Материалдар / Ашық сабақ "Ауа"."Ауаның қасиеттері" №26 мектеп балабақша КММ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ауа"."Ауаның қасиеттері" №26 мектеп балабақша КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауа туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері.

Мақсаты: Балаларға бағыт-бағдар бере отырып ауаны таза сақтауға тәрбиелеу,жеке жұмыс істеуге машықтандыру, ауа жайында зертханалық түсінік беру. Тақырып мазмұнын меңгерту.Ауаның серпімді,сығымды екенін және түссіз, иіссіз, дәмсіз, мөлдір екенін дәлелдеу.

Міндеті: Балалардың ауа туралы өз түсініктерін бекіту,оның ерекшеліктерімен таныстыру,өз беттерінше тәжірибе жасауға үйрету.Сумен жұмыс істеу.

Түзету -міндеті: Қорытынды шығары білу қасиетін, шығармашылық ізденістерін дамыту.

Түзету-тәрбиелік міндеті: Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап,,ой қозғау, жұмбақ жасыру ,ойын, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: 10түтікше,10 стақан, су,шар, пакет, веер су құйылған 10 стакан

Сөздік жұмысы: Ауа түссіз, иіссіз, дәмсіз, мөлдір.

Сәлеметсіздер ме балалар.Балалар қане бізге келген қонақтармен амандасайық(балалар амандасады)

Мотивациялық қозғаушылық.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

Қазір қыстың қай айы?

-Қаңтар айы.

Ғажайып сәт.

- Есік қағылады.Балалар кім екен?Мен барып,көріп келейін.Балалар бізге пошташы ағай хат пен бірге шар әкеліпті. Ашып көреміз бе? Сәлемдемені біздің досымыз - Самал жел жіберіпті.Не бар екенін көрейік.Самал жел бізге мынадай хат жазыпты:

«Шардың ішінде не жасырылғанын табыңдар.Оның ішінде не болуы мүмкін?»

Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды.Олар өз пікірлерін айтады.

Педагог шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.

- Менінше, шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты.Өйткені оның жібін шешкенде, дыбыс шыққан сияқты болды.

- Шардың ішін боcатқанда, одан ауа шықты.

Ауаның қандай қасиеттері бар?

Ауа – мөлдір.Ол арқылы барлық қоршаған заттарды көреміз.ауамен дем аламыз,бірақ біз ауаны көрмейміз.Ауа бізді үнемі қоршап тұрады,ол судан жеңіл.Ауаның иісі болмайды,балалар жел де ауа арқылы қозғалады екен. Тіпті ауа адамның ішкі құрылысында да бар екен. Олай болса бізге ауаның барлық жерде бар екені белгілі болды.Ендеше бүгін біз тобымыздағы зертхана бұрышына барайық.

- Ауа тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жүргізіп көрейік.

Балалар тәжірибе жасауға дайындалады.

Өз орындарына жайғасады.

- Біз мұрнымызбен не істейміз?

- Біз мұрнымызбен тыныс аламыз.

- Біз немен тыныс аламыз.

- Біз ауамен тыныс аламыз.

-Ягни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады.Кәне бәріміз тексеріп көрейік.





Жаңа тәжірибе:

1-тәжірибе.

Пакетті алып ішінде не бар екенін қараймыз.(Ауа)

Пакетті бірнеше рет бүктейміз.Қараңдаршы, ол сондай жұқа екен.Біз енді оны жоғары көтеріп, қысамыз

- Пакет қандай болды? (Қатты)

-Пішіні бола ма? (Жоқ)

Енді ақырындап қысып ауаны шығарамыз.Пакет тағы да жұқарып қалды.

-Неге? (Ауа түссіз, біз оны ұстап көре алмаймыз). Бірақ біз ауаны ұстадық және пакет ауа толтырып, сонан соң оны жібердік.

2- тәжірибе. «Ауа адамның ішінде».

Түтікшені үрлеп су толы стақанға салып бақылау.

-Балалар түтікшені стақанға салып, үрлейік. Суды үрлегенде судың бетіне не шықты?

-Көпіршік бұл – ауа.

-Міне,көрдіңдерме, ауа біздің ішімізде бар.

-Балалар қалай ойлайсыңдар ауада иіс бар ма?(жоқ)

-Дұрыс айтасыңдар ауаның иісі жоқ.Түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадыңдар ма?

Мысалы: асханада, шаштаразда, дәріханада иіс бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектермен араласады және біз әр иістерді сеземіз.Міне қараңдар мен спрейді алып таза ауаға себемін, балалар қандай иіс сезініп тұрсыңдар? (тәтті,әдемі) Бірақ таза ауада иіс болмайды.

-Балалар, сендерге тәжірибе ұнады ма? (Ұнады).

-Балалар топтың іші ысып кеткен сияқты,ендеше алдымыздағы жатқан веерды алып,өздеріңе қарай желпіңдерші.

-Не сезіп тұрсыңдар?(жел)

- Ендеше жел ауа арқылы қозғалады екен.Жақсы балалар жарайсыңдар.

Балалар біз кішкене бой жазып серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Жақсы балалар кішкене дем алып алдық ,енді ойын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын:«Ажырата біл »

Ойынның шарты: Ауаны ластайтын және ауаны қажет ететін суреттерді екіге бөліп топтастырып, суреттерін тауып ажырату.(Шаңтозаң, көліктер,өрт,кемелер,өсімдіктер,адамдар, ағаштар,жануарлар т.б).

-Балалар, мен енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,сендер мұқият тыңдаңдар.

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.(Ауа)

Жер жүзіндегі тірі организмдерге де ауа керек.Олар адамдар,жануарлар,құстар және өсімдіктер!

 Қорытынды.

-Бізге ауаның барлық жерде бар екені белгілі болды.

-Ауа бізді үнемі қоршап тұрады.Ол судан жеңіл.

-Ауа адамның ішкі құрылысында да бар.

-Ауасыз өмір сүре алмаймыз.

-Ауаның иісі болмайды, бірақ басқа иісті сезіндіреді.

-Жел ауа арқылы қозғалады.

-Ауамен дем аламыз, бірақ ауаны көрмейміз.

-Жарайсыңдар!

-Балалар бүгінгі берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.

-Ал балалар, қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!