400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Атом және оның құрылысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге табиғаттағы металдардың таралуы және адам ағзасына маңызын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атомдардың құрылысын түсіндіру үшін барлық элементтердің периодтық системасын қарап шығу керек. Бұл мәселе химия курсында айтылады. Біз бұл жерде тек сол системаның қазіргі замандағы түрін түсіндіретін бір жеңіл схема келтіреміз (схеманы қараңыз). Aтом ядросы оң зарядты протондардан және зарядсыз нейтрондардан тұрады дегенбіз. Ядро сыртында айналып жүретін жеңіл және теріс зарядты электрондар бар. Әрбір элементтің электрон саны оның рет нөміріне тең. Мысалы, сутегінің нөмірі 1, оның электроны да 1, уранның нөмірі 92, оның электроны да 92. Сол электрондар атом ядросының сыртында белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы электрондардың орналасу тәртібін көрсетеді, яғни период нөмірі атом ядросының сыртындағы электрон қабығының санын көрсетеді. Элементтер системасының 7 периодтық тобы 7 қабат электрон қабығына дәл келеді. Осы қабықтарды ішінен (ядродан) сыртына қарай санағандағы белгілері мынадай: 1) К, 2) L,3) М, 4) N, 5) 0, 6) Р, 7) Q (схеманы қара). Осы 7 үлкен периодтың үшеуі екі қатардан тұрады; олар: 4, 5, 6 периодтар. Сонымен, барлық элементтер oн қатарға бөлінеді (І—X). Енді, осы он қатардағы элементтердің электрон қабықтарының қалай құрылғандығына тоқталайық . Бірінші (I) қатардағы элемент саны екеу: 1—сутегі (Н), 2— гелий (He); электрон қабығы біреу (К); ол қабықтағы электрон саны не біреу, не екеу. Демек, бұл қатардағы екі элементтің айырмасы сол, олардың нөмірлеріне сәйкес электрон сандары сутегінде біреу, гелийде екеу. Осы айтылғандар жоғарыдағы суретте қалай көрсетілген? Мұнда 1 жатық жол мен элемент нөмірлері (№№) тұрған тік жолдың кездескен жерінде сол қатарға жататын элементтердің нөмірлері көрсетілген (1—2,яғни сутек, гелий деген түсінікті береді). Тағы сол 1 жол мен К электрон қабатының тік жолы түйіскен жерде сол қабықтағы электрон саны көрсетілген (1—2). Бұл сандардың алдындағы элемент нөмірлеріне дәл келетіні бұрын айтылған. Ендігі жерде жатық жол мен тік жолдың түйіскен жерлерін оңай табу үшін, оларды былай белгілейік: 1 жатық жол мен К тік жолдық түйіскен жерін (координатасын) 1К дейік. Сонымен, 1K—1—2 деген жазудың оқылуы: I қатардағы элементтердід электрон қабығы К, ондағы электрон саны бірден екіге дейін, демек, элемент саны да екеу. Екінші ( I I ) қатардағы элемент саны сегіз, оның нөмірлері 3-тен 10-ға дейін; схеманың жоғарыда айтылған координата тәртібі бойынша мұны былай көрсетеміз: ІІ№№ = 3—10. Олар мына элементтер: 3) литий (Li), 4) бериллий (Be), 5) бор (В), 6)көміртек (С), 7) азот (N), 8)оттек (О), 9) фтор (Ғ), 10) неон(Ne).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі