400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ауа райы деген не? 1 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспары 1- сыныптың дүниетану пәніне арналған.Көмегі оқушылар ауа райының адамға және оның іс- әрекетіне әсерін анықтай алады және жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Елімнің табиғаты

Күні: 14.02.2018 ж

Сынып: 1

Мектеп: «К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Т.М Каирова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауа райы деген не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1 Ауа райының адамға және оның іс- әрекетіне әсерін анықтау.

1.2.3.1 Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ауа райының адамға және оның іс – әрекетіне әсерін анықтай алады. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтай алады.

Көптеген оқушылар: Ауа райының адамға және іс-әрекетіне әсерін әңгімелеп,сипаттай алады. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін ашып көрсетеді,өзара талқылайды.

Кейбір оқушылар: Қолайсыз ауа райына қарай адам әрекеттерінің өзгерісін нақтылап, алған ақпараттарды құрастыра алады.Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтап, жоспар құрады.

Бағалау критерийлері

Ауа райының адамға және оның іс- әрекетіне әсерін анықтайды.

Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Ауа райы туралы айта алады. Жыл мезгілдерін біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология: Ауа райы, жыл мезгілдері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Ауа райы дегенді қалай түсінесің?

- Ауа райындағы құбылыстар сендерге қалай әсер етеді?

- Жыл мезгілдерін білеміз бе?

- Әр жыл мезгілдерінде өздеріңнің бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру негізінде:шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым-қатынас жасау қабілеті; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету құндылықтарын дарытады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика,сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, бейнебаян

Бастапқы білім

Жыл мезгілдерінің атын біледі. Ауа райының жыл мезгілдеріне байланысты өзгеретінін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут





2 минут






3 минут


(МК) 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін шаттық шеңберін жасайды.

Аспан ашық , көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр.

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр.


Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақ шеше отырып, төрт топқа бөлу жүзеге асырылады.

1- топ жаз.

2- топ күз

3 -топ қыс

4 -топ көктем

Оқу мақсатын жариялауда ауа райы туралы бейнебаян көрсетіледі.Талқылау сұрақтары ұсынылады:

- Бүгінгі ауа райы қандай?

- Ауа райын білу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Адамдар неліктен ауа райына байланысты киінеді?

«Миға шабуыл» әдісі арқылы орындалады.


слайд










Бейнебаян

Сабақтың ортасы

4 минут













4 минут















2 минут









4 минут


















4 минут

















4 минут

(Ж) 1.Тапсырма. Ауа райының құбылыстарын шартты белгілермен сәйкестендір.

Неліктен ауа райы құбылыстарында шартты белгілер бар деп ойлайсың?

Ертеде адамдар неліктен ауа райы болжамын жасаған?

Бұл тапсырманы «Кім жылдам?» әдісі арқылы орындайды.

ҚБ: «Ауа райы құбылыстары» әдісі арқылы бағаланады.

Су – ауа райы құбылыстарын шартты белгілермен сәйкестендірсе,қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берсе

Жаңбыр жауып тұрса – ауа райы құбылыстарын шартты белгілермен сәйкестендірсе, бірақ қойылған сұрақтарға жауап бере алмаса

Мұз – ауа райы құбылыстары мен қойылған сұрақтарда қателіктер жіберсе

(Д) 2.Тапсырма. Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықта және оны тиісті ауа райы құбылыстары бейнеленген қоржынға сал.

Бұл тапсырманы «Ауа райы қоржыны» әдісі арқылы орындайды.

ҚБ: «Күн мен бұлт» әдісі арқылы бағаланады.

Күн – суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаса,оны тиісті ауа райы құбылыстары бейнеленген қоржынға салса

Күнді жартылай бұлт басып тұрса – суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаса, бірақ тиісті ауа райы бейнеленген қоржынға салғанда қателіктер жіберсе

Бұлт – суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтауда және тиісті ауа райы құбылыстары бейнеленген қоржынға салуда қателіктер жіберсе

«Құбылыстарды көрсет» әдісі арқылы сергіту сәтін орындайды.

Жел тұрды гуілдеп, 
Ағаш біткен уілдеп. 
Аспанды бұлт торлады, 
Найзағайлар ойнады. 
Жаңбыр жауды себелеп, 
Кемпір қосақ көрінді. 
Жарқыраған күн шықты. 

(Т) 3.Тапсырма.Ойын түрлері бейнеленген суреттерге қарап, ойын түрі қай жыл мезгілінде ойнауға болатынын анықтап, постер жаса.

Жыл мезгілдерінде өз бос уақыттарыңды табиғатта қалай өткізесіңдер?

Бұл тапсырманы «Кластер» әдісі арқылы орындайды.

ҚБ: «Ағаштар» әдісі арқылы бағаланады.

Жапырағы толы ағаш – ойын түрлері бейнеленген суреттерге қарап,ойын түрі қай жыл мезгілінде ойнауға болатынын анықтап,постер жасаса және сұраққа жауап берсе

Жапырағы жартылай толы ағаш – ойын түрлері бейнеленген суреттерге қарап,ойын түрі қай жыл мезгілінде ойнауға болатынын анықтап,постер жасаса,бірақ сұраққа жауап бергенде қиындық туындаса

Жапырағы жоқ ағаш - ойын түрлері бейнеленген суреттерге қарап,ойын түрі қай жыл мезгілінде ойнауға болатынын анықтап,постер жасай алмаса және сұраққа жауап бергенде қиындық туындаса

(Д) 4.Тапсырма. Жылдың әр мезгіліндегі бос уақытты өткізу мүмкіндіктеріндегі ойын түрлерін мозайка арқылы дұрыс құрастыр.

Бұл ойынды қай жыл мезгіліндегі бос уақытта өткізуге болатынын әңгімеле.

Бұл тапсырманы «Көңілді мозайка» әдісі арқылы орындайды.

ҚБ: «Аспан денелері» әдісі арқылы бағаланады.

Күн – жылдың әр мезгіліндегі бос уақытты өткізу мүмкіндіктеріндегі ойын түрлерін мозайка арқылы құрастырса, жүйелі әңгімелесе

Жұлдыз – жылдың әр мезгіліндегі бос уақытты өткізу мүмкіндіктеріндегі ойын түрлерін мозайка арқылы құрастырса, жүйелі әңгімелеуде қиналса

Ай - жылдың әр мезгіліндегі бос уақытты өткізу мүмкіндіктеріндегі ойын түрлерін мозайка арқылы құрастырғанда, жүйелі әңгімелей алмаса

(Ж) 5.Тапсырма. Жыл мезгілдерінде бос уақытты өткізуге арналған екі ойын түрін таңда, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықта.

Бұл тапсырманы «Венн диаграмма» әдісі арқылы орындайды.

ҚБ: «Шартты белілер» әдісі арқылы бағаланады.

Домалақ (ашық) белгісі - жыл мезгілдерінде бос уақытты өткізуге арналған екі ойын түрін таңдаса, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтаса

Жартылай боялған домалақ (ала бұлтты) белгісі - жыл мезгілдерінде бос уақытты өткізуге арналған екі ойын түрін таңдаса, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауда қиындықтар туындаса

Жұлдызша (қар) белгісі - жыл мезгілдерінде бос уақытты өткізуге арналған екі ойын түрін таңдағанда, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауда қиындықтар туындаса




Рисунок 1













































Сабақтың соңы

4 минут















2 минут







(Т) 6.Тапсырма .Ауа райының адаммның іс – әрекетіне әсер етуіне байланысты берілген жағдаятты оқып шық, өз жауабыңды айт. Неліктен олай ойлайсың?

Бұл тапсырманы «Кейс – стади» әдісі арқылы орындайды.

ҚБ: «Жарық пен көлеңке» әдісі арқылы бағаланады.

Табиғат суреті жарық болса - ауа райының адаммның іс – әрекетіне әсер етуіне байланысты берілген жағдаятты оқып шығып, өз жауабын айтса және сұраққа толық жауап берсе

Табиғат суретін жартылай көлеңке басып тұрса- ауа райының адаммның іс – әрекетіне әсер етуіне байланысты берілген жағдаятты оқып шығып, өз жауабын айтса, бірақ сұраққа жауап бергенде қиындық туындаса

Табиғат суретін көлеңке басып тұрса - ауа райының адаммның іс – әрекетіне әсер етуіне байланысты берілген жағдаятты оқып шығып, өз жауабын айтқанда және сұраққа жауап бергенде қиындық туындаса

Кері байланыс: «Білім әлемі» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігін білу үшін жер шары туралы плакатқа адам сұлбасын орналастыру жүргізіледі.

- Бүгінгі сабақта ауа райы туралы қандай білім игердіңдер?

- Ауа райы адамдардың іс- әрекетіне қалай әсер етеді?

- Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты қалай өткізесіңдер?

Жер шарының жоғарғы бөлігі – бүгінгі сабақта тапсырмаларды дұрыс орындаса және сұрақтарға толық жауап берсе

Жер шарының ортаңғы бөлігі - бүгінгі сабақта тапсырмаларды дұрыс орындаса, бірақ сұрақтарға жауап бергенде қиындық туындаса

Жер шарының төменгі бөлігі- бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындағанда және сұрақтарға жауап бергенде қиындық туындаса









Көлеңкелейтін қағаз















Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма тәсілі – №3 тапсырмада кейбір оқушылар жыл мезгіліндегі бос уақытты қалай өткізетіні туралы әңгімелейді.

Қабілеті орташа оқушылар – ойын түрлерін пайдаланып, қай жыл мезгілінде ойнауға болатынын анықтау үшін постер жасайды.

Қабілеті баяу оқушылар – ойын түрлерін қай жыл мезгілінің бос уақытында ойнауға балатынын анықтай алады.

Дереккөздер тәсілі - №6 тапсырмада кейбір оқушылар жағдаят шешу барысында қосымша дереккөздер ұсынылады.

Қарқын тәсілі - №4 тапсырмада кейбір оқушылар жылдың бос уақытын өткізуде қандай ойын түрлерімен айналысуға болатынын жүйелі түрде әңгімелейді. Қабілеті баяу оқушыларға ойын түрлерін мозайка арқылы құрастырып,анықтауда қосымша уақыт беріледі.

Қорытынды тәсілі - №2 тапсырмада оқушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін,сондықтан берілген жауаптар талқыланады.

Диалог және қолдау көрсету тәсілі – №1 тапсырмада кейбір оқушыларға ашық сұрақ қойылады : Ертеде адамдар неліктен ауа райы болжамын жасаған?

Қабілеті баяу оқушыларға жан – жақты көмек көрсету барысында бағыттаушы сұрақ қойылады: Ауа райының қандай шартты белгілері бар?

Бағалау тәсілі - №1, №2, №3, №4, №5, №6 тапсырмаларда оқушыларды алға қарай ілгерілеуін көру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың әдіс- тәсілдері жүргізіледі.

Жіктеу тәсілі - №5 тапсырмада оқушылар жыл мезгілдерінде бос уақытты өткізуге арналған ойын түрін анықтап, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуда талаптары әртүрлі оқушылар топқа бірігеді.

Қалыптастырушы бағалау: -

«Ауа райы құбылыстары», «Күн мен бұлт», «Ағаштар», «Аспан денелері»,«Шартты белілер», «Жарық пен көлеңке» әдістері арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс:

«Білім әлемі» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігін білу үшін жер шары туралы плакатқа адам сұлбасын орналастыру жүргізіледі.

Жер шарының жоғарғы бөлігі – бүгінгі сабақта тапсырмаларды дұрыс орындаса және сұрақтарға толық жауап берсе

Жер шарының ортаңғы бөлігі- бүгінгі сабақта тапсырмаларды дұрыс орындаса, бірақ сұрақтарға жауап бергенде қиындық туындаса

Жер шарының төменгі бөлігі - бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындағанда және сұрақтарға жауап бергенде қиындық туындаса

Ынтымақтастық

атмосферасын құру үшін шаттық шеңбер жасалады.

«Құбылыстарды көрсет» атты сергіту сәті орындалады.

Желім және қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі ескертіледі.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі