400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ата-баба тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: «А.С.Пушкин атындағы орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Төлеуханқызы Төлеугүл

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Ата-баба тәрбиесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге

шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

• Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді.Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылған жұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.


Тілдік мақсат

Тілдік дағды: ББҮ кестесі – оқылым, айтылым, жазылым.

Сиқырлы қалпақша тәсілі- айтылым, оқылым тыңдалым.

Жаңа сөздер сандығы тәсәлі – жазылым

Терминдер: Айттыру, бата жөні өзіңдікі, шіл болма.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

  • алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Өлеңнің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту жаттығуы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.


Топтарға бөлу.

Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты, сақтық шараларын сақтау мақсатында топқа бөлу әдісін қатар бойынша іске асырамын.

1қатар, 1-топ: «Көк түсті бет перделер»

2қатар, 2-топ: «Ақ түсті бет перделер»

3қатар, 3-топ: «Гүлді бет перделар»


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сақтық шараларын сақтаймыз.

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз»

Май шамның суретін көрсету арқылы, әр қатардың тобындағы оқушылардан бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Сиқырлы қалпақша» тәсілі арқылы өткен тақырыпты еске түсіреміз. Қалпақшаны әр баланың басына кигізу арқылы сұрақтар қойып, жауап аламыз.

-Қазақта неше би бар,оларды ата? (үш би, Төле би,Қазбек би,Әйтеке би)

-«Жеті жарғыны» жазуға атсалысқан биді ата? (Қазбек би)

-Ақын бір нәрсені , құбылысты бірнеше рет қайталап, сөздің әсерін күшейте түсу тәсілін қолданады.Мұны қандай әдіс деп атайды?

( қайталау әдісі)

-Әйтеке бидің пайымдауынша жақсы жігіт қандай жігіт екен?

(Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген)









Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Сабақтың ортасы


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Мұғалім оқушылардан Бауыржан ата туралы білетіндерін сұрап,

өз тарапынан толықтырады. Оқулықтағы ақпаратты

пайдаланады.ББҮ кестесін толтырады.




«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша

жүзеге асады. «Ұшқан ұя» мәтіні оқылып, оқу барысында

аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік

жүргізіледі.

(Ж.ж) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың

мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде

талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Сөздердің мағынасын ашу.

Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру

«Бата жөні өзіңдікі» – «батаны өзің бергенің жөн»

Шіл болма – бұл жерде: « кішкентай дәрменсіз құс сияқты

болма» деген мағынада.

«Пікіріңді айт» тәсілі бойынша берілген сұрақтарға

жауап беріп, өз пікірлерін оқулықта берілген мақалдармен

байланыстырады.

1. Мәтіннен жазушының отбасы мүшелеріне деген қандай

сезімдерін байқадың?

2. Жазушы сәбидің дүниеге келуіне байланысты ұлттық

дәстүрлердің қайсысын еске алған?

«Есіңе түсір» тәсілі

– Қазақ халқында батаның түрлері көп. Мысалы, ел мен жерге

берілетін бата, асқа берілетін бата, ақ бата, тағы басқа. Ақ бата –

ата-ана мен ақсақалдардың, ел ағаларының ұрпақтарына білдірген тілегі. Батаның түрлерін естеріне түсіреді. Қандай жағдайда

берілетініне қысқаша түсінік береді. Мұғалім тарапынан оқулықтағы ақпарат толықтырылып беріледі. Бата білетін оқушыларға бата бергізуге болады.

«Дәлелде» тәсілі бойынша Бауыржан отбасындағы қай

бала болғандығы туралы дәлел келтіру. Бұрынғы Бауыржанның

балалық шағы туралы оқыған әңгімелерін естеріне түсіреді.

а) Тұңғышы ә) Ортаншысы б) Кенжесі

Дескрипторы:

«Бауыржан отбасындағы қай бала?» деген сұраққа қатысты

өз пікірін білдіреді.

Пікірінің дұрыстығын дәлелдейді.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

«Бағала» айдары бойынша оқушылар төмендегі сұрақ төңірегінде өз ойларын білдіреді. Сол бөлікті дәптерге жазып

алуды оқушыларға тапсыру.

– Саған Бауыржанның бабасының берген ақ батасының қай сөзі

ұнады?

Оқушылар топта өздеріне ұнаған бата туралы өз пікірін

білдіреді. Топта толықтыруларына болады.

(ТЖ) Оқушылар өз ойларын эссе түрінде жазса болады. Барлық

оқушылар қамтылады.

Сұрақ: Өз отбасыңда қандай әдет-ғұрыптар бар?

*Үзіндіні 3-жақта (ол) өзгертіп оқиды. Оқушылар зат есімді 3

жақта тәуелдеу туралы қазақ тілінен алған білімдерін естеріне

түсіреді.

«Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы

жылдың қысында, ескіше желтоқсанның жиырма төртінде

туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған

соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы

жіберіпті...»




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.





Сергіту сәті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі