15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ауаның қасиеті
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеті Бөлімше: 3.2 |
Мектеп: Батыс Қазақстаноблысы Орал қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектеп |
||||
Сынып: 3 сынып
|
Мұғалімнің аты-жөні: Альжанова Д.М
Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ауа неден құралады? |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау 3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау
|
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: ауаны құрамындағы бар оттек, азотты көмірқышқыл газын атайды Көптеген оқушылар: оттек,көмірқышқыл газын және ауа иіссіз,түссіз ,дәмсіз болатын қасиеттерін ажыратады, ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттайды. Кейбір оқушылар:зерттеу жүзінде ауа құрамын анықтап,ауаның жану қасиетіне тәжірибе жүргізеді
|
||||
Бағалау критерийі |
|
||||
Тілдік мақсаттар
|
Ауа құрамындағы оттегі,азот,көмірқышқыл газдарын айтады. Пәнге тән лексика мен терминология: Ауа-воздух-air Оттегі-кислород-chem Көмірқышқыл газы-углерод-carbon Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Ауа дегеніміз не? -Ауа барлық жерде кездесетінін қалай дәлелдей аласыңдар? -Ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер? -Ауаның құрамын атаңдар -Адам мен жануарлардың тыныс алуында қандай ұқсастық бар? -Өсімдіктер қалай тыныс алады? -Ауаның жануды қолдау қасиетін қайда пайдалануға болады? -Менің қоршаған ортаға тиер пайдам қандай?
|
||||
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық-ұжымда ,топта ,жұмыс дағдыларын құруда шешімді бірігіп қабылдауда;тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережеленін ынтымақтастықпен түсіндіріледі. Құрмет-қоршаған ортаны және тазалықты сақтауды (топтық,жеке жұмыс кезінде)құрметтеуге үйретеді |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі (Ширату кезеңінде,топтық жұмыс кезеңінде) .Сабақ барысында сұрақ-жауап тәсілінде әңгімелеп сипаттау барсында,жүйелі ойын жеткізуге төселеді Дене шынықтыру: (Сергіту сәтінде,тыныс алу жаттығуларын жасағанда) |
||||
АКТ қолдану дағдысы |
Интерактивті тақта, «Ауаның құрамы» бейнеролигін көрсету. ‘Bilimland’ сайтынан сәйкестіндіру тапсырмаларын орындайды |
||||
Бастапқы білім |
Оқушылар заттардың қасиетін сипаттауды,қандай күйде болатынын біледі (қатты,сұйық,газ) |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 минут |
3 топқа бөлініп отырады. Ширату (Ұ.С.) «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы қорап ішінен сұрақ жазылған қима қағаздағы сұрақтарға жауап береді. -Суретте қандай заттарды көріп тұрмыз -Қатты заттарға мысал келтіріңіз? -Су-қандай агрегаттық күйде бола алады? -Газ тәрізді заттарға мысал?
Өткен сабақты бекіту мақсатында пысықтау сұрақтарын қойып болған соң ,жаңа сабаққа кірісемін Жұмбақ жасырамын Көзге ілінбейді,жұтсаң білінбейді(ауа) - Жұмбақта жасырылған зат қандай күйде болады? Адам өміріне, өсімдіктерге және жануарларға қажетті заттарды атаңыз. (Ауа) Сабақ мақсатымен таныстырамын.
|
Сурет интернет желісінен алынды
|
|||
Сабақтың ортасы 5 минут
8 минут
2 минут
5 минут
10 минут
|
(Ж.) Оқулыктағы суретпен жұмыс Тапсырма. Сұраққа жауап бер «Ойлан,жұптас,бөліс!» Мақсаты: Заттардың себеп-салдар байланысын анықтау, Жер ғаламшары мен Марс (Қызылжұлдыз) ғаламшарларын салыстыру. Оқулықта берілген ғаламшарлардың суреті бойынша әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру. Жетекші сұрақтар: - Жер ғаламшары мен Қызылжұлдыздың түстері қандай? - Ғаламшарлардың қайсысы қызыл түсті? - Жер туралы не айта аласың? -Қызылжұлдыз ғаламшары неліктен қызыл түсті деп ойлайсың? - Қызылжұлдызда тіршілік бар ма? Неге олай ойлайсың? - Оқулық кейіпкерлерінің қайсысын Қызылжұлдызға жіберер едің? Неліктен? - Скафандр не үшін қажет? Ойыңмен бөліс.
Қ
Ауа жөнінде бейнекөрініс
Тапсырма бойынша саралау ТЖ 1- тапсырма «Ойлан тап»
Дескриптор: -Ауаның қасиетін сипаттап жазады ҚБ:Дескрипторға сүйене отырып бағалап,ауа тамшылары бейнесі суретіне «Жарайсың», «Керемет жауап» деген сөздер жазып үйлестіремін. 2 –тапсырма «Анықтап көр» Ауаның құрамын анықта (МК, Т) (С)Оқушыларды ойланту үшін «-Ауа құрамындағы газдар банкідегі текшелер сиақты тәрізді топтанып тұра ма ?»-деген сұрақ қойамын. Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын. Ауа құрамының үлгісін жасау үшін, топтағы оқушыларға әртүрлі материалдарды ұсыныңыз . «Негізгі міндет - ауа газдардың қоспасы екенін дәлелдеу. Модельдер нұсқасы: 1)Үлкенірек шыны банкаға 78 ақ түсті, 21 көк түсті, 1 қызыл түсті шарларды салып көрсетіңіз.. Оқушылар бұл ыдыстағы шарлар ауаның құрамын көрсететінін айтады. Банканы сілкіп, барлық шарды араластырыңыздар. Оқушылардан не байқағанын айтып беруді, қорытындылауды сұраңыз. Балалар ауаның газдардың қоспасы екенін айтады (текшелер араласып кетеді) Кестеге газдардың қанша пайыз екенін жазады.
Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: - Ауа неден тұратынын анықтайды; -Азот,оттегі,көмірқышқыл газы қанша пайыз болатынын жазады ҚБ:«Үш шапалақ » әдісі арқылы бағалаймын
3 –тапсырма «Пікірлер алаңы» Қай жерде тыныс алу жеңіл?Өз ойыңды жазыңыз
Дескриптор Білім алушы: - Әр оқушы өз жорамалын айтады - Ауаның құрамы неліктен өзгеретінін біледі ҚБ :Дескриптор арқылы оқушыларды бағалаймын Жапондық әдісті қолданып,басқа топтан өз ойларын айтатындары болса айтқызамын.
Сергіту сәті Асинхронды жаттығулар Оң қолымен мұрынды ,сол қолымен құлақты содан соң керісінше,сол қолымен мұрын оң қолымен құлақты ұстаймыз(3 рет қайталаймыз)арасында шапалақтаймыз (Ұ.)(ОТ) «Бұрын - кейін». Оқушылардан «Жануға ауаның қолдауы бар ма?» -деген сұрақ туралы ойлануды сұраймын. Ол үшін «Алдыңғы» кестесінің бағанына өзіңіздің жорамалдарын жазады.. Тәжірибеден кейін қорытындыны «Кейін» кестесінің бағанына жазады. Алдын ала үш балауыз және 1 литр көлемдегі шыны ыдыс (стакан) дайындаңыз. Дайындалған үш балауызды шырпымен жағыңыз. Оқушылардан осы бетінде жанып тұра берсе, не болатынын сұраймын.. Егер еш нәрсе кедергі келтірмесе, білтесі жанып бітіп, балауыздар түгелімен еріп кетеді деп жауап беруі мүмкін. Жанып тұрған балауыздың біреуін стаканмен, ал келесісін 1 литр көлемдегі ыдыспен жапса, не болуы мүмкін екенін болжауларын сұраймын. Жауаптарын тыңдап болған соң, жанып тұрған шырақтың біреуін шыны ыдыспен жабамын.. Оқушылардан нені байқағандарын сұраймын.. Шырақ өшіп қалды. Неліктен? Ыдыспен жапқанда ауа бармай қалды. Ауа жолын бөгеген соң не болды?- деген сұрақ қойамын.. Ауа жолын бөгеген соң шырақ сөніп қалды. – Қай ыдыстың астында жану ұзаққа созылды ? Неліктен? От жану үшін ауа керек. Дескриптор: -Кеңістікте жанып тұрған шамды сипаттайды -Шыны ыдыс ішіндегі майшамды сипаттайды -Ауаның жану қасиетін сипаттайды
ҚБ: дескрипторға сүйене отырып оқушыларымды бағаладым
Міндетті түрде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске түсіріп,оқушыларға қауіпсіздік ережесін айтып кетемін
|
3 сыныпқа арналған жаратылыстану оқулығы бет 72
https://bilimland.kz/upload/contect/lesson/14760/media/ жүктеп алынды
Сурет интернет желісінен алынды
Тапсырма Жаратылыстану оқу жоспары 2018-2019 о ж 3 сынып,бет-53 алынды
Суре интернет желісінен алынды
Тапсырма http://smk.edu.kz/ сайтынан алынды
Үш балауыз,1 литрлік шыны ыдыс,сіріңке
Тапсырма Жаратылыстану оқу жоспары 2018-2019 о ж 3 сынып,бет-53 алынды
Сурет интернет желісінен алынды |
|||
Сабақтың соңы 5 минут
|
(Ө.) Семантикалық картамен жұмыс Әр оқушы алдына алдына кәртішкелер үйлестіріледі. Алдымен оқушылар өздері толықтырып жазады,содан соң Bilimland сайтынан көрсетемін.Егер оқушылар қате жазған болса өз қателерін түзейді. Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Ауаның құрамында 78% азот, 1% көмірқышқыл газы, 21% оттегі болады. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды. Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, оттегін шығарады.Сөйлемдер бойынша жұмыс жүргізеді. Дескриптор -Ауа қабатын белгілейді -Ауаның құрамын анықтап ,белгілейді -Атмосфера ұғымын біледі Асты сызылып тұрған сөздер семантикалық картада жазылмайды.
ҚБ. Дескриптор бойынша өздерін бағалайды.
Рефлексия «Күн және бұлт»
Ауа құрамында қандай газдар бар екенін және ауаның қасиеттерін.......
-
әлі де сұрақтарым бар
|
Bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu 68 сабақ Семантикалық карта
|
|||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Сиқырлы қорапша» әдісінде өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақтар қарапайымнан күрделіге қарай сараладым. 2.Топқа оқушы қарқынына байланысты тапсырма бергенде сараланып берілді |
«Сиқырлы қорапша»әдісі арқылы өткен тақырыпты бекіту кезінде «жарайсың,жақсы» деген мадақтаулар қолданылды , Дескриптор арқылы саралау тапсырмасын орындағанада «Үш шапалақ » ,«Жапондық бағалау» әдісі қолданылды.Өзіндік жұмыс кезінде оқушылар дескриптор арқылы өзара бір-бірін бағалайды.
|
«Ауаның құрамы»туралы бейнеролик көрсетілген соң проектор өшіріп қоямын.Ауаның жану қасиетіне тәжірибе жасағанда қауіпсіздік ережесін оқушыларға алдымен айтқызып аламын,содан соң өзім де толықтырып кетемін. |
|||
Б:
«

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген