400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ауа райын болжау" 4 сынып (оқыту тілі қазақ тілінде емес)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары «Тексерілді ДОІЖО___________________

Күні: 17.01.20ж

Мектеп: М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалім: Раимкулова Гулжазира Тажибаевна

Сыныбы:4 «А, Б, В»

Қатысқан: 15 Қатыспаған:0

Сабақтың тақырыбы:

Ауа  райын болжау                                                                                

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/ауа райы бойынша кесте толтыру/кластер құрастырады/ болжайды

Бағалау критерийі

-мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

-сөйлемді толықтырады, түйінді тұстарын анықтайды

-Синоптиктер жайында хабары бар, болжайды,

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаты

 

Оқушылардың барлығы орындай алады: ауа райы туралы айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Метеорология туралы біледі. Ауа райының  болжаудың  маңыздылығын  түсінеді, сурет бойынша сөйлем құрай алады

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсат:

Метеорология, тұман, қар, бұршақ, ауа, ашық, бұлт

Құндылықтар


Пәнаралық байланыс:

Математика, әдебиеттік оқу,қазақ тілі

Алдыңғы оқу:

Жыл мезгілдері

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

 жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер


Ресурстар:

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ 3 МИН







ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ 10 МИН

1-деңгей (білу, түсіну):















ЖАҢА САБАҚ

2-де ңгей 17

(қолдану, талдау):


Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды ахуал орнату.

Шаттық шеңбері

Оқушылар бір біріне (бір сөзбен) жақсы көңіл күй сыйлау. (бақыт, қуаныш, күлкі, шаттық,мейірім, денсаулық, шапағат, мейрімділік, кішіпейәлділік, кешірімділік,құрмет, іззет т.б)

«Қар кесегі» әдісі арқылы өткен сабағымызды пысықтап үй жұмысын тексеріп, бағалаймыз әрі үй жұмысын тексеру барысында жинаған ұпайларың арқылы топ атын анықтаймыз.Үй жұмысын тексеру 63 бет 2 тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрау.

Қ – 1. Төбешіктен сырғанау

А- 2. Шаңғы

Р- 3. тоңу

Ж- 1. мұз

Е – 2. Аққала жасау

Л– 3. қырау

К-1.қырау

Ү-2. үйрету

Н-3.мәнерлеп сырғанау

.- қарды домалату

Әр дұрыс жауап үшін алған ұпай парақшаларыңның артындағы әріптерден белгілі бір мағына беретін сөз құраңдар . Шыққан сөз сендердің топтарыңның аттары.

Ал енді балалар топтың атын анықтап алдық. Енді бізге топ басшысы керек. Топ басшысын анықтау үшін отырған орындықтарыңның арқасынан топ басшысы деген жапсырма белгіні іздеңдер. Топ басшысы деген белгі кімнің артында тұрса сол оқушы топтың басшысы болып, бағалау парақшасын жинап отырады.
Қар, Жаңбыр, Күн балалар енді мұхият ойланыңдар. Табиғат құбылыстарының бұл түрлері нені білдіреді ?

Оқушылар жауабы: Ауа-райын білдіреді

Иә, дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл құбылыстар ауа райын білдіреді, болжайды. Демек бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ауа – райын болжау.

Слайд, суреттер, термометр, таратпа материал

Дар



 

Миға шабуыл

Ал енді балалар тақырыпты жақсы түсіну үшін бейнежазба тамашалайық.
-Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС.
Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Ауа райы болжамын синоптиктер бақылайды. Ауа температурасын көрсететін құрал термометр деп аталады.

Метеорология (грек. метеора-аспан  құбылысы және логос  - ғылым) –аспан мен оның өзгерісін  зерттейтін ғылым

Тыңдалым. Бейнежазбаның мазмұны бойынша бағыттаушы сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді. 3- сұрақ

(1 тапсырма)

  1. Сұрақ ауа райы дегеніміз не ?

  2. Қыс мезгілдеріндегі ауа райы қандай болады ?

  3. Ауа райының шартты белгілерін атап ажыратып көрсет ?

Ал енді балалар оқулығымыздың 64 ші бетін ашып, дәптерімізге бүгінгі күнді жазамыз.

Жазылым. Бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздер. Сөздік дәптермен жұмыс.

Тұман- туман

Бұршақ- град

Көктайғақ-гололед

Қар- снег

Жаңбыр – дождь

Ауа – райы- погода

Жаңа сөздерді пайдаланып бірнеше сөйлем құраймыз.

Айтылым. 1-тапсырма. Кестемен жұмыс. Кестеге қарап әр топ апта күндерін таңдап, ауа-райын болжап, оқып береді. Өз ойларын анық, нақты жеткізген топ күн шуағымен бағаланады. (2 - тапсырам) мазмұнын топта талдайды.

Есте сақтау.Метеорологиялық станция - тұрақты метеорологиялық бақылауға арналған мекеме.

Оқылым;2 тапсырма. Метеорологтердің күн райы жайлы болжамдарын әр топ түсініп оқып, бұл құбылыс жылдың қай мезгілінде болып жатқанын анықтау, аударма жасау.

(3 тапсырма )

Сергіту сәті. Жаттығу «Күн райы қандай» әні 1,40 мин

Жазылым: ЖЕКЕ ЖҰМЫС. Ізденейік. Оқулығымздағы 66 бет 5 а тапсырмада ауа райы туралы туыстарымызға, жақындарымызға хабарлама жазамыз.

Үлгі; Туыстар, көршілер, ДОСТАР !

Ертең күн райы.... болады. .........киініңіздер......... айтуынша , сынып бағанасы таңертең ..... көрсетеді. Ал кешке .......көрсетеді. Баршаңызға сәтті күн тілеймін !

(Тірек сөздер: бұлтты, жылы, Ауа райын болжаушылардың, - 10 ды , - 20 ны көрсетеді,)

Бейнежазба























Топтық жұмыс

















Жеке жұмыс

САБАҚТЫ БЕКІТУ 5

1-деңгей (білу, түсіну):

Сендерге жаңбыр тамшысы арқылы жұмбақ жасырайын, жұмбақты шеше отырып, сабағымызды бекітеміз

Тереземнің әйнегін Көзге ілінбейді,

Жуады  бірақ сүртпейді Жұтсаң білінбейді

(жаңбыр)                                                (Ауа)    

Жайған жастық сөгілді, Ақ сандығым ашылды
Аппақ мамық төгілді. Ішінен жібек шашылды
(Қар). (Күн)



Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)


2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

Балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында «КҮН ШУАҒЫН ШАШАДЫ» ойынын ойнаймыз.

1. Ауа райын  бақылау не үшін қажет?

2. Ауа райынының  қандай  құбылыстарын білесің?

3.Ауа райы болжамын кімдер анықтайды ?

4. Ауа райы болжамын қалай білуге болады ?

5. Ауа температурасын көрсететін құрал не деп аталада ?

6. Сынап бағанасы + 18 градус болса күн қандай болады ?

Жұптық жұмыс

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

 

Ауа райы, ашық, жарқырайды, жауады, соғады, жақсы ауа райы адамдарды қуантады, жұмыс, көңіл- күй сөздерін пайдаланып  сөйлем құрастыру.

Топтық жұмыс

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА 2 МИН

1-деңгей (білу, түсіну)

Ауа райын болжау.

Халықтық ауа райын болжау туралы мәліметтер тауып, жазып келу. Үлгі: Күн қызарып батса ертеңгі күн жылы болады. Аспанда жұлдыз көп болса күн ашық бұлтсыз болады.

              

(Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

.Бір апталық ауа райын болжау.

(ақпарат көздерін пайдалану )

            

БАҒАЛАУ 3 МИН

 

Қалыптастырушы және  жиынтық бағалау

 

 

Кері байланыс

 

Нені білдім

Нені үйрендім

Нені үйренгім келеді

 Күн суреті

 Жаңбыр тамшысы

 найзағай



 

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырма ны қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс –

денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-менбайланыс.

құндылықтарменбайланыс

(тəрбиеэлементі)







Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?


Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі