жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ауа феномендерінің практикалық қолданысы 9сынып
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Анетбекова Зауре Асеновна |
||||
Мектеп |
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектебі |
|||||
Пәні |
География |
|
||||
Сынып: 9ә |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
9.3.Атмоссфера |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ауа феномендерінің практикалық қолданысы |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Ауа феномендерінің практикалық қолданысын ұсынады |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушы: Ауа феномендері туралы біледі, ауаның массасын,тығыздығын,атмосфералық қысым формуласын қолданып, есеп шығара алады. |
|||||
Басым оқушы: Э.Торричелли тәжірибесін түсіне отырып, STEAM бойынша сапалық есептер шығара алады. |
||||||
Кейбір оқушы: STEAM тәжірибелері мен эксперименттік тапсырмаларды өздігінен орындай алады. |
||||||
Бағалау критерийлері |
Талдау: Ауа феномендерін тәжірибе жасау арқылы талқылайды. Қолдану: Ауа құбылысы туралы тәжірибелерді жинақтап, есептеу арқылы қолданады. |
|||||
Тілдік мақсат: |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қысым – Давление – Prеssure |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Оқушы атмосфералық қысыммен Э.Торричелли тәжірибесіне және барометр–анероидқа анықтама береді. |
||||||
Алдыңғы оқу |
Ауаның құрамы |
|||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы: Оқушыларды Қазақстанның индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуін жаңғыртып, экономикалық өсуге үлес қосатын ұрпақты тәрбиелеу. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Математика –есеп шығару дағдылары (амалдар қолдану); Информатика – PowerPointпрограммасы арқылы формулалар мен анықтамалар көрсету. Физика – Атмосфералық қысым
|
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Санамақ »әдісі арқылы сыныпты 3топқа бөлдім. 1топ-Галилео 11топ-Эйнштейн 111топ-Аристотель «Ой шақыру» сұрақтары: Барлық жанауарлар, өсімдіктер, адамдар немен тыныстайды? (Ауа, оттегі) Ауаны біз көреміз бе? (жоқ) Неге көрмейміз? (ауа түссіз) Ауа кеңістік пе әлде зат па? (зат) Ол зат болса оның құрамы қандай? (азот, оттегі, басқа газдар) Жер шарын бір тұтас не қоршап жатыр? (ауа қабаты) Ауа қабатын не деп атаймыз? (Атмосфера) Ауа қабаты жердегі заттарға қысым түсіреді ма? (ия) Олай болса оқушылар бүгін біз осы ауа қабатының жер бетіндегі заттарға түсіретін қысымы,массачы туралы яғни басқаша Атмосфералық қысым туралы тәжірибе жасау арқылы есеп шығарып өмірде қолдануды білетін боламыз. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырамын. |
|
||||
Сабақтың ортасы 30 минут
|
1-тапсырма. Топпен жұмыс. 1топ. «Сыныптағы ауа салмағын өлшеңдер» Сыныптың ұзындығы,ені,биіктігін есептеп ,сынып бөлмесіндегі ауаның салмағы мен су буын есептеп шығарыңыздар.Керекті құрал жабдықтар:термометр,метр өлшегіш.
1есеп.Егер ұзындығы a метр , ені b метр, биіктігі s метр десек, сынып бөлмесіндегі ауаның салмағы қанша болатынын есептеп шығарыңыз? Жауабы: a м ×b м × c м =S м3; 1 кг 300 г × S = ? (Бір куб сантиметр ауаның салмағы 1кг 300 г шамасы екені есептеліп шығарылған) 2есеп.Көлемі S сынып бөлмесінің ауасында +t0С температура- да қанша литр су буы болады? Жауабы: х=+t0C ×17 г =?г :1000= ? л ; +10 0С температурада 1м 3 тағы су буының мөлшері 5г тең. +20 0С температурада 1м3 тағы су буының мөлшері 17г тең. +30 0С температурада 1м3 тағы су буының мөлшері 25г тең
2 топ. «Ауа қысымын анықтаңыздар.» Ауаның алдарыңда жатқан парта мен кітаптың ауданына түсіретін қысым күшін табыңдар. Керекті құрал жабдықтар: кітап,сызғыш,барометр. Атмосфералық қысымның бірлігі-1 миллиметр сынап бағаны алынады. 1мм.сын.бағ.= 760мм сын.бағ.немесе 133,3Па аламыз . 1.Сызғыштың көмегімен кітаптың ұзындығы мен енін өлшеңдер . a = .....cм =…..м b =…..см =......м S= a ×b = м2 2.Барометр шкаласына қарап,атмосфералық қысымды өлшейміз.(мм.сын.бағ) • 1 мм.сын.бағ = 133,3 Па • Р = 133,3 Па • Ғ= Р × S =?
3топ. « Бізді ауа қоршап тұрғанын қалай білуге болады?» Өздерің дайындаған желпеуішпен желпіп көріңдер? Беттеріңе самал леп соғады. Бұл не? Оқушылар өз денелеріңе түсетін ауаның салмағын өлшеп,тік тұрған, ұзақ уақытта дене шаршауының себептерін ,тәжірибе жүзінде анықтап, есептеңіздер. Қажетті заттар: метр лента,сызғыш,тоқыма жіп,қайшы,екі шар. (Бір куб сантиметр ауаның салмағы 1кг 300 г шамасы екені есептеліп шығарылған)
Дескриптор: Білім алушы -Ауа феномендерін талдайды; -Ауа массасын,тығыздығын,атмосфералық қысым формуласын қолданады; -STEAM арқылы тәжірибе жасайды; -Есептер шығарады; ҚБ: дескрипторға сүйене отырып, сыныптасы тиімді кері байланыс береді.
Мұғалімдерге тапсырма:бірінші «Ну погоди» мультфильмінен үзінді көреміз. Тапсырма: Өлшеуқұралдарын пайдаланып есеп шартына сай формуланы таңдап әуе шарының массасын анықтаңыз.Ауа тығыздығы P-1.225кг/м3 Шар жеңіл болғанмен оның массасы граммен өлшенсе тығыздықты мына түрде алған ыңғайлы Р-0,0011225г/см3 Ауаның температурасы әр 100метрге көтерілген сайын 0,6С0 төмендейді. Қалыпты атмосфералық қысым 760мм сын.бағ.немесе 133,3 Па аламыз .
Логикалық сұрақтар: Доңғалақтағы ауа Көлік доңғалағы оңға қарай айналады, ал оның тоғыны сағат тілінің бойымен айналады. Сұрақ: Сол кезде резеңке доңғалақтың ішіндегі ауа қай жаққа орнын ауыстырады?
Жауабы: Доңғалақ ішіндегі ауа қысым келген кезде бір уақытта екі жаққа бірдей – алға және артқа қозғалады.
2. Жасылжер. Гренландия – үлкен арал, оныңбетінқар мен мұз басып жатыр. Неліктен осы аралды ашқан адам оны Гренландия деп атады, яғни «Жасылжер»?
Жауап: Грендландияны 982 жылы скандинавтық Эрик Рыжий ашты. Ол осы аралға адамдарды мекендеу үшін оны Гренландия деп атады. Бұл атау адамдарды сонда қоныстануына қызығушылық тудырады деп ойлады. Ағылшынша (greenland- жасыл жер) деген мағына білдіреді. |
|
||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс. «Шығу парағын» толтырамыз. Маған...қызықты болды. Мен... таңғалдым. Бүгін мен... үйрендім. Үйге тапсырма: «Ауаның тіршілік үшін маңыздылығы» эссе |
|
||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
|
1-тапсырмада оқушылар топпен орындап, бір-біріне дескрипторларға сүйене отырып тиімді кері байланыс береді. Тиімді кері байланыс беру арқылы оқушылардың өзгелердің жұмысын бағалау арқылы өздерінің де тапсырмаларды қалай меңгергендерін байқатады әрі әділ бағалауға, ойын жүйелі жеткізуге дағдыланады. 2-тапсырмада әр жұп өз тапсырмаларының дұрыс немесе дұрыс емес жерлерін әр түспен белгілеп отырады. 3-тапсырмада оқушылар бір –бірін тексереді, мұғалімнің тиімді кері байланысын беріп отырдым.
|
АКТ-ны пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін еске салып отырамын.
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
||||||
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы: «Ауа феномендерінің практикалық қолданысы»
География пәнінің мұғалімі:Анетбекова Зауре Асеновна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген