жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Ауа. 2-сынып
Алматы облысы.Қапшағай қаласы.Шеңгелді ауылы.Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектеп. Пән: Жаратылыстану Мұғалімнің аты-жөні: Айтбаева Ажар Убайдуллаевна Ұзақ мерзімді жоспар: Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері Сынып: 2 сынып Қатысқандар саны : Қатыспаған саны : Күні: 13.03.2020ж. |
|||
Сабақ тақырыбы: |
Ауа |
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
2.3.2.3.Ауаның кеңістіктегі толтыру қасиеттерін және жылу өткізгіштігін зерттеу. 2.1.2.2.бақылаудың басты белгілерін анықтау(мақсат,нысан,жоспар,мерзім,нәтиже) |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы:ауаның кеңістікті толтыру және жылу өткізгіш қасиеттерін зерттеп анықтайды. |
||
Оқушының көпшілігі: ауаның кеңістікті толтыру және жылу өткізгіштігін бақылау жүргізу арқылы қасиеттерін ажыратады |
|||
Оқушылардың кейбірі: ауаның жылуөткізгіштік пен кеңістікті толтыру қасиеттерін зерттейді. |
|||
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану, талдау |
||
Бағалау критерийлері
|
1. Ауаның кеңістікті толтыру және жылу өткізгіш қасиеттерін сипаттайды 2. Ауаның кеңістікті толтыру және жылу өткізгіштігін бақылап тұжырымдайды 3. Ауаның негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеп , дәлдейді. |
||
Тілдік мақсат (тілдік емес пәнге) |
Дағдыны дамыту. Пәнге тән лексика мен терминалогия: Ауа кеңістігі ,жылу өткізгіштігі |
||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
||
Бастапқы білім |
Ауа және олардың қасиеттері туралы біледі |
||
Құндылықтарды дамыту: |
Ауаны ластамауға табиғатты қорғауға тәрбиелеу |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. 1.Шаттық шеңбер. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз, Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. 2. Жылы лебіздер айту. Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Бәріміз дос болайық 1 – тапсырма БӘ «Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. СТ «Қарқын» тәсілі (Ж) Сұрақтар:
Дескриптор:
Топқа бөлу «Бағдаршам көздері» арқылы топқа бөлінеді. I – топ «Жасыл көзді» II – топ «Сары көзді» III - топ «Қызыл көзді»
Сабақ тақырыбын ашу.
Жер бетінде бізге көзімізге көрінбейтін бір сиқыршы бар екен. Ол сені үнемі қоршап жүреді. Сенің жаныңнан үнемі табылады. Сиқыршымыздың кім екенін білу үшін мына жұмбақтарға жауап берейік.
1.Көзге көрінбейді, Жұтсаң білінбейді. 2. Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың Қолмен ұстап,көзбен көре алмайсың(ауа)
- Оны біз қалай сезінеміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
|
Кубик
Бағдаршам көздері |
|
Сабақтың ортасы 30 мин |
2 – тапсырма БӘ «Ой қозғау» әдісі (Т) Ашық сұрақтар: 1 – топ. Адамның өмір сүруіне ең қажетті жағдайларды ата. 2 – топ.Ауаның қандай қасиеттері бар? 3 – топ. Ауаның қандай маңыздылығы бар? Дескриптор:
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағаланады. 3 – тапсырма Оқулықпен жұмыс (Ұ)
Дескриптор:
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағаланады. 4- тапсырма Деңгейлік тапсырмалар. (Ж) СТ «Таңдау» I деңгей Ауаның қандай қасиеттері бар? II деңгей Ауа не үшін қажет? III деңгей Ауа жылуды қалай сақтайды? Дескриптор:
Сергіту сәті. Тыныс алу жаттығуларын жасату. 5 – тапсырма Тәжірибе (Т) СТ «Ресурстар» тәсілі 1 топ Су толтырылған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкереміз. Не байқадыңдар? Стақан суға толды ма? Енді стақанды бір жағына қарай қисайтыңдар. Не байқадыңдар? Көпіршіктер қайдан пайда болды? Стақан неліктен бірден суға толып кетпей тұр? 2 топ Әр түрлі пішіндегі (дөңгелек, сопақ, ирек т.б) шарларды үрлеп көріңдер. Олардың ішіндегі ауа қандай пішінді болып көрінеді? 3 топ Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің. Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз. Дескриптор:
ҚБ: «БББ» кестесі бойынша жазбаша кері байланыс. 6 – тапсырма Дәптермен жұмыс. (Ө) 1. Ауаның қасиеттерін сипаттап жазу. 2. Суреттерді бояу. Дескриптор:
ҚБ: «Бағдаршам көздері» арқылы бағаланады
|
Бағдаршам көздері
Оқулық
Стақан, шар, су, сурет.
«БББ» кестесі
Жұмыс дәптері
|
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия Ашық сұрақтар: 1. Ауаның қасиеттерін ата. 2. Ауаның адам өміріндегі алатын орны қандай? 3. Заттарды ауамен толтыра аламыз ба? БӘ «Хабарлама» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз. Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыру.
|
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Оқушылардың әртүрлі деңгейдегі жұмыс жасау әрекетін ұйымдастыру үшін саралау тәсілін қолданамын. «Қарқын»әдісі арқылы топта оқушылар бірлесіп жұмыс істеп, ойларын бөліседі. «Таңдау» әдісі арқылы оқушылардың деңгейіне қарай саралау тапсырмасын кіріктіремін. |
Бағалау-оқушы Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру жолдарын анықтап, олардың өз дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдау мақсатында сұрақ қою және «Бағдаршам көздері» арқылы , «Хабарлама әдісі» арқылы,БББ әдісімен бағалау.Мадақтап отырамын. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушыларың техникалық қауіпсіздігн қамтамасыз ету және түсіндіру. |
|
Сабақ бойынша рефлекция Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
|
Сабақтың мақсаты оқу иақсатына сай жоспарланған. Ауаның қасиеттерін,жылу өткізгіштігін білді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
Саралау тәсілдерін тиімді қолдандым.
Уақытты тиімді пайдаландым. |
|
|
Қорытынды бағалау. Қандай екі нәрсе табысты болды. 1.Тапсырмалардың нақты берілуі. 2. Дескрипторлардың дұрыс құрылуы. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да,оқуды да ескеріңіз)?
|
Сабақ мақсаттары жас ерекшелігіне сай қолжетімді болды.
Бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар нақты болды. Дескриптор тапсырмаларға байланысты дұрыс құрылды. Сабақта « Ой толғау», «Ресурстар » әдісі тиімді болды. |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген