400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ауа райы" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Дүниетану Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беру

мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Елімнің табиғаты

Тақырып: Ауа райы

Тоқсан:1 Мұғалімнің аты-жөні: Бекужа Айгерим

Ахметоллаевна

Сынып:1 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ауа райы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1 Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау;

1.2.3.1. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: ауа райының не екенін біледі; жылдың төрт мезгілін біледі, оның жыл бойы алмасып келетінін айта алады;

Көптеген оқушылар: әр жыл мезгіліне сай ауа райы да өзгеретінін, жыл мезгілдеріне тән белгілерді атай алады;

Кейбір оқушылар: ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін айтады, жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтай алады.

Бағалау критерийлері:

1. Ауа райының не екенін біледі; жылдың төрт мезгілін біледі, оның жыл бойы алмасып келетінін түсінеді;

2. Жыл мезгілдеріне сай ауа райы да өзгеретінін, жыл мезгілдеріне тән белгілерді атайды;

3. Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін айтады, жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар:

Жыл мезгілдері, қыс, көктем, жаз, күз, ауа райы

Жыл мезгілдері – времена года – seasons, қыс-зима – winter, көктем – весна – spring, жаз- лето – summer, күз – осень - autumn

Құндылықтарды дарыту:

Адам және табиғаттың өзара байланысуы туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс.


АКТ қолдану:

Интербелсенді тақта


Бастапқы білім:

Өзінің тұратын жері қайда орналасқанын, оның географиялық орнын біледі.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Таңғы шеңбер»

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Оқушыларға жылдың төрт мезгілі бейнеленген қиындыларды таратып, 4 топқа бөлу. Олардың бетіне жыл мезгілдері 3 тілде жазылған.

Оқушылар сурет бойынша білгендерін айтады. Сол арқылы

сабақтың тақырыбын анықтау.

Көңілді әуен










Жыл мезгілдерінің суреттері



Сабақтың ортасы:

1-тапсырма(топпен жұмыс):

Оқушылар жылдың төрт мезгілінде адамдар немен айналысатыны, ауа райының қандай болатынын постерға салып қорғайды.

Дескрипторлар:

1. жыл мезгілдері жайлы әңгімелейді;

2. Жыл мезгілдерінде адамдардың іс-әркеттерін атайды;

3. Жыл мезгілдеріндегі ауа райының қандай болатынын айтады.

Қалыптастырушы бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

2-тапсырма(топтық жұмыс):

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

1. Флипчартта жыл мезгілдерін ретімен орналастыру.

2. Жыл мезгілдері суреттеріне тиісті ойын және спорт ойындарының суреттерін сәйкестендіреді.

Қыс – коньки, шаңғы, хоккей

Жаз –теннис, жүгіру, волейбол, футбол, жүзу.

Дескрипторлар:

1. Жыл мезгілдерін дұрыс ретімен қояды;

2. Жыл мезгілдеріне сәйкес ойын түрлерін сәйкестендіреді.

Қалыптастырушы бағалау: Фейерверк әдісі


3-тапсырма (жеке жұмыс): Дәптермен жұмыс.

Өзің тұратын елді мекеннің ауа райын сипаттау. Шартты белгілерді қолдан.

*

қар

. .

. . жаңбыр

Shape1

жел

Shape2

ашық

Shape4 Shape3

Ала бұлтты

Shape5

бұлтты


Оқушыларды аулаға шығарып, бақылау жұмысын жасату.

Дескриптор: Шартты белгілер арқылы сол күннің ауа райын сипаттай алады.

Қалыптастырушы бағалау:

«Қызыл кілем» әдісі арқылы мадақтау.

Сергіту сәтін өткізу. «Жұлдызды жаңбыр»

Постер, маркерлер,














Стикерлер




АКТ

Интербелсенді тақта арқылы флипчартпен жұмыс


















Жұмыс дәптері









Сабақтың соңы

Рефлексия «Доп лақтыру» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім құбылыс атауларын атайды да, допты лақтырады. Оқушылар тиісті мезгілін атауы қажет. Мысалы, жаңбыр – жаз, боран – қыс.

Доп

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін айтады, жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтайды.

Берілген тапсырмалар арқылы әрбір оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерілгенін бақылаймын.


Сергіту сәттерін өткізу, санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1049
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі