400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ. Авагадро заңы. Мольдік көлем

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометриялық есептеулер

Мектеп: «ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ көпсалалы мектеп - гимназиясы» КММ



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сіләмова Ә.Е.

СЫНЫП: 8А, 8Б

Тақырып

Авогадро заңы. Молярлық көлем

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Авогадро заңын біледі, қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемі туралы толық ақпарат алады.

  • Авогадро заңын негізге ала отырып, газдардың молярлық көлемін есептейді.

  • Авогадро заңы мен молярлық көлем арасындағы байланысқа кері есептеулер жүргізеді.

Бағалау критерийлері

- Авогадро заңын біледі, қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдана отырып, газдардың көлемін есептейді.


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: қалыпты, стандартты жағдай, Авогадро саны, Авогадро заңы, молярлық көлем.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Есептерді Авогадро заңына сүйене отырып шығарамын, себебі .....

  • Есептеу жүргізу үшін....... қолданамын

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеуге, ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика, математика

Бастапқы білім


8.1.1.1 Авогадро саны, зат мөлшері, молярлық масса

8.1.1.3 -масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


15 мин



Ұйымдастыру кезеңі 1мин

Амандасу, түгендеу, топқа бөлу

«Шаттық шеңбері»

(сергіту сәті)

Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, мұғалім сабаққа сәттілік тілейді

топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» 4 мин

Бейорганикалық қосылыстардың кластары жазылған бірнеше қағаздарды мұғалімнің үстелінен әр бала келіп, таңдап алып шеңберге тұрады. Шеңберде әр оқушы қағаз қиындысында жазылған қосылыстың атын атап, қай класына жататын айтып орнын тауып отырады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 10 мин

а) Белсенді әдіс: «Сұрақтары бар қорап»

Әрбір топ окушылары парақта жазылған сұрақтарға кезек-кезекпен жауап береді.

  1. Авагадро санының қаншалықты үлкен сан екенін көрсететін әдістерді ұсыныздар?

  2. Авогадро саны неге тең?

  3. Зат мөлшерінің бөлшектер саны бойынша формуласы қандай?

  4. Мольдік массаның өлшем бірлігі

  5. Зат мөлшерінің массасы бойынша формуласы қандай?

  6. Моль анықтамасын беріңіз.

  7. Зат массасының сақталу заңының анықтамасы

  8. Химиялық реакция типтерін атаңыз

ҚБ: «Қолпаштау»











Сабақтың ортасы

30 мин







Саралау тәсілі: «тапсырма»









Жаңа тақырыпты «Еркін жазу» әдісімен меңгереді.

Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Қалыпты жағдайда тығыздық

pқ.ж. = М / Vm Vm= 22,4л/моль

D = M1/M2 = M(N2)/M(H2) =28/2=14

Молекула және атомға байланысты есептер

  • Ауа шарында шамамен 0,9 *10 23 молекула азот болады. Азоттың зат мөлшерін есепте (0,149 моль)

  • Зат мөлшері 2 моль метан газының молекула санын есепте (12,04 *1023)

Массаға байланысты есептер

  • Массасы 1,8г судың мөлешерін есепте (0,1 моль)

Көлемге байланысты есептер

  • Көлемі 11,2л аммиак газының мөлшерін есепте (0,5 моль)

  • Массасы 32кг метан газының көлемін есепте (4480 л=44,8 м3)


Бекіту:


«Конверттегі есеп» Топтық жұмыс. Конверт түстері сары, жасыл, қызыл, көк. Әр конвертте бекіту сұрағы ретінде есептер берілген. Төрт топ өз есептерін шығарып, дәлелдейді.

1. 18,06*1023 молекуласы бар ас тұзының мөлшерін есепте

Дескриптор: Білім алушы

  • Формула жазады.

  • Молекула санын арқылы зат мөлшерін есептейді.

2. Массасы 78 г азот қандай көлем (қ.ж.) алады?.

Дескриптор: Білім алушы

  • Массасы бойынша зат мөлшерін есептейді.

  • Көлемін есептеп шығарады.

3. Газдың ауа бойынша тығыздығы 0,965 болса, онда газдың мольдік массасын есептеңдер.

  • Формула жазады.

  • Салыстырмалық тығыздық арқылы мольдік массасын есептейді

ҚБ: топтар «Бас бармақ» арқылы бағалайды.

4. Зат мөлшері 3 моль (қ.ж.) оттек қандай көлем алады?

  • Формула жазады.

  • Зат мөлшері арқылы көлемін есептейді

Смайлик арқылы бағаланады.





М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева

Т.Г.Белоусова

Химия

«Мектеп»

баспасы








Дидактикалық материал, үлестірме қағаздар


















































Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия


Үйге тапсырма: §18 Авогадро заңы. Мольдік көлем. № 6-7 есеп


















Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады


Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Сабақта «Өкіл» әдістерін қолданып,ширату жаттығулары арқылы олардың жинақталуына, тақырыпты меңгеруіне септігін тигізіп, оқуға тарта аламыз.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін “Қораптағы сұрақ”; деңгейлік тапсырмалар; есеп шығару әдіс-тәсілдері арқылы енгіздім. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулін кеңейтілген тапсырмалар; күрделілігі жоғары есептер арқылы енгізіп, оқушылардың шығармашылық, проблемаларды шешу, логикалық ойлау, жоғары зияткерлік қабілеттерін дамытуды жоспарладым. Саралау тәсілі тапсырмада «Қарқын» әдісін қолдандым.

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың материалды меңгеруін тексеру қалыптастырушы бағалау тәсілдері: бас бармақ, өзін-өзі тексеру арқылы жоспарланды. Жеке тапсырмалар беру арқылы қалыптастырушы бағалау болды Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату.. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулін сабақта оқушыларды ынталандыру мақсатында қолдау көрсету; дескриптор арқылы бағалау; “Білім қоржыны”кері байланыс арқылы білім сапасын айқындамақшымын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау



Оқушылардың партада дұрыс отыруы. Жарықтың дұрыс түсуі. Оқу құралдарының қауіпсіздік ережесімен жұмыстану.

Сергіту сәті «Шаттық шеңбері».


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі