400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ауа. Ауаның құрамы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия мұғалімлеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Боранқұл орта мектебі» КММ













7-сынып



Ауа. Ауаның құрамы.

№6 зертханалық жұмыс. Балауыз шамның жануы





Химия пәнінің мұғалімі:

Кайржанова Айгерим










2017-2018 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспар

Орта мерзімді сабақ жоспардың тарауы:7.2 В Ауа. Жану реакциясы

Мектеп:: «Боранқұл орта мектебі» КММ


Күні: 12.12.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Кайржанова Айгерим Адилбековна

Сынып: 7


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ауа. Ауаның құрамы. №6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»

Осы сабақтақол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 – ауа құрамын білу

7.3.1.2 – заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу

7.3.1.3 – атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: ауаның құрамын біледі, заттардың жануын зерттейді, заттардың жану кезінде оттектің жұмсалатындығын біледі, атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі: атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді, балауыз шамның жануын тәжірибе жүзінде жасап, оттектің жұмсалатынын дәлелдейді

Кейбір оқушылар: ауаның құрамын біледі, заттардың жануын зерттейді, заттардың жану кезінде оттектің жұмсалатындығын біледі, атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді, атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тәсілдерін ұсынады

Бағалау критерийі

Оқушылар:

- ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді

-заттарды жағу кезінде сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін ескереді

-жану процесіне оттек газы қатысатынын түсінеді

-Эксперимент жүргізеді, бақылайды, талдайды және тұжырымдар жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Тақырыпқа қатысты арнайы лексиканың көмегімен май шамның ауада жану сынақ нәтижелерін ауызша сипаттайды.

Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер.

Ауа, ауа құрамы, азот, оттек, көмірқышқыл газы, инертті газдар, көмірсутек су буы, жалые, күйе, жану, жану өнімдері, атмосфера, балауыз шам

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Ауа құрамы …… газдардан тұрады

…… жанған кезде ... өнімдер түзіледі

Құндылықтарға баулу

-білім беру мен денсаулық сақтау жеке тұлғаны салауатты өмір салтында дамыту, қоршаған ортамен қарым-қатынасын экологиялық тәрбиелеу;

-шығармашылық, сын тұрғысынан ойлауға бағыттау;

-өз-өзіне құрмет көрсету, азаматтық жауапкершілік құндылықтары оқушылардың бойында қалыптастырылады

Пәнаралық байланыс

География 7. Атмосфераның құрамын сипаттау

Алдыңғы білім

Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып) 5.2 Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(5мин)


Топқа бөлу

2мин







Жеке жұмыс

3 мин

Оқушылармен амандасу эмоционалдық ахуал туғызу

Оқушыларға сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттары оқушылармен бірге айқындалады.

Топтастыру:

Оқушылар «Стикерлер жинағы» әдісі арқылы 4 түрлі түсті стикерді беріп топтастырылады.

1. «Азот» тобы

2. «Оттек» тобы

3. «Инертті газдар» тобы

4. «Көмірқышқыл газы» тобы

Оқушылардың алдыңғы білімін анықтау.

1- тапсырма. Жеке жұмыс

Сабақ барысында қолданылатын жаңа сөздер айтылады. Оқушылар орыс, ағылшын тілінде айтады.

Интерактивті тақта, Үлестірмелі қағаз, стикерлер

Сабақтың ортасы

(35 мин)

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану

(15 минут)

Тапсырманы орындау –10 мин.




















































Жұптық талдау

5 мин

Оқушылардың ауаның құрамын және заттың  жануы кезінде ауаның құрамына кіретін оттек жұмсалатынын білуі мақсатында:

2 - тапсырма Топтық жұмыс

Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Жұмыс мақсаты, жұмыс барысымен танысады. Жұмыс барысы бойынша жұпта зертханалық жұмыс орындалады.

Оқушыларға балауыз шам мен көлемдері әр түрлі стақандар таратып беріледі. Стаканды маркермен 5 бөлікке бөлінеді. Оларға майшамды жағуды ұсынылады және стаканмен май шамды жапқан кезде, май шам жалыны баяу өшетінін түсінулеріне мұмкіндік беріледі. Судың көтерілу деңгейіне назар аударулары сұралады. Оқушылардан неліктен судың деңгейі 1/5 бөлікке көтерілгенін сұралады. Олар мұқият бақылап, өз қорытындыларын жасайды. Мұғалім оқушыларды үнемі кадағалап отырады. Бақылау сұрақтары арқылы оқушылардың жұмысы талқыланады. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы бағаланады. Оқушыларға интерактивті тақтадан балауыздың жануы зертханалық жұмысы көрсетіледі

Балауыз шамның жануы зертханалық жұмысы

Жұмыс мақсаты: жану процесіне ауаның 1/5 жұмсалатынын түсінеді.

Құрал – жабдықтар: пенопластқа бекітілген майшам, су, Петри табақшасы, стақан, сіреңке.

Қауіпсіздік ережесі: Сіріңкемен жұмыс жасағанда сақ болыңыз! Көзілдірік киіңіз!

Жұмыс барысы:

1.Петри табақшасына су құйып, оның үстіне пенопластқа бекітілген майшамды қойыңыз.

2.Стақанды 5 бөлікке бөліп, маркермен белгілеңіз.

3.Майшамды жағыңыз.

4.Үстінен стаканмен жабыңыз.















Бақылаулар:

  • Майшам жалынына не болды?

  • Судың көтерілу деңгейіне назар аударыңыз. Себебін түсіндіріңіз.

  • Жану үшін не қажет?

  • Стакан не үшін буланды?

  • Жану процессінің өнімдерін атаңыз?

  • Неліктен су стақанның 1/5 бөлігіне дейін көтерілді?

  • Қорытынды

Дескриптор: Білім алушы

-жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді;

-жұмсалған газбен не болатынын болжай алады;

-жану өнімдерін анықтай алады;

-жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді;

-жұмысқа ғылыми қорытынды жаза алады;

Жұптық талдау: Оқушыларға Smk.edu.kz/балауыз шамның жануы туралы бейнежазбаны көрсету арқылы тәжірибені дұрыс жасағандарын және оған байланысты берілген сұрақтарға қаншалықты дұрыс жауап бергендіктерін дескрипторларды қолдана отырып өзара бағалайды.

Балауыз шамның жануына қажетті құрал-жабдықтар



























































Smk.edu.kz/балауыз шамның жануы туралы бейнежазба


Ойлау дағдыларының деңгейі – білу

(3 мин)

Жеке жұмыс

3 мин



3-тапсырма Жеке жұмыс (оқулықпен жұмыс жасай отырып толтырады.)

Ауаның сапалық құрамын кестеге толтырыңыз:

Құрамдық бөлігі

Газдардың мөлшері % есебімен

Көлемі бойынша




Дескриптор Білім алушы

-ауаның құрамын кестеге толтырады;

- ауаның құрамын көлемі бойынша кестеге толтырады.



Кесте, оқулық


Ауа құрамынан тұратын кестесі: http://eesc.columbia.edu/courses/ees/slides/climate/table_1.html тапсырманы қалыптастыру бойынша нұсқаулық: http://www.ucar.edu/learn/1_1_2_1t.htm


Ойлау дағдыларының деңгейі – талдау

(12 мин)

Көрсетілім

3 мин

Топтық жұмыс

5 мин






































































Кері байланыс

4 мин

Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінуі мақсатында:

Оқушыларға есте сақтау тәсілі бойынша тапсырма беріледі. Интерактивті тақтаға ауаның ластануы туралы көрсетілім беріледі және осы көрсетілім бойынша тапсырмалар орындайды.

4 - тапсырма Топтық жұмыс

Мына парақшаны толтырыңыз.



  1. Ауа құрамында кездейсоқ газдардың болу себептерін атаңыздар. Олар неге қауіпті?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Атмосфера тазалығын сақтау үшін елімізде қандай шаралар іске асырылып жатқанын мысалдар келтіре отырып айтып беріңіздер.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Бағалау критерийлері:

Ауа құрамындағы кездейсоқ газдардың болу себебін түсіндіреді

Оның қауіптілігін атайды

Тазалықты сақтау шараларын мысал келтіріп атайды

Дескриптор: Білім алушы

-Ауа құрамында кездейсоқ газдардың болу себептерін атайды, олардың қауіптілігін айтады

-Атмосфера тазалығын сақтау үшін елімізде қандай шаралар іске асырылып жатқанын мысалдар келтіре отырып айтып береді.

Smk.edu.kz/ауаның ластануы туралы бейнекөрсетілім










































































Талдау. Оқушыларға «Көк лента» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін.

1.Ауаның құрамын тәжірибе жүзінде дәлелдеген француз ғалымы кім? (1774 жылы А.Лавуазье)

2. Ауаның негізгі құрам бөлігі (Оттек, азот)

3. Атмосфераның ластануы дегеніміз не?

(құрамының табиғи және адам әрекетінің әсерінен болатын әртүрлі қоспалардың түзілуінен өзгеруі)

4. Әртүрлі газдарды тазартуда қолданылатын аппарат қалай аталады? (сүзгі)

5. Ауа құрамына оттек пен азоттан басқа қандай газдар кіреді? (20 ғ. соңында зерттеулер нәтижесінде инертті газдар кіреді)

Ленталар

Сабақтың соңы (3 мин)


Рефлексия «Бутерброд» әдісі

1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

бутерброд суреті


Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Жіктеу тәсілі арқылы талаптары әртүрлі оқушыларды топтастыру. Бір –біріне қолдау көрсету үшін, қарым-қатынас жасау үшін топтастырдым.

Тапсырма беру жоспарланды. Зертханалық жұмыс жүргізіледі.

Қарқын тәсілі арқылы кейбір оқушыларға тапсырмалар дайындалды


Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Ауаның құрамын білетіндігін құстұмсық арқылы бағалаймыз.

Ынталандыру сөздері арқылы қолдау қорсетіледі.

Оқушылардың жұмысы қадағаланады. Зертханалық жұмысты жетістік критерийі арқылы бағаланады, бірі-бірін бағалайды. Қауіпсіздік ережені сақтай алуы, зерханалық жұмысқа қорытынды жасауы бағаланады.

Оқушының өзінің ойының құнды екендігіне қолдау көрсетіледі. Оқушының ойларының ұщқырлығы, тереңдігі бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздіктехникасын сақтау




Жұмысты бастамас бұрын пайдаланылатын реактивтердің қасиеттерімен, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерімен танысып, жұмыстың жүргізілу ретін білу. Жұмысқа тек қана таза, құрғақ бүтін ыдыс пайдалану қажет.

Зертханада қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. Сіріңкемен жұмыс жасағанда сақ болыңыз! Көзілдірік киіңіз!

Сабақ бойынша рефлексия



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: оқушылардың постердайындап, қорғауы

2:тәжірибеге қажетті приборды дұрыс құрастыруы, қорытындылауы

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1: тәжірибеге алынатын заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін білуі

2: тапсырмалар орындау кезінде уақытқа бағынса

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1:оқушылардың жетістіктері - теориялық білімдерін зертханалық жұмыспен байланыстыра білгені;

2: Оқушылардың қиыншылықтары - тақырыпты меңгеруге қабілеті төмен оқушыларға сабақтан тыс қосымша ұйымдастыру қажеттілігі;

















Қосымша 1

«Балауыз шамның жануы» зертханалық жұмысы

Жұмыс мақсаты: жану процесіне ауаның 1/5 жұмсалатынын түсінеді.

Құрал – жабдықтар: пенопластқа бекітілген майшам, су, Петри табақшасы, стақан, сіреңке.

Қауіпсіздік ережесі: Сіріңкемен жұмыс жасағанда сақ болыңыз! Көзілдірік киіңіз!

Жұмыс барысы:

1.Петри табақшасына су құйып, оның үстіне пенопластқа бекітілген майшамды қойыңыз.

2.Стақанды 5 бөлікке бөліп, маркермен белгілеңіз.

3.Майшамды жағыңыз.

4.Үстінен стаканмен жабыңыз.















Бақылаулар:

  • Майшам жалынына не болды?

  • Судың көтерілу деңгейіне назар аударыңыз. Себебін түсіндіріңіз.

  • Жану үшін не қажет?

  • Стакан не үшін буланды?

  • Жану процессінің өнімдерін атаңыз?

  • Неліктен су стақанның 1/5 бөлігіне дейін көтерілді?

  • Қорытынды








































3-тапсырма Жеке жұмыс (оқулықпен жұмыс жасай отырып толтырады.)

Ауаның сапалық құрамын кестеге толтырыңыз:


Құрамдық бөлігі

Газдардың мөлшері % есебімен

Көлемі бойынша


















4 - тапсырма Топтық жұмыс

Мына парақшаны толтырыңыз.



  1. Ауа құрамында кездейсоқ газдардың болу себептерін атаңыздар. Олар неге қауіпті?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Атмосфера тазалығын сақтау үшін елімізде қандай шаралар іске асырылып жатқанын мысалдар келтіре отырып айтып беріңіздер.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________








Кері байланыс

1.Ауаның құрамын тәжірибе жүзінде дәлелдеген француз ғалымы кім? (1774 жылы А.Лавуазье)

2. Ауаның негізгі құрам бөлігі (Оттек, азот)

3. Атмосфераның ластануы дегеніміз не?

(құрамының табиғи және адам әрекетінің әсерінен болатын әртүрлі қоспалардың түзілуінен өзгеруі)

4. Әртүрлі газдарды тазартуда қолданылатын аппарат қалай аталады? (сүзгі)

5. Ауа құрамына оттек пен азоттан басқа қандай газдар кіреді? (20 ғ. соңында зерттеулер нәтижесінде инертті газдар кіреді)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
6137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі