адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейінгі не істеу керектігі,яғни өмір жолы жазылған туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

ОІМ:Қошанова Г.Ш___________

Күні:12.10.2018ж

Менің отбасым және достарым

Сабақтың тақырыбы:Ата-ананы құрметтеу туралы Қабуснаме

Күні:12.10.2018ж

Пәні:Әдебиеттік оқу

Мектеп: №9 орта мектеп

Мұғалімі: Инербаева Алия Кумбетбаевна

Сынып: 2 «Г»

Қатысқан оқушылар саны:20

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақ нәтижесі

1.Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы

Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

















3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.

1.Сәлемдесу

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.

Шаттық шеңбері

Қуанамыз күлеміз,
бар әлемді сүйеміз.
Қол ұстасып қуанып,
достармен бірге жүреміз


II. Кіріспе сөз 
-Оқушылар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сондықтан өз білімімізді көрсетейік. 
Бүгін сабақта топпен жұмыс істейтін боламыз.Олай болса өзімізге ұнаған суретті таңдай отырып топтарға бөлінеміз.

1 топ «Ата»

2 топ «Әже»

3 топ «Әке»

4 топ «Ана»




Жаңа білім

3 минут
















3 минут




















2 минут










7 минут







Топтық жұмыс

«Ой қозғау» әдісі 1-тапсырма

-Сендер үшін ең қымбат жандар кімдер?

Тапсырма:

1.Әр топ сурет бойынша теңеу сөздер тауып айтады.

Ата-айтары мол ғұлама,көп жасаған кария.

Әже-Мейірімді,ақ шашты,ұйықтар алдында ән,ертегі айтып береді.

Әке-Отбасы қорғаушысы,асыраушысы,асқар тау.

Ана-Түн ұйқысын төрт бөлген,түнде бесік таянған,ақ сүт берген.

Дескриптор:Білім алушы

1.Тапсырманы топ болып орындады.

2.Сурет бойынша теңеу сөздер тапты.

ҚБ. «Қолшапалақ»


Жеке жұмыс

«Миға шабуыл» әдісі 2-тапсырма

-Мына суретке қарап не айтуға болады?


1.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

2.Ұядан ұшып бара жатқан балапан

3.Отбасы жылуы

Дескриптор:Білім алушы

1.Суретке қарап тақырып ойлап тапты.

2.Мақал-мәтел,нақыл сөздер анықтады.

ҚБ. «Смайлик»


Ұжымдық жұмыс

«Серпілді сұрақ» әдісі

Отбасы-дегеніміз ол ...............

Отбасы қандай болу керек.........

-Ата,әже,анам,әкем,мен....

-Тату,сыйлау,қадірлеу,құрметтеу,аялау,ренжітпеу керек.



Жаңа сабақ

«Ой толғаныс» әдісі Видеоролик көрсетемін

Ана-ананы құртеттеу туралы.Қабуснаме.

Кабуснама деген не?

Қайқаус деген кім?
«Қабуснама» — парсы тілінде 1082 - 1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру - тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021 - 1022 жылдарда) дүниеге келедi.
Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып - терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгiт - насихат кiтабым», - дейдi. Бұл кітапта адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейін не істеу керектігі, яғни дұрыс өмір сүру жолы жазылған.
Кабустың немересі Қайқаус та өз заманында көп жағдайдан хабары бар зилы еді. Табиғаттану мен музыкаға құштар болған.
Бұл кітап иран тілінен түрік, ұйғыр, неміс, өзбек, француз, орыс, ағылшын, қазақ, татар тілдеріне аударылды. Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған Тұрсынәлі Айнабеков.



Ортасы

5 минут














2 минут





3 минут







Топтық жұмыс

«Джиксо» әдісі 3-тапсырма

1 топ «Ренжітуші болма»

2 топ «Жақсылығын бағала»

3 топ «Құрметтесін десең»

4 топ «Ізгі тілек»

Дескриптор:Білім алушы

1.Мәтіндегі бөліктердің шегін тауып оқыды.

2.Мағынасын түсіндірді.

ҚБ. «Бағдаршам»


Сөздік талдау

Перзент-бала

Парасат-сана,ақыл-ой

Қаяу-реніш


Жұптық жұмыс 4-тапсырма

-Ата-анаң саған қандай ақыл айтады?

Дескриптор:Білім алушы

1.Ата-анасының айтқан ақылын еске түсірді,жазды.

2.Шапшаңдықпен орындады.

ҚБ. «Басбармақ»




Сергіту сәті

2 минут

Ән: «Біз тәртіпті баламыз»

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақты бекіту

2 минут


Топпен жұмыс 5-тапсырма

Сәйкестендіру тест


Анаға қарап қыз өсер

Алдыңа сол келер

Ата-бәйтерек

Әкеге қарап ұл өсер

Атаңа не істесең

Бала-жапырақ

Дескриптор:Білім алушы

1.Сәйкестендіру тестін топпен бірлесе отырып орындады

ҚБ. «Басбармақ»



Бағалау

2 минут






Кері

байланыс

2 минут

Күннің жылуы арқылы бағалаймын



-Бүгінгі сабақта сен қай жерде тұрсын?

-Белгіле.


Үйге тапсырма: Ата-ана,бала туралы мақал-мәтел жазып келу.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

А оқушы әңгіме құрастырады

В оқушы әңгімеледі

С оқушы ата-анасы туралы сипаттады


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?




Жетістік критерийлері арқылы бағалаймын

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқушылардың тақырыпты жетік түсінуі мен үшін табысты болды


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Әдіс-тәсілдер сабақты жеңілдете білді.

2.Оқушылардың бірлесіп,иоптасып жұмыс жасауы.




№9 орта мектеп













Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ата-ананы құрметтеу туралы»













Өткізген: Инербаева Алия

Сыныбы: 2 «Г»















Жаңаөзен қаласы

2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
1478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі