Материалдар / Ашық сабақ Автобуста (Әңгіме) Мектепалды даярлық сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Автобуста (Әңгіме) Мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалғанын мазмұндайды. Шағын әдеби шығармаларды иллюстрацияға сүйеніп және оларсыз байланыстырып, қайталап айтады. Қатысушы тұлғалардың диалогтерін түрлі интонациямен береді, рөлде ойнайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
1375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы

Қатынас

ҰОҚ

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Автобуста (Әңгіме)

Бөлім

1.Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

Бөлімше

1.3. Тыңдағанын мазмұндау

Оқу мақсаты:

0.1.3.1.Тыңдалған материалды иллюстрациялар бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

ҰОҚ мақсаты:

Тыңдалғанын мазмұндайды. Шағын әдеби шығармаларды иллюстрацияға сүйеніп және оларсыз байланыстырып, қайталап айтады. Қатысушы тұлғалардың диалогтерін түрлі интонациямен береді, рөлде ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Шағын әңгімелердің мазмұнын иллюстрацияға сүйеніп және оларсыз байланыстырып,қайталап айта алады. Қатысушы тұлғалардың диалогтерін түрлі интонацияға салып, рөлде ойнай алады.

ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері,уақыты

ҰОҚ жоспарлау

Ресурстар

3-5 минут














Негізгі бөлім 15-20 минут

Эмоционалдық көңіл- күй қалыптастыру:«Жарқыраған күндейміз» әдісі (коммуникациясы дамиды)

Біз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

«Ашық сұрақ»әдісі (ұжымдық жұмыс,сыни ойлау)

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-Сен мектепке қандай көлік түрімен келесің?

-Автобуспен жүріп көрдің бе?

-Автобусты кім жүргізеді?


Әбді Шынбатыровтың «Автобуста» әңгімесімен таныстыру (Педагог жетекшілігімен)

Әңгімені педагог мәнерлеп оқиды.

Педагог «кішіпейілділік», «қамқорлық» , «үлкенді сыйлау», «орын беру» сөздеріне түсінік береді.

Кері байланыс: «Серпілмелі доп» әдісі

Шарты: Педагог оқушыға допты лақтыру арқылы сұрақ қояды. Оқушы жауап қайтара отырып, допты кері педагогқа ұсынады.

Әңгіме ұнады ма?

  • Әңгімеде не туралы айтылған?

  • Автобуста үлкен кісіге кім орын береді?

  • Сен болсаң қандай әрекет жасар едің?


Сергіту сәті: (Оқушылар іс- қимылмен,еркін орындайды)

Қызыл көзін ашқанда,

Сынақ сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Топқа бөлу: «Бағдаршам»әдісі Бағдаршамның түстері арқылы үш топқа бөлінеді.

І топ: «Қызыл» түс

ІІ топ: «Жасыл» түс

ІІІ топ: «Сары» түс

Сараланған тапсырмалар беріледі:

І топ: Жұптық жұмыс (Оқушының ептілігін, тілдік қарым- қатынасын тікелей бақылау, 4 К моделі)

Шарты: Сурет бойынша досыңмен бірге сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер.

ІІ топ:Топтық жұмыс: (Бала үні, шығармашылығын дамыту )

Шарты: «Автобуста» әңгімесінің желісімен рөлде ойнау

ІІІ топ: Топтық жұмыс: (Құрылымдалған ойын,тілдік дағдыны қалыптастыру)

Шарты: Иллюстрацияланған суреттердің көмегімен әңгіменің қай сәті бейнеленгенін тауып, құрастыру және диалогпен көрсету.

Кері байланыс: «Ойланып,жауап бер»әдісі

-Көлік ішінде әдептілікті қалай сақтайсың?

-«Үлкенге құрмет» сөзін қалай түсінесің?

-Рөлде апаны сомдаған оңай болды ма?

-Жақсылық жасаған адамға қандай сөз айту керек?

-Автобуста сен өзіңді қалай ұстайсың?

Ұжымдық жұмыс:«Көңілді шофер» ойыны (Еркін ойын)

Шарты: Автобус жүргізушісі көңілді әуенмен әр аялдамаға келіп тоқтайды да, сан жазылған тақтайшаны көрсетеді. Сол санға байланысты жолаушылар автобусқа отырады. Осылай жалғаса береді.







https://images.app.goo.gl/UYCQqQNDjBzbj88TA




Доп










https://images.app.goo.gl/xn8LmQQfmt3275YW8







https://images.app.goo.gl/Kznf3w3P9jWKrAnG8


https://images.app.goo.gl/SJFJMP3q369srEr66



Рефлексия:

5 минут

«Көліктер жолағы » әдісі:

Шарты:Әр оқушының қолында бір көліктен болады.Сабақ қызықты өтті дегендер- жасыл түсті жолға, әлі де білгім келеді дегендер-сары түсті жолға, маған көмек қажет дегендер- қызыл түсті жолға көліктерін іледі.

Көлік бейнесіндегі стикер




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!