жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: автоматты бөлшеқтеу және жинақтау 10 сынып
Альшимбаев Аккаша Нығыманұлы
«Байтуған ЖОББМ» АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы. Байтуған ауылы
Сабақтың тақырыбы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Сабақтын мақсаты:
Білімділік мақсаты: автоматты бөлшектеу және жинақтау ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту.
Тәрбиелік мақстаты: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қазақстан Республикасы Қарулы Қүштеріне деген құрмет сезімді, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.
Дамыту мақсаты: автоматты толық емес бөлектеу мен жинақтауды үйрету және оған қабілетілігін арттыру дамыту
Сабақ түрі: аралас сабақ
Корнекі құралдар:
Калашниковтің портреті
«Калашников автоматы» плакаты
«Калашников автоматының сиппаттамалары» кестесі
Оқжатар, пенал жабдықтарымен
Автомат, сүңгі пышақ макеттері
Автоматтың ңегізгі бөліктері мен механизмдері жайлы тірек сызба
Калашников автоматы (оқу қаруы)
Сабақ барысы:
Үйымдастыру кезеңі: оқушыларды екі қатарлы сапқа тұрғызу, бөлім командирінен рапорт қабылдау, амандасу, сыртқы көрінісін тексеру, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру: тест тапсырмасымен жұмыс, Калашников автоматының арнаулы, жалпы құрылысы және ұрыстық қасиеттері туралы білімін төмендегі сұрақтар арқылы тексеру.
Калашников автоматын қашан, кім шығарған және оның арналуы.
Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері
Автоматтың ұрыстық қасиеттері.
Үй тапсыпмасын қорыту:
Жаңа тақырыпты бастаудан бүрын өткен тақырыпты тақтада ілулі тұрған тірек сызбасының көмегімен қорытыңдылау. Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбадағы суреттерді пайдаланып ұяшықтарды толтырады (тірек сызба №1 )
Жаңа сабақ.
Автоматтты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкің: толық емес бөлшектеу, автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін;
Толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда, не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі
Оқжатарды бөлшектеу. (автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасының не құңдағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайлы, бас тармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады, содан кейін оқтықта оқтың бары жоғы тексеріледі, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады)
Т
1
2
3
10
4
Автоматтың негізгіі бөліктері
мен механизмдері
8
7
6
Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшың оның басы қараулдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
Ұңғы қорабшасының қақпағың бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің өзегінің дөнесін басады, оң қолмен үңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады.
Қайтармалы механизмді бөліп алу. Аватоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсыңдырады, бағыттаушы өзектің артқы шетін қөтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп қолға алады, оң қолмен бекітпені қейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөнесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп бекітпені алға қарай шығарып алады.
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тіқ бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ камерасының келе түтігінен шығарып алады.
Жартылай бөлшектеуден кейін автоматты жинастыру тәртібі:
Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұнғыға қысады, тұйықталғышты оның орнықтырғышы қөздеу қалыбының ойығына қіргенше бұрайды.
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөнесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына қіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас, бармақпен қысылған бекітпе алдынғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына қіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оңы сәл пәл қүштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де. Біршама төмен түсіріп, оның өқшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен қөздеу қалыбыңдағы жартылай шеңбер ойыққа қіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қаөпағының ойығына қіретіндей етіп алға және төмен ұмсыңдырады.
Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары қөтереді.
Сүмбіні қосу.
Пеналды дүм ұясына салу. Оң қолмен алып пеналды түбімен дүм ұясына қіргізекді.
Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығынқысынан асатындай етіп өзіне бұрайды.
Тірек сызба №2.
1
2
3
8
4
Автоматы бөлшектеу
тәртібі
7
6
5
Жаңа сабақты пысықтау.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында Калашников оқу қаруымен автоматты жартылай бөлшектеп және жинақтап көрсетемін.
Бір оқушы тақтаға шығып автоматты жартылай бөлшектейді, екінші оқушы автоматты жартылай бөлшектеуден кейін жинақтайды.
Жаңа сабақты бекіту. Тақтада тұрған тірек сызбамен жұмыс
Тірек сызба №2 (Бір оқушы тақтаға шығып плакатта көрсетілген автоматтың жартылай бөлшектеу жазуларын пайдаланып, автоматты жартылай бөлшектеу ретін реттеп қою керек).
Бағалау. Үй тапсырмасына және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Автоматты бөлшектеу және жинақтау тақырыбын оқып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген