Ашық сабақ Аялай біл-сен деп соққан жүректі 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Аялай біл-сен деп соққан жүректі 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Окушылардын ой өрісін дамытуға және адамгершілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аялай біл - сен деп соққан жүректі

Пәні: Өзін- өзі тану

Мұғалім: Бердисугирова Кания Копжасаровна   

Тақырып: Аялай біл - сен деп соққан жүректі            

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;
- жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамту;
- жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  Оқушыларды түгендеу.

  Оқушыларды бір, екі, үш деп санатып, топқа жұптастыру.

    1-топ. Сүйіспеншілік

    2-топ. Ақиқат

    3-топ. Дұрыс әрекет

Ресурстар: (құралдар,

мәліметтер)

   Әңгімелесу (сұхбат)

   Сұрақтар:

  1. «Аялау», «қадіріне жету», »қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
  2.Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма?
  3. Достықты бағалай білесің бе?
  4. Сендер бір-бріңді қалай сыйлайсыңдар?
  5. Біреуге ренжіген уақытта қандай күйде боласыңдар?


Дәйексөз

«Табиғатағы барлық жылу күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан»

Дәйексөзден қандай ой түйдің?

Дәйексөздің мағынасын ашу.


Оқиғаларды әңгімелеу  (Сұхбат)

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

- Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

- Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

- Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

- Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

1. Балалар не себепті келісімге келе алмады?
2. Ана өз сүйіспеншілігін қалай көрсетті?
3. Риясыз  сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Қорытынды:

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейірім алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!


Жағдаяттарды талдау            
1 топқа: Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс-әрекеті дұрыс па? Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2 топқа: Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата-анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
3 топқа: Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да, ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады.
Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес берер едіңдер?


Тапсырма

1-топ. Ата-аналарыңа,

2-топ. Ұстаздарға,

3-топ. Достарыңа айтатын тілектеріңді жазып, оқисыңдар.


Шығармашылық жұмыс. (топпен жұмыс)

  1-топ. Ана тақырыбына арналған өлең оқу.

  2-топ. «Ананың мейірімі» тақырыбында сахналық көрініс көрсету.

  3-топ. «Дос қандай болу керек?» эссе жазу.


  «Соқыр ана» фильмінен көрініс.


Топпен ән айту.

 «Ана туралы жыр»

     Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

  Әні: Ш.Қалдаяқовтікі


Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.  
Даланың әр гүлін  
Жинадың сен маған
Сен бердің құстардың  
Қанатын самғаған.  
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап                                                                      
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,  
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,   
Анашым, жан сырым.                                                         
Іздедім сен үшін                                                                   
Әлемнің асылын.                                                                     
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.                                                          
Сыйлар ем ай, күнін                                                            
Қолыма түспеді.
Қайырмасы.


Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңғы тыныштық сәті.


Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі