400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Атмосфералық қысым" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар санасында атмосфералық қысым туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 класс

Атмосфералық қысым.

Мерзімі:

Мақсаты;

Білімділік: Оқушылар санасында атмосфералық қысым туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ауа қысымын түсіндіре отырып, ауаның адам үшін, коршаған орта үшін маңызын түсіндіру,

Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, кітаппен жұмыс, .

Сабақтың көрнекілігі. Зертханалық бұйымдар.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа материалды меңгертуге дайындау

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

IV . Бекіту.

V. Үйге тапсырма .


I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Оқушыларға сұрақты карточкамен арқылы беру.

1.Абсолют ылғалдық дегеніміз?

2. ауаның салыстырмалы ылғалдығы қандай құралмен өлшенеді?

3. Гигрометр қай тілден шыққан қандай мағына береді?

4. Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы қалай аталады?

5.Салыстырмалы ылғалдық дегеніміз?

6. Конденсация сөзі қай тілден шыққан қандай мағына береді?

7. Гигрометр дегеніміз?

8. қанша градуста мұз түйіршіктеріне айналады.

9. Гигрометр қай тілден шыққан қандай мағына береді.

10. Су буымен қаныққан ауа дегеніміз?

2. Адасқан әріптер.

1-қатар.

1. игморгтре - гигрометр

2. сбаютла ыылдқғал –абсолют ылғалдық

3.кнднецяиоса - конденсация

2- қатар.

1. сласымытраыл - салыстырмалы

2. ақнықанқ уаа - қаныққан ауа

3. игосрг - гигрос

3 –қатар.

1. баютлсо ғыдықлал - абсолют ылғалдық

2. кнондецумса - конденсацум

3. ығладықл - Ылғалдық

III. Жаңа материалды игеруге дайындау. Сөзжұмбақ беру оқушыларға.

Б а р о м е Т р

Б Ұ р ы л ы с

а М п л и т у д а

с т р А т ос ф е ра

а Н е р о й д

1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?

2. Тропосфера грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

3. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төмеңгі температуралардың тәуліктік айырмасы.

4. Тропосфераның жоғарысында орналасқан қабат?

5. Барометрдің түрі

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Тұман дегеніміз не?

2. Бұлт дегеніміз не?

3. Бұлттың түрлері?

1 . Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда тұман түседі. Тұманның көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Физикалық генезисі бойынша тұман суыну тұманы және булану тұманы, пайда болуының синоптиктік жағдайына қарай массаішілік және шептік тұман болып ажыратылады. Суыну тұманы өз кезегінде жер бетіне радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның құрлыұ немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвектив тұман бөлінеді. Тұман көлік қатынасына үлкен бөгет жасайды.

2.Жер бетіне жоғары көтерілген ауа салқындағанда оның құрамындағы бу су тамшылары мен мұз түйіршектеріне айналады. Олар шоғырланып бұлт құрайды. Бұлт құрайтын су таммшылары өте майда, ұлпадай жеңіл болғандықтан, жерге түспей, қалықтап жүре алады.

3. Пішініне қарай бұлттың негізгі үш түрі ажыратылады.

Будақ бұлт. Үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді. Олар тұтаса келсе түнеріп , жаңбырдың будақ бұлтына айналады. Ондай бұлттан жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауады. Будақ бұлттар, әдетте 800-1000м биіктікте түзіледі де, жоғары қарай 2км биіктікке дейін таралады.

Қабат бұлт тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды. 2км биіктікке дейін . 2км биіктікке дейін түзілетін қабат бұлт аспанды түгелдей торлап алады да , одан ұзаққа созылатын ақ жауын жауады

Шарбы бұлт өте биікте (6км және одан да жоғары ) түзілетіндіктен, мұз кристалдарынан тұрады. Ақ түсті, нәзік шілтерге немесе малдың ішкі шарбы майына ұқсайды. Шарбы бұлт атануы да содан, одан жауын – шашын жаумайды.

V. Бекіту.

Бұлт түрі.

Биіктігі

Сипаттамасы

Будақ

800 -1000

Мақтаға ұқсайды

Қабат

2

Тұманға ұқсайды

Шарбы

Майда мзұз кристалдарынан тұрады


VI. Бағалау..

Сабақ барысында қатысқан оқушыларды мадақтап бағасын қою.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі