400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ауа райы және метерологиялық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауа райы және метерологиялық элементтер тақырыбында 7сыныпта география пәнінен ашық сабақ болды. Онда метерологиялық элементтер түрлерімен, ауа райының қосымша түрлері туралы танысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

3.2 Атмосфера

Педагогтың аты-жөні


Күні:


Сынып:7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.3 -«ауа райы» ұғымын түсіндіреді


7.3.2.4 температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: меторологиялық элементтер мен құбылыстарды түсініп сипаттай алу, оларды өлшейтін құрал-жабдықтармен танысу, өлшем бірліктерін анықтау.

Басым бөлігі: метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттау, зерттеу маңыздылығын анықтау.

Кейбір оқушылар: метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық карта жасау.

Бағалау критерииі

оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.  

 - температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді  өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды.

 - метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;

 - метеорологиялық элементтері мен құбылыстары туралы деректер негізінде шартты белгілерді қолданып синоптикалық карта жасайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:

Үй тапсырмасын қайталау.

Оқушылара сұрақтар қою.

 Бұл жаттығу сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

- Бүгін біздің ауылда қандай ауа райы?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

«Әр оқушының арқасына А-4 форматтағы қағаз бекітіледі, онда температура, қысым, жел, жауын-шашынды сипаттайтын сөздер немесе метеорологиялық құралдар жазылады.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Білімді тексеру кезеңі:

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ















Дидактикалық материалдар №1


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

«Суреттер сөйлейді» әдісі:

Тапсырма №1  Метерологиялық аспаптардың суретін оқушыларға таратамын.

1. Кестеде берілген «Ауа- райы элементтері, изосызықтар, өлшем бірліктерін» сәйкестендіріңіз. Ауа- райы элементтерінің шартты белгілерін орналастырыңыз. Суретте көрсетілген метеорологиялық аспаптарды сәйкестендіріңіз.

Ауа райы элементтері

Өлшем бірліктері

Изосызықтар

Шартты белгілері

Метеорология-лық құрал

қысым

 

 

 

 

температура

 

 

 

 

ылғалдылық

 

 

 

 

жел

 

 

 

 

Критерий:

- оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.  

Тапсырма №2

Атмосфералық қысым, температураға  байланысты өзгерісі және жел өрнегін салуға арналған есептарді шығарады.

1-мысал. Ең жоғарғы тәуліктік температура +30ºС, ең төмен температура +20ºС болса, тәуліктік ауа амплитудасын анықтаңдар.

2-мысал. Сағ.1-де +5ºС; 7-де -2ºС; 13-те +10ºС; 19-да +9ºС болғанда тәулік ішіндегі орташа температура мен ТА анықтаңдар, ауа температурасының өзгеру графигін сызыңдар.

3-мысал. Теңіз деңгейіндегі  атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?

4-мысал. +30ºС 17г су болған жағдайда салыстырмалы ылғалдықты анықтаңдар?

5-мысал. Тау басында атмосфералық қысым 530мм, ал тау етегінде атмосфералық қысым 760мм болса таудың биіктігі қанша?

6-мысал. Жел өрнегін салу. Оңтүстік- батыс желі бір айда 4 күн;

батыс желі 7 күн; шығыс желі 1 күн; оңтүстік-шығыс желі 5 күн;

солтүстіктен 3 күн соқса, тымық күндер саны қанша?

Критерий:

- температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді  өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды, есептейді.

 «Смайликтер» арқылы бағалау, өзара бағалау.

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Тапсырма №3 .Көрсеткіштерді қолданып климатограмманы талдаңыз.

Тапсырма №4  Қосымша мәліметтерді(температура, ауа қысымы, жел бағыты, ылғалдылық, жауын-шашын мөлшері) қолданып Қазақстанның синоптикалық картасын құрыңыз. Қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен, шілде айының көрсеткішін -қызыл түспен бейнелеңіз.

Көрсетілген ресурстарды талқылайды















Дескриптор:  Білім алушы

-ауа райының негізгі элементтерін барлық сипаттамаларымен сәйкестендіреді;

-негізгі ауа райы құбылыстарын мазмұндайды, климаттық картада белгіленулерін анықтайды;

- кескін картада ауа-райы элементтерін шартты белгілермен көрсетеді;

-суретте берілген ауа райының негізгі элементтері мен құбылыстарын сипаттайтын метеорологиялық құралдарды сәйкестендіреді

Дескриптор:  Білім алушы

 - температураның тәуліктік өзгерісін есептейді;

 - температураның биіктікке байланысты өзгерісін есептейді;         

 - тәуліктік амплитуданы есептейді;

 - атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін есептейді;

 - желөрнегін сызады;


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау









ҚБ: «Баспалдақ» әдісі 1.Білімім төмен

2.Орташа 3.Орташадан жоғары 4. Жоғары










ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау

Ашық сұрап-жауаптар










Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі