Сабақтың
тақырыбы: Атамекен-алтын бесік
.
Мақсаты:оқушыларға «Отан»,
«сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын
түсіндіру
Міндеттері:
-Атамекенді қадірлей білу,оған қызмет ету,адам өмірінде
атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат
беру:
-оқушылардың өз атамекені,туған жері туралы білімдерін
кеңейту:
Өз
атамекеніне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін,мақтаныш сезімдерін
арттыру.
Көрнекіліктер:
Бауыржан Момышұлының суреті
және нақыл сөздері, мақал- мәтелдер, туған жер туралы
әндер.
Шаттық шеңбері
Оқушыларды шаттық
шеңбергешақырып, бір-бірлеріне ақ-тілектерін айтып сәттілік
тілейді.
Топқа бөлу Топты әріптер
арқылы бөлу Ол әріптер О Т А Н
.
Мұғалім:
Атамекен ата-бабамыздың қоныс еткен,талай зұлмат пен шапқыншылықтан
аман алып қалған біздің қасиетті мекеніміз.Адам қайда жүрсе де,
қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қасиетті, ең қадірлі
өлке-ол Атамекен.
Әңгімелесу
-
Атамекен
дегенде ойыңа бірінші не келеді? Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан
еткенін қалайсың?
-
Адамның
туған жері әрқашанда атамекен бола ма? Біздің туған өлкемізден
шыққан қандай азаматтарды мақтаныш етесің?
-
Өз
атамекеніңді сүйе білесің бе? Оған деген перзенттік парызды қалай
өтеуге болады?
-
Өз
атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді? Сенің қиялыңда
атамекеніңе қандай орын берілген?
Жаңа
ақпарат
Атамекен…Атажұрт…Туған
жер…Бұл-ең жоғарғы құндылықтардың,асыл ұғымдардың
бірі.
Атамекен-туған халқының,
ұлтының мекен еткен, ата-бабасының қоныс тепкен жері.Туған жер-әр
адамның дүние есігіе ашып, өмірге келген
жері.
Адам
өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз
болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткені де
атамекенмен тығыз байланысты болады.Халқымыздың атамекенді ардақтау
сезімі өте терең,олар туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген
мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен
тараған,ана сүтімен дарыған.
Мәтінмен жұмыс
Оқулық.Ғ.Оралбаев. « Бір шымшым топырақ» әңгімесін
оқушылар оқып шығады. Мәтін соңынан берілген сұрақтар бойынша
сұрақтарға жауап береді.
-
Атамекеннің адам үшін маңызы
қандай?
-
«Атамекен» «Туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары
бар?
-
Өз
атамекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып
беріңдер
-
Атамекен, Туған жеріңнің көркеюіне, гүлденуіне, жаңаруына
қандай үлес қосасыңдар
Буриме:
Өлең
шумағын өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып
толықтыру:
- - - - - - - - -
ел маған
- - - - - - - - - - де
аман
- - - - - - - -
бақытым,
- - - - - - - - кең
далам
Туған
жер.
М.Мақатев.
-
Не
сыйласын,несін берсін ел
маған?!
-
Тұрсақ
екен елім де аман, мен де
аман.
-
Таулар-менің таусылмайтын
бақытым,
-
Ал
ырысым-ұланғайыр кең далам.
Постермен жұмыс:
«Атамекен» сөзін талдау.
Әр
топтан бір оқушы шығып қорғап
шығады.
Сергіту сәті: «Жақсы»
тақырыбындағы ширату ойының ойнауды ұсынамын. (Балалар шеңберде
тұрады.)
-
Күннің
шыққаны жақсы ма? (Күнді
бейнелейді)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Желдің
соққаны жақсы ма? (Желді
бейнелейді)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Достарыңмен жүрген жақсы
ма?(Адымдайды)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Анаңды
құшақтаған жақсы ма? (Өздерін
құшақтайды)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Туған
өлкеде жақсы ма? (Құшақтарын
жаяды)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Үйіміз
бар жерде жақсы ма? ( Үйді
бейнелейді)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Биде
айналған жақсы ма? (
Айналады)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
-
Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын
көрсетеді)
-
Жақсы
(Алақандарын соғады)
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға дәптерде берілген мәтіндерді басшылыққа ала
отырып, «Атамекенім-мақтанышым» тақырыбына шығарма жазу
тапсырылады.
Түйіндеме.Оқулықтағы Бауыржан Момышұлының «Отан сүйер ұлан бол!»
деген өсиет сөзін оқушыларға оқыта отырып, «Атамекен» туралы
түсініктерін кеңейту.
Жүректен жүрекке:
Оқушылармен бірге шаттық
шеңберіне жиналып, «Атамекен»
атты әнді орындаймыз.
Атамекен
Сөзі:Қ.Мырза
Әлі
Әні:Е.Хасанғалиев.
Жасыл
жайлау-түкті кілем, көк
кілем,
Көк
кілемде көп ойнаймын,көп
күлем.
Айдарымнан сипап өткен
самалы
Қазағымның алақаны деп
білем.
Қайырмасы:
Қайда
жүрсең,атамекен,
Көкейіңде жатады
екен.
Күннің
өзі ұясына
Қимай
оны батады екен
Жасыл
жайлау-түкті кілем,көк
кілем,
Көк
кілемде көп аунаймын,көп
күлем.
Асқар
тауың аспанымен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп
білем
Қайырмасы.
Қорытынды
Біз бүгін «Атамекен», «Туған
ел», «Отан» бұл ең жоғарғы құндылық, асыл ұғым екенін білдік. Ал
еліміздің болашағы сендерсіңдер! «Елін сүйер ұлан
болыңдар!!!».
Осымен сабақ
аяқталды.