Ашық сабақ Атмосфера және оның құрамдас бөліктері 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Атмосфера және оның құрамдас бөліктері 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қажет болып қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Набиева Зухра Нурашевна


Сынып: 7 Қатыспағандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Атмосфера және оның құрамдас бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)


7.3.2.1 Атмосфераның құрамын сипаттайды.



Сабақтың мақсаты


1. Атмосфера құрамын сипаттайды

2. Атмосфера құрамы, құрылысы мен қабаттарының
ерекшеліктерін біледі.

3. Табиғаттың ластануы мен оны қорғау шараларына ұсыныс жасай алады

Бағалау критериі


Атмосфера құрамын анықтайды.

Атмосфера қабаттарына сипаттама береді.

Атмосфераны қорғау шараларын ұсына алады

Тілдік мақсаттар


Диалогке арналған тармақтар:

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасай отырып, жетелеуші сұрақтарды қою арқылы диалог құрдым.

1. Атмосфераның құрамы қандай газдардан тұратынын айтады.

2. Атмосфера дегеніміз не?

3. Атмосфера қабаттары ….

4. Атмосфераның ең жоғарғы қабаты ................... деп санаймыз.

Жазылымға арналған тіркестер:

Атмосфералық ауа құрамы мына газдардан тұрады: ...........

Атмосфера құрылысы мына бөліктерден тұрады: ...........

Терминология: атмосфера, ауа, су буы, аэрозолдар, ионосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» тұрғысынан атмосфераны зерттеу және қорғау жолдарына баулу

Пәнаралық байланыс


Биология, химия

Алдыңғы білім


5-6-сыныпта өткен ауа, оттегі, көмірқышқыл газы, бұлт, суық ауа, ыстық ауа, жылы ауа, температура, булану, «Атмос»-бу, «сфера»-шар анықтамасын біледі.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

10-минут

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтағы ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күйде «Жүректен-жүрекке» әдісі арқылы тілегімізді айтайық!

Жіпте жайылған фотосуреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді. (“Ауа”, “Газ”)

Жаңа сабақ. Атмосфера,ауа қабаттары туралы бейнефильм көрсетіледі.

Нені тамашаладық? Тақырыпты өздері анықтайды.

«Атмосфера және оның құрамдас бөліктері» тақырыбының мәтінімен танысып шығады.

Бейнефильм

Сабақтың ортасы


25-минут






1-тапсырма. «Ойлан. Жұптас. Бөліс»әдісі

Берілген мәтін бойынша атмосфера құрамын анықтау үшін төмендегі тапсырмаларды орында.(Жеңілден күрделіге қарай берілген тапсырма)

«Географикалық диктант»

Сөйлемді дұрыс аяқтау үшін бос орындарға тиісті сандарды жазыңыз:

1. Жер атмосферасының ........ % азоттан, .........% көмірқышқыл газынан және ........% оттегіден тұрады. Басқа инертті газдар (аргон) ........ % құрайды.

2. Атмосфераның озон қабаты орналасқан бөлігі ............... деп аталады.

3. ............................ – нақты жоғарғы шегі жоқ қабатты анықтаңыз:

4. Озон қабаты ......-........ км биіктіктер аралығында шоғырланған.

5. Кестені толтырыңыз:

Атмосфера қабаты

Биіктік, км

Термосфера


Мезосфера


Стратосфера


Тропосфера



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Атмосфера құрамын анықтайды

Ауа құрамындағы газдардың үлесін біледі

Озон қабаты орналасқан атмосфера қабатын біледі

Ең жоғарғы атмосфера қабатын біледі

Озон қабатының орналасу биіктігін біледі

Атмосфера қабаттарының орналасу биіктіктерін біледі


Қалыптастырушы бағалау :Тапсырманы сәтті орындаған оқушылар үш шапалақ арқылы бағаладым.






Жеке оқушылармен жұмыс

«Диалог» әдісі арқылы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін әңгіме құрастыруға арналған сұрақтар:

  1. Атмосфераны зерттеуге және климаты қолайсыз аймақтарды зерттеуге қолданылатын аспаптар мен құралдар туралы;

  2. Дүниежүзілік метеорология ұйымына (ДМҰ) кіретін елдер туралы

  3. Метеорологиялық барлық деректер қайда жинақталып, жүйеге келтірілетіні туралы әңгіме құрастыр?

Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін

«Адасқан сөйлемдер» арқылы атмосфераның қабаттарын анықтау

  1. ауа қабықшасы қоршап тұрған Жер ғаламшарын Атмосфера

  2. ерекшеленеді температура және Атмосфера қабаттары басқа да шарттарымен бір-бірінен тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера.

қысымы және құрамына қарай Ауа температурасы Жер атмосферасы тропосфера, стратосфера, қабаттарына бөлінеді мезосфера, термосфера және экзосфера.

  1. атомдары мен молекулаларынан тұратын Аргон, азот және оттегінің зарядталған тропосфера өте сұйытылған ауасы бар қабат.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Атмосфера қабаттарына сипаттама береді

Аралық атмосфера аймақтарын біледі

Атмосфераны зерттеу аспаптары мен құралдарын біледі

Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін біледі

ДМҰ-ға кіретін елдерді толық атай алады


Дүниежүзілік метеорологиялық деректердің жинақталу орталығын атай алады


Қалыптастырушы бағалау : «Жапондық бағалау» әдісін пайдаланып, оқушылардың білімін толықтырып, кері байланыс беріп, бағалауды ұйымдастырдым.

???????(Дұрыс келісемін; әлі Толықтырамын, Менің сұрағым бар)



2-тапсырма. «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

1. Тропосфераның жердегі тіршілік үшін ең маңызды атмосфера қабаты екенін дәлелде.

2. Дүниежүзілік метеорология ұйымы мен Жаһандық климатты бақылау жүйесінің жанартау атқылаулары мен техногенді апаттарға неліктен мониторинг жүргізетінін дәлелде.

3. Атмосфера құрамында

а) оттегі артып кеткенде

ә) көмірқышқыл газы артып кеткенде қандай табиғи өзгерістер болады деп ойлайсың?

4. Атмосфераның ластануы және оны шешу жолдарына ұсыныс жаса.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Атмосфераны қорғау шараларын ұсына алады

Тропосфераның тіршілік үшін маңызын түсіндіріп береді

Зерттеу орталықтарының мониторингті не үшін жүргізетінін түсіндіреді

Атмосфера құрамы өзгергенде қандай жағдайлар орын алатынын біледі

Табиғаттың ластануы мен оны қорғау шараларына ұсыныс жасай алады

Ауа қабатын қорғау шараларын түсіндіреді

тShape1 абиғат байлығын сақтау үшін жасалатын іс -шараларды түсіндіреді; өз пікірін айтады


Қалыптастырушы бағалау- «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кітаптағы мәтін, суреттер, кестелер, диаграммалар.

Слайд





































Сабақтың соңы

5-минут

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгінгі сабақта мен ------------үйрендім.

Бұған дейін мен----------------- білуші едім.

Топпен жұмыс жасау кезінде -----------түсіндім.

Бүгінгі тақырып бойынша----------түсініксіз болды

слайд


Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқу мақсатына жету құрылған бағалау критерийлеріне байланысты жасақталған тапсырмаларды орындату кезінде саралаудың бірнеше тәсілдері қолдандым, мысалы оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеріп жеңілден күрделіге қарай саралаудың тапсырма тәсілі арқылы сараланып берілді.

1-тапсырмада сыныптың басым көпшілігі - мәтін бойынша атмосфераның құрамындағы газдардың пайыздық үлесін анықтаса; қабілеті жоғары оқушылар -атмосфераны зерттеуге және климаты қолайсыз аймақтарды зерттеуге қолданылатын аспаптар мен құралдар туралы.. өз ойларын білдіріп, қолдауды қажет ететін оқушыларға «Адасқан сөздер» әдісі арқылы атмосфера қабаттарын анықтау арналған тапсырмалар орындайды, Сонымен қатар тапсырма орындау барысында саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы көмек көрсетіп отырамын.

Дескриптор бойынша белсенді әдіс түрлерімен бағалау жүргізілді.

І тапсырмада «Үш шапалақ»әдісі арқылы топтар бір бірін қол шапалақ арқылы бағалады.

ІІ тапсырмада «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтағы шаралар барысы оқушылардың денсаулығымен мен қауіпсіздігіне қатер

төндірмейді.

Сабақ басында бейнефильм, атмосфера қабаттары суреттері, ауа құрамы диаграммасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі

Сабақ бойынша рефлекция


Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2020
767
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі