Материалдар / Ашық сабақ "Атмосфера" тақырыбын қайталау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Атмосфера" тақырыбын қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың атмосфера үнемі өзгеру үстінде екендігі жайлы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, олардың білімдерін жүйелеу және қорытындылау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
913
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы:«Атмосфера» тақырыбын қайталау


Сабақты өткізу мақсатым:оқушылардың «Атмосфера» тарауы бойынша алған білімімен дағдысын тексеру, жүйелеу, ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, ойлау қабілеттерін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, жолдастарына көмек беру, пәнге қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа, белсенділікке табандылыққа , табиғи ортаны аялай білуге, экалогиялық саналыққа тәрбиелеу мақсаты қойылады. .Оқушылардың атмосфера үнемі өзгеру үстінде екендігі жайлы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, олардың білімдерін жүйелеу және қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, үлестірмелер,

«Білікті бірді жығар , білімді мыңды жығар » сөзі жазылған плакат.


Сабақтың барысы: Жарыс сабақ болғандықтан сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өзінің ұрандары, мақсаттарымен таныстырады.


I-топ «Атмосфера » тобы.

II-топ «Литосфера » тобы.

«Атмосфера»тобының ұраны:«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз»

Мақсаты:«Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емеспе тілегі елдің».


«Литосфера » тобының ұраны:«Күш білімде »

Мақсаты:«Туған жерді сүю парыз,

Сүю үшін білу парыз».


  1. Екі топ арасында «Орамал тастау »ойыны ойналады. Мұнда әр топ мүшелері қарсы топқа сұрақ қояды.

  2. «Тапқыр болсаң тауып көр»( тест шешу, ол екі нұсқамен беріледі).


I-нұсқа

1.Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал

A) Жаңбыр

B) Шық

C) Қар

D) Бұршақ

E) Жауын


2. Адам желдің күшін пайдаланады

A) Өндірісте

B) Электр қуатын алуға

C) Ауылшаруашылығында

D) Егін шаруашылығында

E) Мал шаруашылығында





3.Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн

A) 20-шы маусым

B) 21-ші маусым

C) 22-ші маусым

D) 23-ші маусым

E) 24-ші маусым


4. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімдік жай-күйі

A) Климаты

B) Ауасы

C) Ауарайы

D) Ылғалдығы

E) Бұлттылығы


5.Ауарайынбақылапотырады

A) Стансалар

B) Метеорологтар

C) Синоптиктер

D) Гидрологтар

E) Сейсмологтар



II-нұсқа

1. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты

A) Ноосфера

B) Тропосфера

C) Стратосфера

D) Жоғарғықабат

E) Озон қабаты


2.Күннен таралатын “әсірекүлгін” сәулелерді ұстап қалатын атмосфераның қабаты

A) Жоғарғы қабат

B) Төменгі қабат

C) Озон қабаты

D) Ауақабаты

E) Тропосфера


3.Атмосфералыққысымдыөлшейтінқұрал

A) Гигрометр

B) Барометр

C) Термометр

D) Миллиметр

E) Миллибар






4.Ауаныңсалыстырмалыылғалдығынөлшейтінқұрал

A) Желбезен

B) Гигрометр

C) Термометр

D) Конденсатор

E) Борометр


5.Жергежауын-шашынәкелмейетінбұлт

A) Будақ

B) Қабат

C) Шарбы

D) Қабатты

E) Ұлпа


  1. «Бәйге» ойыны (кім бірінші жауап береді?)

1. Жердің газ тәріздес қабығы? (Атмосфера)

2. Атмосфераның төменгі қабаты? (Тропосфера)

3. Белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанатын

құбылыс? (Климат)

4.Картада температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтар?

(Изотерма)

5.Жерге жауын-шашын әкелмейтін бұлт? (Шарбы)

6. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 30◦-60◦ ендіктердегі

белдеу? (Қоңыржай)

7. Жер бедерін өзгертетін сыртқы күштерге не жатады? (Күн сәулесі)

8. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)

9. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал? (Гигрометр)

10.Тәулік ішінде бағытын өзгертіп тұратын жел? (Бриз)


  1. Кім картаны біледі?(Жер бетіндегі географиялық координаталарды анықтаңдар)

«Атмосфера» тобына. «Литосфера» тобына.


Жер бетіндегі нүкте

Географиялық ендік

Географиялық бойлық

Астана



Париж



Мәскеу




Жер бетіндегі нүкте

Географиялық ендік

Географиялық бойлық

Шымкент



Тегеран



Пекин




V. Географиялық диктант.

1. Жерге жарық пен жылу тарататын жұлдыз........................

2. Жер бетінен әр жүз метр биіктеген сайын температура ....... төмендейді.

3. Бір тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температурасындағы

айырмашылық ................ деп аталады.





4.Ауа температурасын тәулік ішінде ................өлшейді.

5. Бір жыл ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура

арасындағы айырмашылық...................

6.Жер шарындағы ең суық ай......................

7. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.......................

8. Бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер ..........деп аталады.


  1. Мақал- мәтел жарысы: (Қазақ халқының жауын –шашынға , желге байланысты мақал –мәтелдерін айту).

  1. Көшерімді жел білсін,

Қонарымды сай білсін.

  1. Сәуірдегі жауын-

Сауып тұрған сауын.

  1. Шағала келмей - жаз болмас,

Шаңқай болмай- боз болмас.

  1. Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба

  1. Бұлт ала, жер шала

  2. Тамшыдан тама берсе

Дария болар.

  1. Нөсер алдында найзағай ойнайды.

  2. Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

  1. Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.


  1. Жекпе – жек ойыны.(Топ жетекшілері сайысы)

Шарты. Төмендегі кестені пайдаланып , орташа жылдық температураны анықтаңдар.

«Атмосфера » тобына


Айлар



I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

-20

-12

-3

4

7

18

25

21

14

3

-2

-10


«Литосфера » тобына


Айлар



I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

-10

-8

-3

4

12

18

23

20

16

5

-2

-8








  1. «Кім тапқыр » ойыны.

Жұмбақты шешіп, орыс , ағылшын тілдеріне аудару.

  1. Төгілді сынап

Әуре болма жинап. ( Шық)

  1. Жайған жастық сөгіледі

Аппақ мамық төгіледі. ( Қар)

  1. Жазда сылдыр қағады

Қыста тыным табады ( Өзен)

  1. Теңізді, тауларды, халықты

Ойлап тап, көтерген алыпты (Жер)

  1. Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр

Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. ( Жаңбыр)

  1. Дауыл дәнді ұшырып,

Шарлар жауды аспаннан.

Шекемізді ісіріп,

Қаштық үйге сасқаннан. (Бұршақ)


  1. «Шешендік өнер».

Ауаны ластанудан қорғау. (Керек , керек емес). Екі топтың оқушылары өз жауабын ұтымды дәлелдеуіүшін бар білімдерін ортаға салады.

  1. Бағалау, қорытындылау.


Білгеніңіз

Білгіңіз келгені

Үйренгеніңіз



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!