400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектеп: «Д. Қонаев атындағы орта мектеп»КММ

Қысым

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: М. Мистемирова

Сынып: 7 а,ә,б. Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.


Оқу мақсаты:

7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.


Сабақтың мақсаты:

«Атмосфералық қысымның» физикалық мағынасын білу.

Барлық оқушылар: оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады.

Басым бөлігі: өз бетімен тәжірибе жасап, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады.Атмосфералық қысымның формуласын пайдалана отырып, әр түрлі биіктіктегі қысымды анықтай алады


Оқу дағдыларының деңгейі

Білу. Түсіну. Қолдану.


Бағалау критерийі:



  1. атмосфералық қысым физикалық мағынасын ажыратады.

  2. барометр арқылы атмосфералық қысымды өлшейді.

  3. өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді.


Тілдік масаттар:

Пәндік терминдер бойынша сөздік:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

қысым

давление

pressure

атмосфера

атмосфера

atmosphere

атмосфералық қысым

атмосферное давление

Аtmosphere pressure

барометр

барометр

barometer

барометр-анероид

барометр-анероид

barometer-anеroid




Құндылықтар:

2. Қоғамдағы ұлттық бірлік. 6. Тілдің біртұтастығы. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді негізге ала отырып, бірін-бірі құрметтеуге, еңбексүйгіштік пен ынтымақтастыққа баулу,өзара түсіністікпен топта жұмыс істеу, толеранттылық таныту.


Пәнаралық

байланыс:

география, ағылшын


Алдыңғы білім:

Қысым, ауа қысымы .

География пәнінен атмосфера ұғымы жайлы біледі.

Математикадағы білімдерін пайдаланып, есептеулер жүргізеді.


Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы




5 мин




1.Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Қызыл, жасыл, сары түстерді тандату арқылы оқушыларды «Атмосфералық қысым», «Барометр», «Торричели» деп топтарға бөлу.

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІІ.«Кім жылдам?» ойын өзін-өзі тексеру

(үй жұмысын тексеру):

1. Қысымның өлшем бірлігі?
2. Қысымның формуласы?
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы?
4. Күштің өлшем бірлігі?
5. Заттың неше күйі бар?
6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді?
7. Биіктіктің өлшем бірлігі?
8. 2 м тереңдіктегі судың қысымы нешеге тең?
9. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме?
10. Керосиннің 0,5 м тереңдіктегі қысымы неге тең?

Кері байланыс (қате жауапқа, дұрыс жауаппен түзету жасайды).


Ұғымдар жазылған түрлі түсті стикерлер





Слайд 1







Сабақ ортасы


10 мин


Білу, түсіну

Оқылым

Айтылым,













Айтылым

Жазылым


5 мин
































5 мин


«Оқулықпен жұмыс»

«Суреттер сөйлейді» әдісі берілген суреттер бойынша ой тастау.

Оқушылар суреттен атмосфераның құрамы туралы түсіндіріп береді. Олар география пәнінен атмосфераның құрамын біледі. Джигсо тәсілі бойынша топтармен жұмыс істеу:

1 топ– оқулықпен жұмыс істеу, Торричелли тәжірибесін зерттеу.

Қойылған сұрақтарға жауап береді:

Атмосфералық қысымның пайда болу себебі неде?

Торричелли тәжірибесінің мәні неде?


2 топ – оқулықтармен жұмыс жасау, барометр-анероидтың құрылысын зерттеу.



Сұрақтарға жауап:

Барометр-анероидтың құрылысы?

Барометр-анероид қалай жұмыс істейді?


3топ- Сұйық барометр, шприцтің жұмыс істеу принципін түсіндіріп беру.

Сұрақтарға жауап:

Барометр не үшін қолданылады?

Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?

Дескриптор:

  • Атмосфералық қысымды біледі

  • Биіктікті анықтай алады

  • Атмосфералық қысымның маңыздылығын біледі


Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек құлағымыздың бітіп қалатынын сеземіз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.

Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ.= 101325Па =1013 гПа=100 кПа=105Па.

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін анықтаңдар.

Дескриптор:

  1. Берілген суреттермен жұмыс жасайды.

  2. Суреттер бойынша ойын жинақтап, атмосфералық

қысым туралы ойларын айтады.


Қалыптастырушы бағалау: Жарайсыңдар! Бәрекелді!


Концептулдық кесте

Слайд 2













5 мин

Сергіту сәті: дене қозғалысына жаттығу

youtube




15 мин

«Жағдаят туғызу» топтық жұмыс (әр топқа тәжірибелік тапсырмалар)

1 топ. «Төңкерілген стақан». Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен?

2 топ. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға қолыңды тигізбей алып шығу керек. Ол үшін стақанды қайнаған суға малып аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді.

3 топ. «Магдебургтік шарлар». Бөтелкенің аузына піскен жұмыртқа - ны қоямыз. Жұмыртқа ішіне түспейді. Енді қағазды жағып бөтелкенің ішіне салып, содан соң жұмыртқаны салсақ, ол бөтелкенің ішіне түседі. Жұмыртқаның бөтелке ішіне түсуіне не әсер етті?.

ҚБ: (Әр топтың жұмысын бағалау)




Слайд 3

3 мин

Кері байланыс «Табыс сатысы»

Мен білемін.

Мен түсінемін.

Мен жасай аламын.

«Табыс сатысы» парағы

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: «Атмосфералық қысым» сөзжұмбақ құрастыру.



2 мин

Рефлексия:

Тамаша Жақсы Нашар



Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың

білімін қалай тексересіз

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау

Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша керекті мәліметтер оқып, дәптерге жазады.

Кейбір оқушылар

Өмірмен байланыстыра өзге де мысалдар келтіреді.

Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау кезінде «қысым» белгісімен берілген парақтармен әр кезеңдегі іс-әрекеттерін бағалау тиімді болды.


География, ағылшын тілі пәні алған білімдерін қолданады.

Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жетуде қолданған әдістер оқушылардың белсенділігін артыруға жұмыс жасады.

Өмірден мысалдар келтіру қызықты болды.

Оқу мақсаттары толығымен ашылды.

Келесі сабақта өзін-өзі бағалау әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тақырып бойынша білімдерін нақтылау қажет.




Тексерген: _____________________






















«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ













Сабақтың тақырыбы:


Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.

















Пән мұғалімі: М. Мистемирова


















Сарыөзек ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі