400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ (Ата мен әжеме хат" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата мен әжеме хат ашық сабағы жаңа сабақ. Оқушыларға мәтін бойынша түсінік беру.Мәтінді дұрыс түсініп оқуға, жүйелі сөйлейге үйрету.міндеттері: 1. Оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту 2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Достыққа, бауырмалдыққаа, үлкенді қадірлеуге үйрету. сабақ мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Сабақтың тақырыбы: Ата-әжеме хат. Ы. Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға мәтін бойынша түсінік беру.Мәтінді дұрыс түсініп оқуға, жүйелі сөйлейге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту

  2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Достыққа, бауырмалдыққаа, үлкенді қадірлеуге үйрету.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау

Көрнекті –құралдар: тірек сызбалар, суреттер.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Апаның тілін алса егер» Ж. Смақовтың өленің мәнерлеп оқыту

3.Жаңа сабақ

Құт берекең –атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың-әкең қымбат.

-Балалар айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де ең қымбат адамдар. Сондықтан олардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындау біздің міндеттеріміз. Ж. Смақовтың өленіңде апамыздың айтқанын тыңдасақ қандай болады екенімізді білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл, өсиет айтатын тағы кімдер бар?

Барлық туысқандар бір жерде тұруы шарт емес. Кімнің ата-әжесі алыста тұрады? Олармен қалай байланыс жасап жүрсіңдер?

Дұрыс қазір байланыстың түрлері көп. (Мысалы: интернет, хат, телефон)

Ой толғау.

Аяғы жоқ жүреді, тілі жоқ сөйлейді. (Хат)

Бүгін біздер Ы. Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» әңгімесімен танысып, ата-әжемізге хат жазуды үйренеміз.Хатты қалай жазуды әзірге білмейтін боларсыңдар.

Кітаппен жұмыс

1 Мұғалінің оқуы

2. Оқушыларға оқыту

а) тізбектей оқу

Мәтінмен жұмыс

Назардың атасына жазған хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқытамын.

1.Хаттың басталуы

2. Назардың оқуы

3. Назарға айтқан атасының ақылы

4. Хаттың аяқталуы

Хаттың бөліктері

Қажетті сөздер

Хаттың басталуы

2.Хаттың негізгі бөлігі

Оқуын жайлы

Достарың жайлы

Отбасың туралы







3.Хаттың аяқталуы

Алыстағы досым, қамқор ағам!Құрметті...

...

...





Амандықта сау-саламат болыңыз.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

5 «Жүрек жылуы» шеңбері

Оқушыларға кішкентай жүректер таратылып беріледі. Әр бала өздерінің жақсы көретін адамдарын түстер бойынша таңдайды да «Жүрек жылуы» шеңберіне жапсырады.

Ескерту: туысқандарынның барлығын жақсы көрсең , барлық түсті таңдауға болады.

Атасын жақсы көретіндер-көк

Әжесін жақсы көретіндер-қызыл

Анасын жақсы көретіндер-сары

Әкесің жақсы көретіндер-жасыл

Олай болса, «Біз бәрін де жақсы көреміз.отбасымыз аман болсын !» деген тілек айтайық.

Қорытынды

Не білдік?

Нені үйрендік?

Бағалау Үйге тапсырма беру Ата-әжеме хат оқып, мазмұндап келу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі