Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Атакәсіп 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Атакәсіп 4-сынып Бұл сабақта оқушылардың кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау оқу мақсатына жетуіне арналған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ барысында "Өзгертулерді тап", "Не екенін анықта?", "Жуан-жіңішке сұрақтар" т.б. әдістер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, оқу мақсатына жетулеріне пайдасы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні: 06.12.2019 ж.

Сынып: 4

Мектеп: Аманкелді атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева Жазира

Қатысқандар саны:4

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Атакәсіп

Оқу мақсаттары

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын сипаттайды, баға береді.

Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөлімі негізінде сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай отырып, өзгеру себептерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалай отырып, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын өмірмен байланыстыра дәлелдейді.

Бағалаукритерийлері

  • Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі өзгерістерді түсіндіреді;

  • Кейіпкерге қатысты көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Мәтін мазмұны бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Атакәсіп, мамандық, күріш өсіруші, агроном, еңбек

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен көңіл-күйі не себептен өзгерді?

- Мақсұт қай мамандық иесі болды?

Құндылықтарды дарыту

Мәтін мазмұнына мамандық түрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез – құлқын сипаттауда, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі, жаратылстану, математика, дүниетану пәндерімен байланыс жасалады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы туралы әңгімелей алады.Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-1мин



2-7 мин







8-12 мин


















1.Психологиялық даярлық

Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жағымды көңіл-күй тудырып алады.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Дәптермен жұмысты оқушылар жұпта тексеріп, бағалайды.

Ширату жаттығуы

(Ж)«Өзгертулерді тап!» әдісі

1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

3.Оқушылар шаштарын өзгертіп, сыртқы киімін, сырғасын шешіп немесе тағып сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек.

4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды.

Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады.

Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып, бағалаймыз.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстыру









Жұмыс дәптері №1







Слайд №1





























Слайд №2


Сабақтың ортасы

13-18 минут















19-29 мин











30-34мин


1-тапсырма

Зерттеу жұмысы «Не екенін анықта?»

Оқушылар көздерін жұмып, қолмен ұстап көріп, ұсынылған заттың не екенін анықтайды, анықтаған заттарына ассоцияция жасайды

Дескриптор:

- Ұсынылған затты ұстап көріп, анықтайды

- Анықтаған затына сипаттама береді

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

Ізденіс жұмысы:

Үйге берілген тапсырма бойынша бір оқушы Ыбырай Жақаев туралы әңгімелейді

2-тапсырма

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» мәтінін іштей түсініп оқиды.

-Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды;

-Кейіпкерге қатысты көзқарасын білдіреді.

3-тапсырма

«Жіңішке-жуан сұрақтар» әдісі

  • Әңгіменің негізгі кейіпкері кім?

  • Аңызда еліміздің қай өңірі туралы айтылған?

  • Ауыл ақсақалы қандай кәсіп түрін мұра етіп қалдырмақшы болды?

  • Ақсақалдың халқына кейігенін қай сөзінен білуге болады?

  • Диқан атаның тілін алмаған көпшілік қандай күйге душар болды?

-Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен көңіл-күйі не себептен өзгерді деп ойлайсың?

- «Әке мен де күрішші боламын» деген Мақсұт қай мамандық иесі болды?

- Мақсұт қандай маман болды?

- Оның мамандығын атакәсіп деуге бола ма?

Саралау: Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

ҚБ «Бағдаршам»



Ыдысқа салынған күріш, ақ қағаз, маркер





Слайд №4



















































Объект 3




Сабақтың соңы



35- 40 мин

Үй тапсырмасы

Б- Күріштің пайдасы

Ж-Күріштен жасалатын бір тағамның даярлау тәсілін үлкендерден сұрастырып жазып келу

А- Күрішке шағын зерттеу жұмысын жасап келу

Н- Күріш өсіріудің ерекшелігі

Рефлексия:«Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерденалады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі

сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

Слайд № 5








С тикерлер, жүрек, бас, қол суреттері

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.

Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады.

Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.

Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.


ҚБ «Смайликтер»

ҚБ«Бас бармақ» әдісі,

(ҚБ):Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! «Бағдаршам»


Дескриптор:


  • мәтіннің тақырыбы мен қорытынды бөлімі бойынша оқиғаны болжайды және негіздейді;

  • кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі өзгерістерді түсіндіреді;

  • өлең кейіпкеріне қатысты көзқарасын білдіреді.



Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2022
2178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12