жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ата-баба мұрасын құрметтейік" 4 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
-
35-сабақ. Ата-баба мұрасын құрметтейміз
Күні:
Сынып 4ә
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба,диафильм, кесте
таныстырылым түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Өлеңді түсініп оқиды. Тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстарын орындап, сызба, сурет арқылы көрсетеді. Тақырыпқа қатысты өз ұсынысын білдіріп, дәлелдермен негіздейді.
Оқушылардың басым бөлігі: Өлең мазмұнын өз сөздерімен баяндап жазады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты қорытынды жасап, баға береді.
Бағалау критерийлері:
Түрлі шығармашылық жұмыстар орындайды.
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
Қазақ халқының дәстүрлері, қолөнері, ән-күйі, саз аспаптары жайлы
біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту (МК) «Амандасу салтымыз, Бармысыздар, жалпыңыз.
Бағалыны артына, Қалдырған екен халқымыз», –
дегендей, қазақ халқының ата-баба мұрасы өте бай. Бүгінгі сабағымызда ата- баба мұрасына тоқталамыз.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.
Ортасы
Мағынаны тану
(Т) «Бірлесіп орында» айдары бойынша кестемен жұмыс
Оқушылар төрт топқа топтасып отырады.
І топ: «Саз аспаптары» тобы – сурет арқылы немесе қимыл қозғалыс арқылы ұлттық саз аспаптарын көрсетеді.
Дескрипторы: Ұлттық саз аспаптарының суретін салады немесе қимыл арқылы саз аспабын ойнауды көрсетіп, дыбысын ауызбен айтады.
ІІ топ. «Зергерлік бұйымдар» тобы – топтастыру сызбасы арқылы зергерлік бұйымдарын жазады.
Дескрипторы:
Қазақ халқының ұлттық зергерлік бұйымдарының атын топтастырып жазады.
Әр бұйым жайлы түсініктеме береді.
ІІІ топ. «Әншілер мен күйшілер» тобы – бірігіп екі әннен үзінді орындайды.
Дескрипторы: Қазақтың халық әндерінен 2 әнді таңдап, үзіндісін бірігіп орындайды.
Топтастыру парақтары
ІV топ. «Шежіреші жеті ата» тобы – жеті атаның шежіресін сызба арқылы көрсетеді.
Дескрипторы: «Жеті ата» шежіресін сызба арқылы көрсетіп, мысал келтіреді.
ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Жазылым
«Қойын дәптер» әдісі бойынша Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады
Аты-жөні Е. Өтетілеуұлы
Туған жылы 1938 – 2006 ж.ж.
Туып-өскен жері Ақмола (Нұрсұлтан) қаласында
дүниеге келген.
Шығармалары «Алақай» жинағы
Ақпарат Ақын
Оқылым
«Түсініп оқы» айдары бойынша
«Біз – қазақ баласы» атты өлеңді оқушылар шумақтарға бөліп оқиды. Әр шумақтан соң талдау жасалып, мағынасы ашылып отырады.
Дескрипторы:
-Сауатты, мәнерлеп оқиды.
-Мазмұнын түсінеді.
«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша «Мирас», «Білген ат бағасын» деген сөз тіркесінің мағынасын ашады.
Мирас – атадан әкеге, әкеден балаға қалатын мұра.
Білген ат бағасын – бұл жерде жылқы малын жақсы көрген деген мағынада.
(Т, МК)«Сұрақ-жауап» әдісі
Өлең кейіпкері өз ұлтының қандай мұрасын мақтан еткен?
Өлеңде аталар мирасы туралы не айтылған?
Мақсаты: Осы сұрақтардың жауабын топ болып іздейді. Әр сұрақтың мүмкін жауаптарының бәрі қарастырылады.
Мұғалімнің көмегімен ортақ шешімге келеді.
Тиімділігі: Оқушылар сұрақтың мүмкін жауаптарының барлығын қарастырып, ой елегінен өткізіп отыру дағдыларын арттырады.
(ЖЖ) «Ойыңмен бөліс» айдары бойынша
Әр жұптағы екі оқушы ақынның «Сөз сайыс айтысқа бар ынта таласы» деген сөзін арқау етіп, айтыс өнері жайлы білімдерін ортаға салады.
Дескрипторы:
Айтыс өнері жайлы білгендерін ортаға салады.
Өз білімдерін толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау
Тапсырма
Мәтінді оқы.
Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы. Ол – суырып салма ақындық өнердің жемісі. Айтыстың бірнеше түрі бар: жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт айтысы. Ақындар айтысы жұрт бас қосқан ойын-сауық, үлкен жиындарда өткен. Жиылған халық, ақсақалдар сайысқа түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтқан.
Қосымша дереккөздерден айтыс түрлері туралы ақпарат жинап, кестеге түсір.
Айтыс түрлері
Ерекшелігі
Олардың байланысын сызба түрінде көрсет.
Дескриптор Білім алушы
айтыс түрлерінің ерекшеліктерін ажыратады;
айтыс түрлерінің байланысын көрсетеді.
«От шашу» әдісі арқылы бағалау
Компьютер, интербелсенді тақта
Дәптер
Аяқталуы
«Идеялар тақтасы» әдісі жүргізіледі.
«Қазақтың жақсы дәстүрлерін сақтап, жалғастыру үшін не істер
едің?» деген сұраққа қатысты әр оқушы өз ұсынысын жазып, идеялар тақтасына іледі.
Дескрипторы:
Қазақтың жақсы дәстүрлерін жалғастыру үшін әр оқушы өзі не істейтіндігін жазады.
Өз ұсынысын ұжымға жариялап оқиды.
ҚБ:«Смайлдер» әдісі бойынша әр оқушы өзіне ұнаған жауапқа белгі жапсыру арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.
Үйге тапсырма: «Мен үшін мұра болатын асыл зат» тақырыбына сурет салады немесе эссе жазады.
Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап ал.
К
ері
байланыс
«Идеялар
тақтасын» әзірлеу
Дайын кестелер
-
Рефлексия. «Көңіл күй қоржыны»
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Диалог және қолдау көрсету: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
«Отшашу», «Ду қол шапалақ»,
«Смайлдер»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген