400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ауа қалай ластанады 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш қазақ сыныптарында беретін мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Ауа мен су.

Педагогтің аты-жөні:

Абдулина Динара Сапарбековна

Мектеп: Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ

күні

10.12.2020 ж

Сынып:4 «Г»

Қатысқандар саны : 29 Қатыспағандар саны 0

Сабақ тақырыбы

Ауа қалай ластанады ?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.2 ауаның ластану көздерін анықтау;

4.3.2.3 ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы: ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынады.

Оқушылардың басым көпшілігі: мұғалімнің көмегімен ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдары мен оны тазарту шаралары туралы өз ойларын айтады;

Оқушылардың кейбіреуі: өздігінен ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау, тазарту шараларын ұсына отырып, өз жобасын ұсынады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы































































































































Сабақтың соңы






1.Психологиялық ахуал:

Жарқын болсын күніміз,

Жайдары болсын жүзіміз.

Біздер жақсы зерделі,

Білімді деп сеніңіз.

2.Топқа бөлу: 1 топ: Зерттеушілер.

2 топ: Көгалдандырушылар

3 топ: Экологтар.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар шығып, үй тапсырмасына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы, адамға қажетті заттарды анықтайды.

Күтілетін нәтижені анықтау. «Болжау статегиясы»

3.Кері байланыс: «Жарайсың!», «Жақсы» ,«Ойлан»мақтау арқылы бағалап отырамын.

4.Ауаға ауа иістендіргіш себу.

Жаңа сабақ: «жаңа ақпарат»

Ауаның ластануына байланысты бейнефильм көрсету. Бейнежазбаны топпен талқылаймын. Оқулыққа назар аударта отырып, қосымша ақпараттар беремін. https://youtu.be/R14NNLPW03I

Жетекші сұрақтарға жауап береді.

  • Ауа қалай ластанады?

  • Табиғи ластану көздерін ата?

  • Адам іс-әрекетінен болатын ластану көздері?

Топтық жұмыс:

Топтастыру -Зерттеушілер:

1 топқа –тапсырма :

Суреттер таратылып береледі. Суреттегі ауаны ластау көздерінің қайсысы адам іс әрекетінен, қайсысы табиғи жолмен болатынын жіктеу. Табиғи және адам іс-әрекетінен болатын ластанудың себептерін анықтау

2 топ: «Көгалдандырушылар»

Зерттеу жұмысы. Топты біріктіру, ресурстар тарату. Жол бойына егілетін ағаштар туралы мазмұндап, ағаштардың пайдасына тоқталады. Қалада өсетін ағаштармен ауылда өсетін ағаштардың тіршілігіне тоқталады.






















3 топ: «Экологтар»:

Сен білесің бе?Өз сыныбыңның ауасы неден ластануы мүмкін? Ереже құрастырады.




*Ұшқыр ой,ұтымды жауап

Жеке жұмыс:

1.Ластанудың себептері.

Ластану түрлерінің табиғи және адам әрекетінен болатынын анықтап, сәйкес ұяшықтарға + белгісін қой.

Табиғи жолмен: жанартау атқылауы, өсімдік қалдықтарының шіруі, зілзала, жануар қалдықтарының шіруі, орманның өртенуі.

Адам әрекеті әсерінен: көлік түтіні, зымыранның ұшуы, өнеркәсіп орындарынан шығатын түтін мен қалдықтар, орманның өртенуі, кен орындарынан шыққан улы газдар, қоқыстар мен қалдықтар

Дескриптор:

-Ластану түрлерін топтастырады.

-Сәйкес ұяшықтарға + белгісін қояды

2. Таза ауаның денсаулыққа пайдасы мен маңызын ата?

Қандай жерлерде демалу денсаулыққа пайдалы деп ойлайсың?



Дескриптор:

-Қандай жерлерде демалу денсаулыққа пайдалы екенін жазады,біледі.












Кері байланыс

















Оқу тапсырмасы:

Туған өлкеңде ауа қалай ластанады?Сипаттап жаз(эссе)



Көңілдерін көтеру,назарын аудару.











Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры


















Тіршілік кезеңінде болатын өзгерістерді біледі














Постер қорғау 1 топ:

1.Табиғи жолмен ластану

2.Адам әрекетінен болатын ластану

Дескриптор:

  • оқушылардың өз жеке тәжірибелеріне сүйеніп, мысал келтіруі.

  • ластану көздерін біледі;

табиғи және адам іс әрекетінен болатын ластану себептерін ажырата алады



2 топқа: Көгалдандырушылар

1.Қала ағаштары

2.Ауыл ағаштары

Дескриптор:

-Ауыл мен қаладағы ағаштардың тіршілігін салыстырады;

-Ағаштардың табиғатқа пайдасын біледі.

-Ауаның тазарту шараларын ұсынады;

Жол бойына ағаштардың егілу себебін анықтайды

-Қалада өсетін ағаштың тіршілігі мен орманда, ауылда өсетін ағаштардың тіршілігінің айырмашылығын біледі.

Өз сыныбыңның ауасы неден ластануы мүмкін?

1.

2.

3.

Дескрипторы:

  • Өз сыныбының ауасының ластану себептерін анықтайды;

  • Өз ұсыныстарын білдіреді;

Ластанудың алдын алу ережесін құрастырады


Оқулықпен жұмыс

Ауаның ластануына, негізінен, адамның іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан шыққан түтін мен шаң-тозаңнан тұмша түзіледі. Ұшақтар мен зымырандар аспанға көтерілгенде және қонған кезде зиянды зат көп бөлінеді. Қаладағы мыңдаған көлік шығаратын түтін мен газ, шаң-тозаң да ауаға тарайды. Тұрмыстық қалдықтар да шіріп, ауаға зиянды заттар бөледі. Табиғи құбылыстар да ауаны ластайды. Мысалы, жанартаудың атқылауынан пайда болған күл мен шаң-тозаң, найзағай мен аптап ыстықтан тұтанған өрттің түтіні ауаға араласады. Ауаны ластанудан сақтау үшін өнеркәсіп орындарын, жылыту жүйесін қаладан не ауылдан алысырақ салады. Олардан бөлінетін улы газ бен зиянды затты сүзетін тазартқыш орнатады. Сондай-ақ қазір электрмен жүретін көлік жасау қолға алынып жатыр. Өсімдік жапырағы – шаң-тозаңды, түтін мен зиянды газды ұстап қалатын жақсы сүзгі. Сондықтан орман отырғызылады, елді мекендерде жылына екі рет – көктем мен күзде көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта алған білімдерір гүлдер мен ағаш суреттерінң артына жазып мектеп ауласының абаттандыру жұмысын (сурет бойынша жапсыру) жасап аяқтайды.

Өлең шумағын айту

Гүл өсімдік ажары,

Гүлдер жердің базары,

Су тірліктің өзегі.

Ақса болар өзені,

Ауа өмір нәріміз,

Тыныстаймыз бәріміз.

















Кері байланыс:

«Жарайсың!», «Жақсы» мақтау арқылы бағалап отырамын.





























Кері байланыс:

«Жарайсың!», «Жақсы» мақтау арқылы бағалап отырамын.














Кері байланыс:

«Жарайсың!», «Жақсы» мақтау арқылы бағалап отырамын.



























Кері байланыс:

«Жарайсың!», «Жақсы», «Ойлан» мақтау арқылы бағалап отырамын.



















Кері байланыс:

«Жарайсың!», «Жақсы», «Ойлан» мақтау арқылы бағалап отырамын.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі