400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі» 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, атмосфералық қысымды білуге және тәжірибе арқылы өмірмен байланыстыра отырып білімдерін кеңейтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.02.15
Күні: 17.02.15

Класы: 7 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, атмосфералық қысымды білуге және тәжірибе арқылы өмірмен байланыстыра отырып білімдерін кеңейтеді.
Оқу нәтижесі: Атмосфералық қысым адам өміріндегі  маңызын біледі. Өз деңгейлері бойынша жаттығулар, тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.Уақыт үнемдей отыра,  берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз ойларын толық әрі ашық айта алады. Жалпы және арнайы сұрақтарға дұрыс жауап береді.  Жұмыс парақшасымен жұмыс істейді.
Әдіс –тәсілдер: Топпен, жеке, жұппан жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау),  әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету), демонстрация,  түсінік беру(ақпараттық коммуникациялық  технология), оқуды бағалау, сұрақ – жауап, түсіндіру (диалогтік оқыту)

Сабаққа қажетті құралдар: Интербелсенді тақта,плакат

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды түгендеу,оқушыларды топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың алдыңғы  сабақтағы білімдерін қысқаша шолу жасай отырып, оқулықтан алған білімдерін ортаға салу


1.Қысым дегеніміз не?(Белгілі бір беткестүсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама)
2.Си жүйесінде қысымды немен өлшейді?(Паскаль)

3.Тәжірибеде қысымның қандай бірліктері бар?(гПа,МПа,кПа)

4.Газдың қысымы қалай пайда болады?(газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады)

5.Қысымның формуласы қандай?( . )


Жаңа тақырып : Жаңа тақырыптың атын ребус арқылы шешу.


Топқа бүгінгі тақырып бойынша тапсырмаларды беріп, топтаса отырып, тәжірибені орындап дәлелдейді.



Жердің бетін ауа қабығы – атмосфера қоршап тұрады. (Атмосфера – грекше атмос - бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзден құралған). Ауа құрамында көптеген газдар: оттегі О2 - 21%, азот N - 78%, көмір қышқыл газы СО2 – 0, 03%, инертті газдар т. б. бар.
Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады. Ауырлық күшінің әрекетінен жоғарғы қабатынан төменгі қабаттарына қысым түсіреді. Атмосфера – газ болғандықтан Паскаль заңы бойынша барлық бағытқа бірдей қысым таратады.
Жер бетіне, ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.

Атмосфералық қысымның бірлігі 1 миллиметр сынап бағаны алынады. [1 мм.сын. бағ.].
1 мм.сын. бағ.=133,3 Па 

Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр (грек.барос – ауырлық, метрео-өлшеймін)д.а.


1.Атмосфера дегеніміз не?

2.Атмосфералық қысым денелерге қалай түседі?(Атмосфера –газ,сондықтан ол паскаль заңы бойынша өзінен түскен қысымды барлық бағытта таратады.Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.)

3.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал және оған мысал келтір?(Барометр грек.барос-ауырлық,метрео-өлшеймін.)

4.Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1миллиметрге қанша сынап бағаны алынады?

(1 мм сын.бағ. - 133,3Па - 1,33 гПа)

5.Барометр-анероидтың құрлысы қандай?

6.Адам неліктен атмосфералық қысымға төзіп, шыдай алады?

7.Торричели тәжірбиесіне мысал келтір?


Мықты болсаң, шешіп көр!

№1 Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1мм-ге созу үшін оның шеттерін қандай күш түсіру керек?





№1 Массасы 500 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ге тең қармақ бауы қанша созылады?





№1 Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі 10 м, оның тығыздығы 800 кг/м3 Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын табыңыз?





Қорытынды: «Синквейн»» әдісі
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі






№4 Мәртөк орта мектебі







Ашық сабақ







Тақырыбы : «Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі»





Пән мұғалімі: Хупыр А.











2014-2015 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі