400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "АЯЛЫ ҰСТАЗ - АРДАҚТЫ АНА"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Компьютермен гүлдің суретін салдыру, оригами техникасында гүл жасауды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«№8 «Алтын сақа» балабақшасы МКҚК

_____________директоры А. Қ. Абилова

Shape1

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «АЯУЛЫ УСТАЗ – АРДАҚТЫ АНА!»



Picture 1

Дайындаған:

Информатика маманы: Раку А.М.

Қатысқан топ: МАД «Жұлдыз» тобы

Күні: 26.09.2017 жыл





2017 – 2018 оқу жылы

«Ұстаздар күні» мерекесіне арналған «Аяулы ұстаз – ардақты ана» атты ашық оқу қызметі.


Мақсаты: Балаларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Компьютермен гүлдің суретін салдыру, оригами техникасында гүл жасауды үйрету.
Көрнекіліктер: Ұстаздар бейнеленген слайд, компьютер және оригамиден жасалған гүлдер.

Барысы: Балалар кабинетке кіреді, шеңбер бойына тұрады.

Шаттық шеңбері:

Шаттық болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін құаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  • Жарайсыңдар балалар келген қонақтарымызбен амандасып алайықшы. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: күз мезгілі.

  • Күз мезгілінде неше ай бар? Оларды атап өтейік.

Балалар: Қырқүйек, қазан, қараша.

  • Тамаша балалар, ал сендер қандай мамандықтарды білесіңдер?

Балалар: Дәрігер, жүргізуші, мұғалім.....

  • Тамаша балалар, сендер көп мамандықтарды білесіңдер екен. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын сендер оның шешуін табыңдар.

Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз)

  • Дұрыс таптыңдар. Балалар білесіңдерме ұстаздар, мұғалімдер күні күз мезгілінде, қазан айында аталып өтеді. Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
    «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
    Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

  • Балалар сендер ұстаздар жайлы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Айлара: Ұстазы жақсының ұстамы жақсы!



  • Жарайсың Айлара. Балалар, ал сендер білесіңдерме біздің «Алтын сақа» балабақшамызда көп деген ұстаздар бар, ол біздің күнделікті балабақшамызда анамыздай қарсы алатын тәрбиеші апайларымыз. Осы тірбиеші апайларға арнап слайтты тамашалайық.


(слайд көрсетіледі).

  • Міне балалар көргеніңіздей біздің балабақшамыздың аяулы да, ардақты тәрбиеші апайлардың еңбегі зор. Біздің ең алғашқы тірбиеші апайларымыз жылағанда жұбататын, қаламды дұрыс ұстауға, пішіндерді үйретіп және көп – көп нәрселерді үйретеді оны санау мүмкін емес.

  • Балалар ал сендер ұстаздар жайлы өлең шумақтарын білесіңдерме?

Тақпақтар:

Бала бала баламыз Бегарыс

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

Ардақты мұғалім, Нұрай

Білімнің – бұлағым.

Таусылмас сен жайлы,

Тасқынды жыр әнім.





Қандай тамаша біздің апайлар риза болып отыр. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

Ойын: «Айырмашалаңын тап».

  • Балалар мына екі суретке назар аударайқшы. Суретті сипаттап, екеуінде не айырмашылық бар?

Балалар: Суретте балалар апайына гүл беріп жатыр. Екінші суретте балалар мен гүл жоқ.

  • Қандай тамаша балалар! Менде бір ой бар, біз өз қолымызбен тәрбиеші апайларымызға сыйшық жасап берсек қалай қарайсыз?

Балалар: Ия

(Балалардың жұмысы, компьютерде және оригами түрде гүл жасап береді.)

Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

Picture 8 Picture 11

(қыздар жасалған гүлдерді апайларына ұсынады.)

Балдырғанның көріп шаттық жүзінен.

Мейіріммен шапағым боп тізілген

Кеше ғана менде шәкірт болып ем,

Келем бүгін ұстаздардың ізімен – дей келе сөз кезегін ұстаздарға берейік.



Қорытынды: Балалар шеңбер бойына отырады.

  • Балалар қазір күз айында күн суытып кеткендіктен мына құмырадағы гүлдің жапырақтары түсіп қалған. Егер біз жылы лебіздерімізді айтсақ оны қалпына келтіруімізге болады.

  • Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

  • Денсаулықтарың мықты болсын!

  • Бейбітшілік болсын!

  • Отбасыңыз аман болсын!

  • Барлық қазақ елі бай болсын!

  • Болашақ жарқын болсын!

  • Қуаныштарыңыз коп болсын!

  • Балабақшамыз балаға толсын!

Picture 9

  • Міне құрметті ұстаздар бүгінгі «Аяулы ұстаз – ардақты ана» атты ашық оқу қызметімізді аяқтай келе, осы кішкентай бүлдіршіндеріміздің тілектері қабыл болсын дегім келеді. Осы балаларымыздың тілектерінен құралған гүл ешқашан солмасын!



Picture 1

4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі