15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ауаның құрамы" 4-сынып
Ашық сабақ
Дүниетану
Тақырыбы: Ауаның құрамы
4 «б» сынып Саурбаева С.Ж
Шу қаласы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Дамытушылығы: олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу Типі: жаңа білімді игеру Түрі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, топтастыру, тәжірибе жасау. Көрнекілігі: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, тәжірибе үшін шар, доп,бір стакан су. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі 1.Психологиялық дайындық Қоршаған орта табиғат, Жануар, өсімдік, адамзат Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 1.Суды пайдалану 2.Суды ластайтын заттар 3.Ластаған суды тазарту
ІІІ.Жаңа сабақ Жұмбақ жасыру Бар ма ,жоқ па, оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір жүріп жүрмейсің (ауа) Дәптерге бүгінгі күннің жадын, тақырыпты, ауа райын жазу. –Бізді қоршап тұрған не? (ауа) Түсіндірмесі.
ІV.Тәжірибе жасау. Аузыңды жауып, танауыңды қыс. 1)Ішіңнен сана не байқадың? 2)Тұншықтың, саған не жетіпеді? 3)Ыстықтап терледің, қолыңа желпеуіш алып желпи бастадың, неге? Ауа бетке соққанда салқындадың, терің басылды, сен оны сездің. Көрдің бе, көрген жоқсың.Бірақ сездің.Неге? «Алғыр» тобына:Бір стақан суға бір түйір қант сал.Не байқадың? «Білімділер» тобына:Ішінде су құйылған ыдысқа стақанды төңкер.Стақанға су кірді ме? «Ойшылдар» тобына : Шарды үрлегенде ол неге торсияды? Саусақпен мұрын қысайық Әншіге біраз ұқсайық Әрбір сөздің дыбысы Қандай екен ұғайық -Сонымен, балалар, тәжірибе арқылы ауаның сығылатынын, серпілетінін байқадыңдар. Схеманы сызу (топтастыру)
иіссіз
Мөлдір,түссіз
серпіледі
Тыныс
алу үшін
Ауа
Пішіні
жоқ
сығылады
V.Оқулықпен жұмыс. 1)Тізбектеп оқу 2)Жеке оқушыға оқыту
V
Азот
көмірқышқыл
газы
Оттегі
Сұрақтар. 1-топ. Терезе неге екі қабатты? 2-топ.Қыста тон, қолғапты неге киесің? 3-топ. Сыныптың ауасын қалай тазартасың?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту. Тәжірибе жасау. Май шам жағып ыдыспен жабу, ыдыспен жабылған май шам сөнді.Неге?
Қорытынды: От жану үшін ауа керек.Ауа әр түрлі газдардың қосындысы. Азот, оттегі,көмірқышқыл газы.
VІІІ.Ауа, жел, дауыл туралы жұмбақ, мақал, жаңылтпаш айттыру.
ІХ.Бағалау
Х.Үйге тапсырма.Түсініп оқу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген