400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ауа, оның қасиеттері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауа, оның қасиеті туралы білу, жан-жагымызды ауаның қоршап тұрғаның білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Жаратылыстану

Негізгі мектеп №21

Күні

Мұғалімі Булатова Пайкуль Шагаевна

Сынып 2

Қатысқаны

Қатыспағаны

Сабақта меңгерілетін дағдылар мақсаттар

2322 Ауаның кейбір қасиеттерін суреттеп айту, агрегаттық күйі , түсінің, иісінің болуы.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиіс:

-Ауа туралы түсінігі қалыптасады.

- Ауаның қасиеттерін біледі

Оқушылардың көпшілігі орындайды:

-Адам өміріндегі ауаның маңыздылығын айтады. Тәжірибе жасап,

өз ойларын ортаға салады.

Кейбір оқушылар:

-Сұрақтар таңдап алады , сұрақтарға жауап береді, жауабын дәлелдеп жаза алады.


Осыған дейінгі меңгерілген

білім

2321 Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңыздылығын түсінужәне ауа тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіну.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Тілдік мақсат

Мөлдір-

Түссіз-

3тілділік

Басы

1-3 мин

Сабақтың мақсатын айту.

Ширату жаттығулары.

Балалар кезекпен өздерінің Жер

анаға деген ізгі тілектерін білдіреді.

Тілек.

Шөліркемей гүл тұрсын!

(сол қолын жайып көтереді)

Жерім жайнап құлпырсын!

(оң қолын жайып көтереді)

Нұрын сыйлап біздерге

(екі қолын жоғары көтереді)

Көкте мәңгі гүл тұрсын!

(екі қолын төбесіне көтереді)

Нұр сыйлаған күн ыстық

(қолдарын жаяды)

Ыстық бізге кең өлке

(оң жаққа қарайды)

Ыстық бізге тыныштық!

(сол жаққа қарайды)




Ортасы

4- 5мин










6-8мин.




9-15мин.





















16-17 мин.








18-29мин












30-35 мин.

Ой қозғау

(Ұ)Тірі табиғат үшін қажетті заттарды ата

Су ауа тамақ жарық жылу.

(Ұ)Жұмбақ шешу.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді (ауа)


Мақсаты айтылады. Топқа бөлу.

(Ж)Тәжірибе жасау.
1-топ. 1. Ауызыңды жауып, танауыңды қысып сана.
Тұншығасың. Саған не қажет?
- Ауа.
2-топ . Ыстықтап терледің. Желпіндің.
Не сездің?
- Ауа.
3- топ . 2 колыңды екі жаққа соз, суда жүз. Сендер ауада жүрсіңдер ма? – жоқ.
- Яғни сендер ауа мұхитында жүзіп жүрсің. Ауа бізді қоршап тұр.
- Сендер ауаны көрдіңдер ма?
- Жоқ. Неге? - Ол түссіз.
2. Шар үрлейміз.
І топ. ІІ топ. ІІІ топ
Қызыл Көк Сары
Шардың ішіне не толды.? - Ауа.
Шар тырсыйды ма? - Ия.

- Неге? Ауа орын алды.
- Шарға ауа қайдан келді?
3 . Допты сығайық. (екі бүйірінен)
Допты еркін жіберсек ауа қайта серпілді. (оқушы жасайды.)
- Балалар осы жерде не байқадық? Ол қандай қасиет?
- Ол серпінділік қасиет.

Қорытындыны оқушыларға жасату. 

Сергіту сәті.

Әуеден жаңбыр жаумаса,

Далада егін болмаса,

Кемелер жүзіп суларда,

Арықтар суға толмаса,

Үйімізде шай қайнап,

Тіршілік суға тоймаса,

Күніміз не болар еді?

(Т.)Оқылым. Ауаның қасиеті .

І- топ. Ауа бос жерлердің, жарықтардың саңлаулардың бәрінде бар. Ауаны көрмейтін себебіміз ол түссіз мөлдір, сол себепті де оны тек  сеземіз. Мысалы, есік-терезені ашқанда сезуге болады. Далаға шығып серуендегенде таза ауамен демаламыз, сеземіз.

ІІ-топ. Сонымен қатар, ауаның келесі қасиеттері: ауа сығылады және серпіледі. Ауа жылу сақтайды. Оның бойынан жылу нашар өтеді. Қыста үйге екі қабат терезе орнатылады. Екі терезе ортасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.

ІІІ-топ. Ауаның бұдан басқа маңызды қасиеті бар. Ол - жануды қолдау. Ауа болмаса пеш жанбайды.

 (Ұ) Жазылым.

Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.

Негізгі сөз

Ауаның қасиеттері

Ауа

Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішін

і жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты,

т.б.






Жұмбақ










Шар, доп.






































Оқулық.









Дәптер.

АКТ.


Соңы.

36-40мин


Айтылым. Бекіту.

Зауыт , фабрикалардың шығарған түтінінен ауаның түсі өзгереді. Ауаның ластануы

Жыл мезгілдеріне сәйкес ауа суық, жылы болатынын айту.




Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Оқушылар өз білімдерін ұштастырады, өз сыныптастарымен мәліметті бөлісе алады.

Шарда , допта ауа бар екенін біледі. 1б

Шардың, доптың көлемі бойынша ауаның мөлшерін анықтайды. 1б

АКТ.

Дүниетану. физика











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі