400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Атам бата береді" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен ашық сабақ үлгісі. Орыс сыныптарында жұмыс жасайтын ұстаздармен тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Достық жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 12.09.2019ж

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Искалиева Анар Ермеккалиевна

Сынып: 5д

Сабақ : № 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Атам бата береді.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.А2. Қазақша бата беру мен салт – дәстүрлерімен танысу.

5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.Ж5 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу;

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі:

Тақырыпқа қатысты мәтінді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі:

Сабақ барысында мәтіндерді талдау,сипаттау арқылы бата- тілектер туралы толық ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі: Жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология: Ардагер , соғыс , еңбек ,

бата беру

Бастапқы білім:

«Тоқта , ботам! Атаң келеді артыңда...» тақырыбын сипаттайды. Жетекші сұрақтар арқылы пысықтап өту.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Ыстық алақан» әдісі бойынша шеңберде тұрып, бір- біріне ыстық лебіздерін білдіру.

Қызығушылығын ояту: Жаңа тақырыпқа қатысты суреттер әкелу. Оқушылар сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлініп, суреттің мазмұны бойынша жаңа тақырыпты ашады.

Жаңа сөздермен танысу, оқушыларға оқытып, сөздік дәптеріне жаздыру.

Ардагер – ветеран

Соғыс ардагері – ветеран войны

Еңбек – труд

Бата беру – давать благословение











1-топ «Бата»

2-топ «Тілек»

3-топ «Арман»



Ортасы

20 минут

Тыңдалым: «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Оқылым: 4-тапсырма.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы мағынаны тану.

Дескриптор:

* Мәтіннің толық мазмұнын түсінеді.

* Мәтін бөліктерінің мазмұнын түсіндіре алады.

* Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Топтар бір – бірінің жауабын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Айтылым: 5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі тақырыптарды ретімен орналастырып, жоспар құра.

Дескриптор:

* Мәтіннің толық мазмұнын түсінеді.

* Мәтін бөліктерінің ретімен орналастыра алады.

* Мәтін мазмұны бойынша жоспар құра алады.


Жазылым: 2-тапсырма.

Суреттегі бата беріп отырған атаның бейнесін сипаттап жаз. Жаңа сөздерді қолдан.


«Шатасқан оқиғалар» әдісі арқылы берілген бір шумақ батаны ретімен дұрыс құрап, мәнерлеп оқып беру. Үш топқа үш түрлі тақырыпта бата үзіндісін беріп, құрастырып шыққан топ мүшелері дұрыс нұсқасын оқып, тақырыбын анықтайды.

1) Ұрпақ, ұлыс аман болып, /3/
Дастарханнан дәм кетпесін, /1/
Өміріңнен мән кетпесін. /4/

Көңіліңнен сән кетпесін. /2/
2)
Келген Наурыз құт болсын!/7/

Әумин! – бата берейін, /1/

Ауылымызда ас болып, /6/

Үстем болсын мерейің! /4/

Жақсылықты терейін. /2/

Жаңа жылда жараңдар /3/

Жақсылыққа бас болып, /5/

3) Құтты болсын, мектеп аттар қадамың!/4/
Таудай болсын арқалаған талабың, /1/

Айдай сұлу періштеге тілек сол –/3/

Сезін өмір құпиясын, ғажабын! /2/

Дескриптор:

*Берілген өлең жолдарын дұрыс құрайды..

* Мәнерлеп оқиды.

Топтар бір –бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.


Жеке жұмыс: Берілген сөздерді тәуелде.

Тәрбие, бата, қол.

Іж. Менің тәрбием

ІІж.Сенің тәрбиең

ІІж.с.Сіздің тәрбиеңіз

ІІІж. Оның тәрбиесі

Дескриптор:

*Берілген сөздерді тәуелдеп жазады.

*Сауатты жазады.













































«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы оқушылар мәтінді оқып, топта бір – бірімен пікірлесу.





Дұрыс нұсқасы:

Дастарханнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін.


Әумин! – бата берейін,

Жақсылықты терейін.

Жаңа жылда жараңдар

Үстем болсын мерейің!

Жақсылыққа бас болып,

Ауылымызда ас болып,

Келген Наурыз құт болсын!


Таудай болсын арқалаған талабың,

Сезін өмір құпиясын, ғажабын!

Айдай сұлу періштеге тілек сол –

Құтты болсын, мектеп аттар қадамың!

Сергіту сәті


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы


15 минут























Бағалау

«Стикердегі диалог» әдісі арқылы сабақты қорытындылау немесе пысықтау.


- Бата дегеніміз не?

-Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

-Батаны қандай отбасылық мерекелер кезінде береді?

-Жиын – тойларда, тұсаукесу, тілашар т.б. кезінде үлкендер бата береді.

-Батаны кім береді?

-Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.

-Батаның қандай түрлері бар?

-Ас батасы, Рамазан батасы, жол батасы.


-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, бәріміз алақанымызды жайып, бата - тілек тыңдайық. (Үнтаспадан бата тыңдау.)

Сабаққа жақсы қатысқанымыз үшін бір – бірімізді қошеметпен бағалап қоялық. «Шапалақ» әдісі

Үйге тапсырма: 9-тапсырма.

Кері байланыс:


Стикерлерге сұрақ және жауап жазып, араластырып тарату.














https://youtu.be/ggEjwNQFQeU?t=19


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі